Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Молдағалиев Ж. Ә.

Молдагалиев Жангазы Акимович

  • Молдағалиев Жанғазы Әкімұлы (1917-1943) - Кеңес Одағының батыры.
  • Жанғазы Молдағалиев - 3-Украина майданы 8-гвардиялық армия 39-гвардиялық атқыштар дивизиясы 120-гвардиялық атқыштар полкі құрамында рота командирі болған.

    1917 жылы 7 маусымда   Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Абай ауданының Бестамақ ауылында дүниеге келген.  Ата-анасы  ерте қайтыс болып, әпкесі Қанипа мен Жанғазыны немере ағасы Семейбай Жәкенов өз тәрбиесіне алып, Семейдегі №38 мектепте жетіжылдықты бітірген. Мектеп бітіргеннен кейін ұн тартатын зауытта еңбек жолын бастаған Жанғазы сол кездегі ауатком (райисполком) хатшысы болып ел ісіне де араласа бастайды. Осылайша ержетіп, азамат болған шағында 1938 жылдың күзінде әскер қатарына шақырылып, 1941 жылдан майдан шебінде.

    Соғыс басталысымен майданға аттанған әскер құрамасымен бірге Жанғазы Қиыр Шығыстан Калинин майданына аттанады. Содан Сталинград,  Воронеж,  Дон  мен Днепр үшін болған ұрыстарда взвод, рота командирі ретінде соғысқа қатысып, ерен ерлігімен көзге түсті. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен-ақ Жанғазы Молдағалиев неміс-фашист басқыншыларымен батыл айқасқа түсіп, табандылықпен тайсалмай жауға қасқайып қарсы тұра білді.

    1943 жылдың 23 қазанына қараған түні Молдағалиевтің ротасына Днепрден өтіп, плацдармды алу тапсырылды. Рота жауынгерлері Елизарово селосын жау қолынан толық азат етіп, жаудың мысын басып, 100-ден астам әскері мен офицерін жойып, 25 солдатын  тұтқынға алады. Сол жылдың 31 қазанында Жанғазы басқарған 2-атқыштар ротасы Чернопаровка селосының батыс бөлігінде орналасқан тірекпунктін басып алу туралы бұйрық алады. Молдағалиевтің басшылығындағы рота түн ішінде қиындықтарға қарамастан өзеннен өтіп, қатты қақтығыстан соң Днепрдің оң жақ жағалауына күшпен бекініп алады.

    1943 жылғы қарашадағы ұрыста өз денесімен жау дзотын жауып, қаза тапты.

    КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 19 наурыздағы Жарлығымен Ж. Молдағалиевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған

    Марқұмға бір уыс топырақ өз кіндік қаны тамған Семейден емес, қаншама ақындардың жырына арқау болған Днепр жағалауындағы Днепропетровск облысынан бұйырды.

    Сол ержүрек батырымыз қаза болған Днепропетровск облысында қазір Жанғазы Молдағалиев атындағы мектеп бар, 1965-жылы қаһарман жерлесіміздің құрметіне арнап ескерткіш  орнатылған. 1968 жылы Волгоград қаласындағы № 34 мектепте 39 гвардияшыл дивизияға арнап мұражай ашылды.

    Абай ауданы Бестамақ орта мектебіне, Жаңа Семейдегі, Абай ауданы Қарауыл ауылындағы бір көшеге Молдағалиев Жанғазының есімі берілген. Тоқтамыс ауылында батырға арналған бюст орнатылған.

  • Ж. Ә. Молдағалиев туралы әдебиет
  • Литература о Ж. Ә. Молдагалиеве
  • Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.627– Т.2
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. –с.115.

Отан батырларынмадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысыныңәкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстықсәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтықмұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.