Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Огнев А.Г.

04 Ognev 25e31280Огнев Андрей Григорьевич (1902-1943) - Кеңес Одағының батыры.

Андрей Григорьевич Огнев - Орталық майданның 13 армия 8-ші атқыштар дивизиясы, 151 атқыштар  полкінің атқышы,  кіші сержант.

1902 жылы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Үлкен-Нарын ауылында (қазіргі Катонқарағай ауданы) шаруа отбасында дүниеге келген. Білімі-бастауыш. Колхозда ағаш шебері болған.

1941 жылы Үлкен-Нарын аудандық әскери комитетінің шақыруымен Қызыл Армия қатарына қабылданып, майдан шебіне аттанған. 1942 жылы 15 қыркүйекте жараланып,  1943 жылы 5 ақпанда  контузия алған.

1943 жылдың 24 қыркүйегінде 151 атқыштар полкінің мергені кіші сержент А.Г. Огнев Гернигов облысы Чернигов ауданы Навозы селосы тұсында  Днепрден өту кезінде ерекше көзге түсті. Кіші сержант А.Г. Огневке өзеннен өту үшін құралдар жасау тапсырылды. Бораған оқ астында қолда бар материалдарды шебер пайдалана отырып, қысқа мерзім ішінде қайық, сал жасап шығарды. Бос бөшкелер, есіктің сынығы, ағаш қалдықтары іске жарады. Жағадан алыстап кеткен совет жауынгерлерін немістер кешірек байқады да оқ жаудырды.Толассыз оқ ержүрек жауынгерлерді тоқтата алмады. Олардың алғашқылары табаны жерге тиісімен шабуылға шықты. Осы кезде кіші сержант А.Г.Огнев қарсы жағалауға жауынгерлер мен қару-жарақтың, жылқының жаңа тобын кезегімен өткізе берді. Жаудың бораған оғы мен жау авиациясының белсенділігіне қарамастан барлық жауынгерлерді өткізіп болғанша жауынгерлік міндетін адал атқарды. Сөйтіп Днерпдің оң жағалауындағы плацдармды тездетіп басып алуға ықпал етті.

1943 жылы 8 қазанда кіші сержант Андрей Григорьевич Огнев әскери тапсырманы орындау кезінде Киев облысының, Чернобыль ауданының Толстый Лес селосының маңында қаза тапты.  Чернобыль ауданының Янов станциясында жерленген.   

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 16  қазандағы Жарлығымен әскери тапсырманы шебер орындап, ерлік пен батылдықты көрсеткені үшін кіші сержант Андрей Григорьевич Огневке қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.  Ленин және «Алтын Жұлдыз» ордендерімен марапатталды. )

Андрей Григорьевич Огневтің есімімен Үлкен-Нарын селосында (қазіргі Катонқарағай ауданы) көше бар. 

 

А. Г. Огнев туралы әдебиет

Литература о А. Г. Огневе

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін]:энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б.586.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.4.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б. 195

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы