Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Брилин П. Т.

BrilinPavTimБрилин Павел Тимофевич(1913-1969) - Кеңес Одағының Батыры.

 

1913 жылы Алтай өлкесі Родин ауданы Лубягино ауылында шаруа отбасында туған. 1928 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Соловьево ауылына қоныс аударған.

1935-1939 жылдарда П.Т. Брилин Қиыр Шығыста шекара қызметінде әскери борышын өтеген. 1936 жылы 22 қарашада Турий Рог ауданында шекара бұзған жапон самурайларымен шайқасып, алғашқы ұрысқа қатысқан. 1938 жылы Павел Тимофеевич Хасан көліндегі шайқаста жапон самурайларын талқандауға қатысқан.

1941 жылдан бастап майдан шебінде. Ұлы Отан соғысына бастан аяқ қатысқан. Орталық, Калинин, 1-ші Прибалтика, 3-ші Белорус майдандарындағы әскерлер құрамында соғысты. Кенисберг қаласын алу үшін болған шайқаста ерекше ерлік пен батылдық көрсетті.  Фашистер Кенисберг қаласының солтүстік батысына орналасқан кірпіш зауытының ішіне бекінген еді. Бораған оққа қарамастан алғашқылардың бірі болып П.Т. Брилин кірпіш зауытының ішіне кіреді. Бекініске айналған зауыт ішіндегі немістермен қатты шайқас басталады. Рота командирі қаза табады, үш взвод командирі қатардан шығып қалады. Көптеген жауынгерлер ауыр жарақаттанады. Осы шайқаста сержант Брилин 30 гитлершілдің көзін жояды. Ертеңінде таң бозынан ұрыс қайта жалғастырылады. Дұшпан екі рет шабуылға шығып, қатты тойтарысқа кез болады. Түске қарай гвардияшылар өздері шабуылға шығып, көше соғысы басталады. Взвод командирі ауыр жараланып, аға сержант Брилин команданы өз қолына алып, жауынгерлерді шабуылға бастайды.  Осы шабуыл біздің батыл жерлесіміз үшін соңғы шабуыл еді. Жақыннан жарылған мина жарықшағы тиіп, П. Брилин ауыр жарақаттанады. Ес-түссіз жатқан Брилинді медсанбатқа жіберіп, одан әрі Ленинград госпиталіне самолетпен әкетеді. Жарты ай бойы дәрігерлер батырдың өмірі үшін күреседі. Осыншама күн ессіз жатқан жауынгер он жетінші күні тілге келеді. Осы госпитальда өзіне батыр атағы берілгенін және «Жеңіс!»атты қуанышты хабарды естиді.

Жауынгерлік ерліктері үшін 2-дәрежелі Отан соғысы, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 19 сәуірдегі Жарлығымен П.Т. Брилинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін Павел Тимофеевич Зырян (казіргі Алтай) қаласында тұрып, КПСС-тің ХХІІ сьезі атындағы рудникте слесарь болып істеген. «Коммунистік еңбек екпіндісі» атағын алған. Шығыс Қазақстан облысының Зырян (казіргі Алтай) қаласы мен Соловьево селосында батыр атында көше бар.

 

П. Т. Брилин туралы әдебиеттер

Литература о П. Т. Брилине 

 

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.284.

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.284.

***

Их именами названы" [Текст] : Путеводитель. - Усть-Каменогорск : Б.и., 1985. - 30 с.

Есть в памяти мгновения войны [Текст] / сост. Л. В. Аксенова. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2010. - 65 с.

 

Интернет-ресурстар

Интернет ресурсы

Герои страны

Электронный мемориал

Именной список