Известные имена

Ақаев Х.

Ақаев Хасен – қоғам қайраткері, кәсіпкер, ағартушы, Алаш қозғалысының өкілі.Ақаев Хасен (1860-1931) – қоғам қайраткері, кәсіпкер, ағартушы, Алаш қозғалысының өкілі.

1860 жылы Семей облысы, Қарқаралы ауданы, Қу болысының №1 ауылында дүниеге келген. Білімі бастауыш. Ол 16 жыл бойы Қу болысын басқарды. Хасен Қу болысында үлкен беделге ие болды. Онсыз Қоянды жәрмеңкесі ашылмайтын, өйткені жәрмеңке оның иелігіне қарайтын жерде өткізілетін. Сонымен бірге, ол қайырымдылық, селекция ісімен айналысты. «Айқап» журналын жаздырып алып, қазақ мұғалімдері мен фельдшерлерге таратты.

Ол тұңғыш рет Қу болысында Ресей мемлекеттік Халық ағарту министрлігі арқылы европалық үлгідегі ауыл мектебін ашты. Ауылшаруашылығы көрмелеріне қатысты.

1917 жылы Қарқаралыда қазақ уездік комитеті құрылды. Совет мүшелігіне Қу болысынан Хасен Ақаев пен Нығмет Нұрмақов жіберілді. Келесі күні мұнда «Товарищество мелкого кредита» мүшелерінің жиналысы өтті. Басқарма төрағасы болып Хасен Ақаев сайланды.

1905 жылы Ақаев Хасен (Әлихан Бөкейхановтың өтінішімен) дала жиналысының ұйымдастырушысы болды, онда 1905 жылы 22 шілдеде Қарқаралы уезінің сенімді өкілдері Ақ патшаның атына петиция жазып қолдарын қойды. Онда алым-салықты азайту, шаруа башылары институтын жою, дінисенім еркіндігін алу, сайлауға қатысу мәселері айтылды.

1923 жылы Хасен Ақаев Қоянды жәрмеңкесін бес жылғы үзілістен кейін жаңғыртуға ықпалдық етті. Жәрмеңкеге «Текстиль»,«Синдикат»,  «Кирцентрторг»,«Кожсиндикат», «Сибторг» бірлестіктерінен өкілдер қатысты. Саудагерлер  Мамраев, Хайбулин, Анашин және Шеломенцев өз тауарларын ұсынды.

1925 жылы Қоянды жәрмеңкесінде Семей қ. журналист Н.И. Анов бір ай болды. Ол дала елінің сауда ісін қызыға зерттеді. Кейіннен Анов жақын араласқан көптеген адамдардың есімдері оның «Крылья песни» романынан орын алды. Солардың ішінде Хасен және Мағат Ақаевтар бар, бірақ романда олар Ақбаев Сәкен және Ахмет деп өзгерген.

Қазақстандағы ауқатты адамдардың шаруашылығын тәркілеуге әзірліктің жүруі себепті  Х.Ақаев басқа жерге қоныс аударуға шешім қабылдады. Ақаев өмірінің соңғы жылдарын Петропавловскі мен Башқұртстанда өткізді. 1931 жылы Петропавловскіде қайтыс болды. 

1989 жылы СССР ПВС қаулысымен ақталды.

 

Х. Ақаев туралы әдебиеттері

Литература об Акаеве Х.

 

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы : Арыс баспасы, 2009. - 544 б. – Ақаев Хасен: б. 23.

Попов, Ю. Акаев из Егиндыбулака [Текст] / Ю. Попов // Индустриальная Караганда.-1992.-7 авг. - С. 4.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Акаев Хасен [Электронный ресурс] : [биографическая справка] // Министерство внутренних дел Республики Казахстан : сайт. – Режим доступа : http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_memorial/mObl10/mObl10_%D0%90/23F77D155E833527E054002655122E6A (08.02.2017)

Акаев Хасен [Электронный ресурс] : [биографическая справка] // Центр генеалогических исследований : сайт. – Режим доступа : http://rosgenea.ru/?alf=1&page=2&serchcatal=%C0%EA%E0%E5%E2&radiobutton=4 (08.02.2017)

Акаев Хасен (1857) [Электронный ресурс] : [биографическая справка] // Открытый список жертв политических репрессий в СССР : сайт. – Режим доступа :  https://ru.openlist.wiki/%D0%90%D0%BA%D0%B0%D0%B5%D0%B2_%D0%A5%D0%B0%D1%81%D0%B5%D0%BD_(1857) (08.02.2017)

Рахметуллин, Е. ЖИЗНЬ И СУДЬБА КАЗАХСКИХ МЕЦЕНАТОВ ПЕРВОЙ ПОЛОВИНЫ ХХ ВЕКА ) [Электронный ресурс] : [об Акаеве Х.] / Е. Рахметуллин // e-history.kz : сайт. – Режим доступа :

http://e-history.kz/ru/publications/view/1391 (08.02.2017)

Попов, Ю. АКАЕВ ИЗ ЕГИНДЫБУЛАКА [Электронный ресурс] : [биография] / Ю. Попов // Карагндинская областная универсальная научная библиотека им. Н. В. Гоголя : сайт. – Режим доступа :  http://catalog.karlib.kz/irbis64r_01/Kraeved/Istoriya_Karkaraly/Akaev_iz_Egendybulaka.pdf (08.02.2017)