Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Ахметов Қ. Ғ.

Ахметов Калибек Газизович

Ахметов Қалибек Ғазизұлы (1955-1982) - аға лейтенант, арнайы жасақ бөлімінің командирі.

1955 ж. 25 желтоқсанда Семипалатинск (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Жаңасемей (қазіргі Бородулиха) ауданы, Шақаман ауылында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетінде оқиды. Екінші курстан кейін И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесіне оқуға түседі. 1976 ж. әскери училищені аяқтап, Семипалатинск гарнизонына қызметке келеді. 1981 ж. қазан айында арнайы жасақ тобының командирі болып тағайындалады.

1982 ж. сәуір айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.

1982 ж. 15 мамырда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Шақаман ауылында жерленген.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Қалибек Ахметовтың туып-өскен жері Шақаман ауылындағы көшеге батырдың есімі берілген.

Қ. Ғ. Ахметов туралы әдебиет

Литература о Ахметове К. Г.

Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 32-33.

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – Б. 74.

Интернет ресурстар

Шығыс Қазақстанның Ауғанстан жерінде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлері http://www.vkoem.kz/index.php/levoberezhnyikompleks/voennyikompleks/-lauan-asret-kees-odayny-soy-soysy-1979-1989r-ekspozicziyasy/788-voiny-internaczionalisty-vostochnogo-kazaxstana-pogibshie-na-zemle-afganistana  

***

Ахметов Калибек Газизович // http://afgan.ru/memorial/85ahmetov-kal-gaz-afgan-.html

Ротный батяня // http://www.afgan.kz/kniga/avoku/ahmet_o.htm