Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Новиков В.К.

NovikovНовиков Василий Корнеевич (1907-1981) -  Кеңес Одағының батыры.

Украина майданы 2-армия, 4-гвардия полкі 438-танкіге қарсы қарудың  артиллериялық полк командирі, подполковник.

Василий Корнеевич Новиков 1907 жылы 15 (28) тамызда Тверь облысының Пеновск ауданының Наумов селосында шаруа отбасында дүниеге келген. 1919 жылы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Бородулиха ауданы, Бородулиха селосына қоныс аударып, тас қашаушы болып жұмыс істеген. 1930 жылдан Коммунистік партия мүшесі. Білімі – жетікластық.

1929 жылы Кеңес әскері қатарына қабылданды.1933 жылы артиллериялық училищені бітірген. 1941 жылдың шілде айынан майданда болған. Оңтүстік Батыс, Карелия, 2-ші Украина майданы 2-армия, 4-гвардия полкі 438- танкіге қарсы қарудың артиллериялық полк құрамында ұрыстарға қатысқан. Соғыстың басында Котовский атындағы атты дивизияда  командирдің орынбасары болған.  Соғыста  ерен ерлік көрсетіп, қатты жараланып, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

1944 жылы 17 ақпанда Черкасск  облысы Лысянск ауданы Журжинца селосы маңында  1500 неміс әскері автомат-пулеметтен оқ жаудырып, полктың қорғанысын бұзып, қоршаудан шығуға әрекет жасады. Фашистер қатары азайғанмен шабуылды тоқтатпады. 300 гитлершілдер атыс позициясына өте жақын келген кезде подполковник В.К. Новиков «Оқты тоқтатпаңдар, қарудың жанына екі адамнан қалдырып, қалғандарың шабуылды қолдағы қарумен тоқтатыңдар!» -деп бұйрық берді. Ызаланған фашистер тобы бұзып-жарып қаруға жетті. Қояма-қолтық айқас басталды. Кейінірек артиллеристердің атыс позициясынан 40 немістің өлігін санады. Айқас кешке дейін созылды. Снарядтар бітті. Қауіпті сейілту үшін полк командирі шабуылды өзі ұйымдастыруды шешті. Барлық барлаушылар, байланысшылар, жүргізушілер, оқтары таусылған батарея жауынгерлерін жинап алып, «Шабуылға дайындалыңдар! Соңымнан еріңдер! Ура-аа! » -деп окоптан бірінші болып атып шықты. Бүйірдегі батареялар шабуылды қолдады. Тау бөктерінде қояма - қолтық ұрыс басталды. Мұндай қысымға дұшпандар шыдай алмай кері шегінді. Осы уақытта біздің танктер де келіп жеткен еді. Осы ұрыста В.К. Новиков екінші рет жараланса да қатардан шықпады.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен әскери тапсырманы шебер орындап, ерлік пен батылдықты көрсеткені үшін подполковник Василий Корнеевич Новиковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.  Ленин және «Алтын Жұлдыз» ордендерімен марапатталды. 

1955 жылы полковник В. К. Новиков құрметті демалысқа шығып, Ташкент қаласында тұрды. 1981 жылы 20 қаңтарда өмірден өтті. Ташкент қаласында жерленген.

В.К. Новиков екі рет Қызыл Ту, Ленин, Александр Невский, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен,  бірнеше медальдармен марапатталған.

В. К. Новиков туралы әдебиет

Литература о В. К. Новикове

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін]:энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б.570 .

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.4.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.193

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы