Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Ғаббасов Х. А.

Ғаббасов Халел (Халиулла) Ахметжанұлы (1888-1931) – Алаш қозғалысының қайраткеріҒаббасов Халел (Халиулла) Ахметжанұлы (1888-1931) – Алаш қозғалысының қайраткері.

1988 жылы 1 қазанда Семей облысы Семей уезі Шаған болысында дүниеге келген. Семей қаласында бастауыш приход мектебінде, орыс-қазақ мектебінде оқыған (1898-1901). Семей ерлер гимназиясын бітірген (08.1901-06.1909). Мәскеу университетінің заң факультетінде оқиды. Кейін физика-математика факультетін аяқтап, 2-дәрежелі диплом алады. (1910-көктем 1911, күз 1911-1915). 1909 жылдан бастап 1910 ж. күзіне дейін Семей уезі Сейтен болысында ауыл мектебінде мұғалім болып қызмет істейді. 1911 жылы көктемде студенттер толқынына қатысқаны үшін университеттен шығарылады.

1917 жылы 22 маусымда – Қазақ комитеті атынан Семей облыстық жер комитеті мүшесі. 1917 ж. қазан айынан бастап жергілікті қазақ комитеттерінің белсенді қолдауымен облыстық «Алаш» бөлімдерін ұйымдастыру басталады. Семей бөліміне Халел Ғаббасов жетекшілік етті. Семейдегі Алаш уақытша комитеті құрамына Х. Ғаббасов бастаған 11 адам кірді.  Ол 1917 жылы Семей облысы атынан «Алашорданың» Жалпықазақ кеңесіне мүше болып сайланды. Халел Ғаббасов комиссия атынан автономия, милиция құру және халық кеңесі туралы баяндама жасады. 1917-1918 жж. Халел Ғаббасов Семейдегі «Сарыарқа» газетінің редакторы болды.

1918 жылы 2 сәуірде «Алашорда» төрағасы Ә. Бөкейхановтың тапсыруымен   Х. Ғаббасов ұлт мәселелері жөніндегі нарком ретінде Семейден телеграф арқылы Сталинмен келіссөздер жүргізді. Осы келіссөздер барысында Алашорда басшылары В. Ленин және И. Сталиннің талабымен «Кеңес өкіметін барлық автономды мемлекеттік құрылымдардың орталығы» деп тануға мәжбүр болды. Х. Ғаббасов келіссөз барысында ұлттық комитетті жапқан жергілікті советтердің жұмысына шағым жасады. Нәтижесінде, Орталық Кеңес өкіметін танып, мойындауға айырбас ретінде, автономияға кең құқықтық мүмкіндіктер ұсынды.

1918 жылы маусымда Х. Ғаббасов Алашорданың келесідей құжаттарын құруға белсенді қатысты: «Отношение к законодательству советской власти», «О земстве», «Об образовании военного совета при Алаш-Орде», «Об организации советов Алаш-Орды в областях и уездах» т.б. 1918 ж. шілдеде Ғаббасов қазақ өкілдерінің Өскемен уездік съезінде Алашорда уәкілі болып сайланды. 1918 жылы Семейдегі І-Алаш полкын ұйымдастыруға қатысты.

1920 жылы Семей педагогикалық техникумында оқытушы болды.  

1922-1928 жж. кезеңінде «Хлебопродукт» АҚ басшысының бірі; Алаш ауылшаруашылығы одағы кооперациясының жедел бөлімінің меңгерушісі; КССР Мемлекеттік жоспарлау комитетінің басшысы қызметтерін атқарып, Мемлекеттік жоспарлау комитеті президиумының мүшесі болды.

1928 жылы 16 қазанда Халел Ғаббасовты Семейде ОГПУ қызметкерлері тұтқынға алды. 1930 ж. 4 сәуірде ОГПУ Коллегиясының үкімімен УК РСФСР 58-4, 58-1 б. сәйкес еңбекпен түзету лагеріне 6 жылға, 1931 жылы 18 қаңтарда 10 жылға еңбекпен түзету лагеріне кесіледі. 1937 жылы УНКВД үштігінің үкімімен тұтқынға алынып, жоғарғы жазаға бұйырылады.

1988 ж. 4 қарашада ҚазССР-і Жоғарғы сотының шешімі бойынша қылмыстық ісі болмауы себепті ақталды.

 

Х. Ғаббасов туралы әдебиеттері

Литература о Габбасове Х.

Құл-Мұхаммед, М. "Алаш" бағдарламасы: қиянат пен ақиқат [Мәтін] / М. Құл-Мұхаммед. - Алматы : Атамұра, 2000. - 240 б.

Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов [Мәтін]. - Астана : Елорда, 2005. - 24 б.

Алаш қозғалысы [Мәтін] : құжаттар мен материалдар жинағы. Желтоқсан 1917ж. – мамыр 1920 жж: Т. 2. – Алматы : Алаш, 2005. - 496 б.

Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов [Мәтін] / Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайы. - Семей, 2007. - 28 б.

Алаш қозғалысы [Мәтін] : құжаттар мен материалдар жинағы. Сәуір 1920-1928 жж: Т. 3. Кіт.1. – Алматы : Ел-шежіре, 2007. - 304 б.

Ескендірұлы (Әбдешев), М. "Алаш Орда" министрлері [Мәтін] / М. Ескендірұлы (Әбдешев). - Алматы, 2008. - 113 б.

Сыдықов, Е. Шәкәрім және Алашорда [Мәтін] / Е. Сыдықов. - Алматы : Раритет, 2008. - 181 б.

Төлепберген, Б. Мәңгі жас-Алаш идеясы [Мәтін] / Б. Төлепберген. - Алматы : Алматы баспа үйі, 2008. - 301 б.

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. – Алматы : Арыс баспасы, 2009.- 544 б. - Ғаббасов Хахел Ахметжанұлы: б. 128.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Ғаббасов Хахел Ахметжанұлы: б. 307-308.

***

Аманжолова, Д.А. Партия Алаш[Текст]: история и историография. – Семипалатинский педагогический институт им. Шакарима, 1993. -Габбасов Х. : с.129.

Красный террор [Текст] : политическая история Казахстана : (сборник документальных материалов политических репрессий 20-50-х годов ХХ века) / под ред. М. К. Койгельдиева. - Алматы, 2008. - 306 с.

История Казахстана[Текст]: энциклопедический справочник. – Алматы: Аруна, 2010. – Габбасов Х.:с.140.

Жанбосинова, А. С. Краткая энциклопедия истории Алаш и Алаш орда [Текст] / А. С. Жанбосинова. - Усть-Каменогорск : Берель, 2013. - 204 с.

История Восточного Казахстана [Текст]. Ч. 2 : История Восточного Казахстана с начала XX века до современности : хрестоматия для 9 класса общеобразовательных школ ВКО / сост. Д. И. Бралинова [и др.]. - Семей : Тенгри, 2013. - 452 с.

 

Интернет-сілтемелер

Интренет-ссылки

 

Габбасов Халел (Халиль) Ахмеджанович [Электронный ресурс] : [биография] // ЦентрАзия : сайт. - Режим доступа : http://www.centrasia.ru/person2.php?&st=1227720146 (08.02.2017)

Книга Памяти. Габбасов Халиль[Электронный ресурс] : [биографическая справка] // Справочник. Книга памяти : сайт. - Режим доступа : http://www.uznal.org/book_of_memory.php?bukva=3&name=0&surname=53&repression=39 (08.02.2017)

Среднее Прииртышье в источниках и материалах. Том 3. Сборник документов и материалов (1917-1990 гг.)[Электронный ресурс] : [о Х. Габбасове] //Павлодарский государственный университет им. С. Торайгырова : сайт. - Режим доступа :www.library.psu.kz/fulltext/buuk/b358.rtf (08.02.2017)

Габбасов Халиль [Электронный ресурс] : [биография] // Алаш Орда : сайт. Режим доступа : http://alash.semeylib.kz/?page_id=73&lang=ru (08.02.2017)