Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Малдыбаев Ж.

makdybaevZ Жақыпбек Малдыбаев (1907-1938) Қазақтың тұңғыш әскери ұшқышы

Жақыпбек Малдыбайұлы 1907 жылы 15 мамырда Қара-Ертіс жағалауындағы Марқа өңірінің Шеңгелді ауылында дүниеге келген. Жасынан елі, жерімен етене болып өскен азамат биіктікті аңсап өседі. Осы тілегі, игі арманы оның көк жүзінде қыранша самғауына жол ашты.
22 жасар жігіт 1929 жылы өз еркімен қызыл әскер қатарына алынады. Ақпан айында Түркменияның Мерв қаласында орналасқан Түркістан ерекше кавалериялық бригадасының 82-ші полкына қызметке келеді. Полк мектебін бітіріп, бөлімше басқарады, взвод командирінің көмекшісі болады.

1930 жылы большевиктер партиясының қатарына өтті. 1932 жылы РККА-ның кіші командирі Жақыпбек Орта Азия әскери мектебінің кавалерия бөлімшесінің бірден үшінші курсына қабылданып, оны взвод командирі дәрежесінде бітіріп шығады. Жерлесіміз КСРО Революциялық Әскери Советінің 1933 жылғы 1 қаңтардағы бұйрығымен ұшқыштар және ұшқыш-бақылаушылар әзірлейтін 9-әскери мектепке қабылданады.
1933 жылы әскери ұшқыштар мектебін бітірген 484 адамның 19-ына «әскери ұшқыш-бақылаушы» атағы беріліп, фотоқызмет бастығының курсына қабылданады. 1934 жылы аталған курсты тәмамдап, Орта Азия әскери округының Сталинабад қаласындағы Свердлов атындағы 40-ерекше авиациялық отрядына аға ұшқыш-бақылаушы, сонымен бірге фотоқызмет бастығы болып тағайындалады.

Ұшқыш Испания соғысына қатысып, сан мәрте ерлік жасаған. 1938 жылы сол Испаниядан келе жатып, Ташкент маңында ұшақ апатынан қайтыс болады. Оның денесі Ташкенттегі әскери зиратқа жерленіп, басына ескерткіш орнатылған. «Ер есімі – ел есінде» дегендей, батырымыздың есімі жадымызда мәңгі сақталмақ.

Әдебиет:

Елубай О. Алтайым,алтын тамырым [Мәтін] : Деректі әңгіме,очерк,публицистика,толғау. / Елубай О. - Алматы : Әл-Фараби, 2000. - 181 б.
Қасымов А. Қазақ халқының тұңғыш әскери ұшқышы Жақыпбек Малдыбаев [Мәтін] / Қасымов А. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2007. - 82 б.
Қасымұлы А. Алтайдан ұшқан ақиық [Мәтін] / Қасымұлы А. - Өскемен : Шығыс Баспа, 1999. - 181 б.