Известные имена

Қателік
  • JFolder::create: Could not create directory Path: /sites/esimder.pushkinlibrary.kz/cache/tpl-esim

Тұрғанбаев М.

Тұрғанбаев Мәннан – Алаш Орда қозғалысының белгілі қайраткері, ағартушы және сыншыТұрғанбаев Мәннан (1886-1937) – Алаш Орда қозғалысының белгілі қайраткері, ағартушы және сыншы.

1886 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Абыралы болысы, № 2 ауылда (қазір Шығыс Қазақстан облысы, Абыралы ауданы) шаруа отбасында дүниеге келген. 1909 ж. Уфа қ. «Ғалия» медресесіне оқуға түседі. 1906 жылы ашылған оқу орны орыс патшасының қол астына қарайтын.  

Діни мектепте демократиялық құндылықтар уағыздалды, ол - қазақ зиялылары   өмірге жолдама алған алаңның бірі еді. Медреседе жыл сайын 30-40 қазақ баласы оқыды. «Ғалия» медресесінде оқыған кезеңде қазақ балаларының ағартушылық және қоғамдық көзқарасы қалыптасты. 1915 жылы медресе «Садақ» апталық журналын шығара бастайды, оған медресе оқушылары мен түлектер өз шығармаларын жариялап тұрады. Басылымның негізгі мақсаты қазақ оқушыларын әдеби шығармашылыққа тарту. Соңынан М. Тұрғанбаевтың алғашқы өлеңдері мен мақалалалары «Айқап» (1911-1915 жж.) журналында жарияланды. Медреседе тілдерді үйренуге үлкен мән берілетін. Сол себепті М.Тұрғанбаев түрік, араб, парсы, орыс тілдерін меңгерді.

М.Тұрғанбаевтың еңбек жолы 1914 жылы мұғалімдік қызметтен басталды. 1915 жылы ағартушы Қалжан Қоңыратбаевтың өтінішімен және оның жеке қаржысына «Пайғамбар заманы» атты оқулық жазады. Бұл кітап «Қазақ» газеті арқылы таралды. Ол 1915-1917 жж. Түркияда, Каирде мұсылман академиясында оқып, Стамбул педагогикалық университетінің қысқа мұғалімдік курсын аяқтайды.

1917 жылы 27 сәуірден 7 мамыр аралығында өткен Семей облыстық Қырғыз Съезінде Облыстық Қырғыз Комитетінің мүшелігіне қабылданады. 1917 жылы қазақ ұлттық интеллигенциясы Алаш идеясына - қазақ халқының ұлттық автономиясын құру идеясы айналасына топтасады. Мәннан Тұрғанбаев қаланың қоғамдық саяси өміріне белсене араласып, «Жанар» мәдени-ағарту қоғамының облыстық және уездік қазақ комитетінде жұмыс істейді. Сонымен бірге, ол өз мақалаларын «Қазақ», «Сарыарқа» және «Абай» журналдарында жиі жариялап тұрды. «Сарыарқа» газетінде   Ж.Аймауытовпен бірге белсенді редколлегия мүшесі болды, ал, газеттің жауапты редакторы Х. Ғаббасов еді. Газет бетінде Алаш Орда және қазақ мемлекеттігін құру мәселелері талқыланды. Газеттің 1917 жылғы 15 шілдедегі №5 санында М.Тұрғанбаевтың «Орыс пен қазақ»   («Русский и казах») атты мақаласы шықты. Бұл мақалада орыс шаруалары мен қазақтар арасындағы жер мәселелері көтерілген.

Сондай-ақ, 1917 жылғы төңкерістен кейін, ол Алаш қаласында қазақ мектебінде сабақ береді. 1918 жылдан бастап 2-жылдық Қырғыз курстарында сабақ береді. КЦИК, Губерниялық атқару комитеті, Совнарсуд мүшесі ретінде жауапты қызметтер атқарады. Қазақ даласында Кеңес үкіметін құруға белсене қатысады.  

1920-1922 жж. «Қазақ тілі» газетінде қызмет етті (қазір «Семей таңы»), оның алғашқы редакторы, редколлегия мүшесі, жауапты хатшысы болды. 1931 жылы НКВД органдары қамауға алып, бір жылдан кейін босап шықты. 1937 жылы 25 қаңтарда қайта қамауға алынды. Сол кезеңде ол Белағаш ауданы Красный ауыл селосында тұрып, ауылдық орта мектепте сабақ берген еді.

УНКВД үштігінің үкімімен 1937 жылы 18 тамызда ату жазасына кесіліп, 20 тамызда атылды. Мәннан Тұрғанбаевты 1963 жылы 14 желтоқсанда Семей облыстық соты қылмыстық ісі болмауы себепті ақтады.

 

 

М. Тұрғанбаевтың еңбектері

Труды Турганбаева М.

 

Тұрғанбаев, М. Қазақ тілін іске асыру [Мәтін] / М. Тұрғанбаев // Тәбәрікұлы С. Қайран, Мәннан. – Алматы : Қанағат, 2002. - Б. 129.

 

 

М. Тұрғанбаев туралы әдебиеттер

Литература о Турганбаеве М.

 

Кітаптар – Книги

 

Тәбәрікұлы, С. Мәннан Тұрғанбаев [Мәтін] : Алаш арыстары / С. Тәбәрікұлы. – Алматы : Қайнар, 1999. - 48 б.

 

Нәсенов, Б. Абыралы - Сарыарқаның кіндігі [Мәтін]. Т. 2, 3-ші кітап : Абыралы - қанды жылдары (1905-1945 ж.), 2002. - 642 б.

 

Нәсенов, Б. Абыралы - Сарыарқаның кіндігі [Мәтін]. Т. 3, 4-ші кітап : Абыралы - Сұңқарлары, 2002. - 758 б.

 

Тәбәрікұлы, С. Қайран, Мәннан [Мәтін]. - Алматы : Қанағат, 2002. - 257 б.

Қазақ білімпаздарының тұңғыш сіиезі – бірінші қырғыз ғылыми сіиезінің еңбектері -1925 жылдың қайта басылымы [Мәтін]. – Астана, 2005. – 144 б.

Алаш қозғалысы [Мәтін] : құжаттар мен материалдар жинағы. 1918- 2007 ж.ж: Т.4.– Алматы: Ел-шежіре, 2008.- Тұрғанбаев Мәннан: б.224-228.

 

Алаш. Алашорда[Мәтін]: энциклопедия.– Алматы: Арыс баспасы, 2009.- 544 б. – Тұрғанбаев Мәннан: б. 317-318.

«Алаштың» тілдік мұрасы [Мәтін] / құраст.: С. Шүкірұлы, Е. Тілешов. - 2009. -384 б.

Тілешов, Е. Алаш қозғалысы [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы. – Алматы : Сардар, 2014. - Тұрғанбаев Мәннан Тұрғанбайұлы: б. 398-399.

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін]: энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2014. – Тұрғанбаев Мәннан: б. 757.

***

Кашляк, В. Семипалатинск[Текст]: их именами названы улицы… / В. Кашляк.– Семипалатинск, 2006.- 355 с.


Кашляк, В.Н. Печать Семипалатинска (1863-1963 гг.)[Текст] / В. Н. Кашляк. – Семипалатинск, 2008. - 400 с.

 

Город Алаш[Текст] : (сборник документов).– Семей, 2010.- 366 с.


Мақалалар - Статьи

Кенемолдин, М. Алаш мектептері [Мәтін] : [М. Тұрғанбаев туралы] / М. Кенемолдин // Абай. - 2004. – № 4. – Б.83.


Тәбәрікұлы, С. Газет бастауында – үш алып [Мәтін] / С. Тәбәрікұлы // Семей таңы. - 2009. - 3 желтоқсан.

 

Мальцева, О. Маннан Турганбаев – первый редактор «Семей таны» [Текст] / О. Мальцева //Наше дело.- 1999.- 28 октября.- С.6.


Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

Тургамбаев Маннан (1886-1937) [Электронный ресурс] : [биография] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=2903&lang=ru (09.02.2017)

 

Ел тәуелсіздігін аңсаған Маннан Тұрғанбаевы ) [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // КГУ «Центр документации новейшей истории» управления культуры, архивов и документации ВКО : сайт. – Режим доступа : http://cdni-arhiv.vko.gov.kz/ru/publications2_10.htm (09.02.2017)

 

Мәннан Тұрғанбаев [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // karlib.kz : сайт. - Режим доступа : http://old-site.karlib.kz/saryarka/karaganda/book/Mannan%20Turganbaev.pdf (09.02.2017)

 

От "Сарыарки" до "Семей таңы" [Электрондық ресурс] : [о М. Турганбаеве] // kazpravda.kz : сайт. – Режим доступа : http://www.kazpravda.kz/articles/view/ot-sariarki-do-semei-tani/ (09.02.2017)