Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Баздырев Г. А.

Баздырев Григорий Афанасьевич (1907-1971) - Кеңес Одағының батыры.

1907 жылы Алтай өлкесі Шипунов ауданының Комарихи ауылында дүниеге келген. Білімі – бастауыш. 1915 жылы жергілікті помещикке батрак болып жалданған. Кейіннен туған ауылында ағаш ұстасының бригадирі болып жұмыс істеген. 1928-30 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеді.
1941 жылы екінші рет Қызыл Армия қатарына шақырылған. Кіші командирлер мектебін бітірген соң, 1942 жылдың қарашасынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысқан. 7-гвардиялық механикаландырылған бригаданың инженерлік-мина ротасының саперлі бөлімшесі (3-гвардиялық механикаландырылған корпус, 47- армия, Сталинград майданы) гвардия сержанты Баздыревтің командасымен 1943 жылы қыркүйектің соңында Селище ауылы (Черкасск облысы Канев ауданы) маңындағы Днепрге шабуыл жасады, плацдарм алаңына қойылған минадан жаудың 5 танкі қирады, соңынан бірнеше танк атакасының бетін тойтарды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 3 маусым 1944 жылы Кеңес Одағының батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды.Баздырев Григорий Афанасьевич Ленин, ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен наградталды.

 Соғыстан кейінгі жылдары Семей қаласында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы) тұрып, ағаш өңдеу комбинатында жұмыс істеді. 1971 жылы 25 желтоқсанда Семей қаласында қайтыс болған.

 

Г. Баздырев туралы әдебиеттер

Литература о Баздыреве Г.

Герои Советского Союза: краткий автобиографический словарь. В 2-х т. - М.: Воениздат, 1987. - Т. 1. - С. 105.

Семипалатинску 285 лет / сост. К.А.Байгужинов, М.А.Галиев.- Семипалатинск: ЧП Анастасов, 2003.- С.45

Герои Советского Союза – семипалатинцы/Сост. Перебеева М.И. – Семипалатинск: Семей - печать, 2004.- С. 7.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.8

Отан батырларын мадақтайды: шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары: фотоальбом = Родина награждает отважных: восточноказахстанцы – Герои Советского Союза: фотоальбом. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – 288 б. – С. 27.

Григорий Афанасьевич Баздырев: [биография Героя Советского Союза из Семипалатинска] // Вести Семей. - 2010. - 18 марта. - С. 3.

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Навечно в памяти

Герои страны

Документы о присвоенном звании Героя Советского Союза