Мыза Владимир Иванович (1922-1944 гг.), Кеңес Одағының батыры
| |
Мыза Владимир
Иванович 1915 жылы Өскемен қаласында жұмысшы семьясында дүниеге келген. Соғыстың
алғашқы күндерінен -ақ әскерге аттанып, әскери училищенің курсанты болды. 1942
жылдың июнь айынан бастап, майданда рота командирі, батальон командирінің орынбасары
болды. | 1943 жылы ноябрьдің 25-нен
26-на қараған түні 60-шы гвардиялық қызылтулы атқыштар дивизиясының гвардия капитаны
Мыза басқаратын 185-ші атқыштар полкі Днепрден сәтті өтті. Жауды траншеясынан
қуып шығып, плацдармды басып алды. Үш күн бойы дұшпанға ауыр соққы бере отырып,
батальон 14 шақырымға алға жылжыды.
1944
жылы 5 февральда Днепропетровск облысының Мало-Ивановка деревнясын азат ету жолында
жау снарядының жарықшағынан қаза тапты. 1944 жылы 22
февральда Владимир Иванович Мызаға қаза тапқан соң Совет Одағының Батыры атағы
берілді.
|