Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  
Қателік
  • JFolder::create: Could not create directory Path: /sites/esimder.pushkinlibrary.kz/cache/tpl-esim

Бурнашов А.А.

Burnashov AleksandrAnfinogenБурнашов Александр Анфиногенович (1914-1974) - Кеңес Одағының Батыры.

Александр Анфиногенович Бурнашов – 1- Белоруссия майданы 3-армиясының  129-атқыштар дивизиясының 457-атқыштар полкының зеңбірек командирі, аға сержант.

1914 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зырян (казіргі Алтай) қаласында дүниеге келген. Білімі - бастауыш.

Мектептен кейін колхозда жұмыс істеп, соңынан Зырян кен басқармасында электрмонтажшы болды. 1936 жылдың қаңтар айында Қиыр Шығыста әскери міндетін өтеді. Хасан көліндегі ұрыстарға қатысқан. А.Бурнашов әскерден кейін Зырянға келіп кен қазушы болып жұмыс  істеді.

1941 жылы желтоқсанда  Александр Бурнашов армияға шақырылып, кіші командирлер мектебіне оқуға жіберілген. 1942 жылдың жазынан бастап 457-атқыштар полкының зеңбірек командирі Брянск және 2-Белоруссия майданында жаумен шайқасқа қатысты. "За боевые заслуги" медалімен марапатталған.

Белоруссияның  Багратион" (Бобруйск операциясы, 1944 ж.) шабуылында ерекше көзге түсті. 1944 жылы маусымда Бобруйск бағытында жаумен қиян-кескі ұрыс басталды. 1944 жылы 29 маусымда аға сержант Бурнашов Шатково деревнясы маңында Березина өзені жағалауындағы  плацдармды қорғап, шабуылға шыққан жаумен  батареяда бірінші болып қарсы шайқасты. Жауынгерлік топты жоғалтқанмен, жалғыз өзі ұрысты жалғады. Ол 4 зеңбірек, 5 автомашина,  көптеген жау әскерін жойды. Осы ұрыста аға сержант қатты жараланды. 1944 жылы 25 қыркүйекте Александр Анфиногенович Бурнашовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін А.А.Бурнашов туған жеріне оралды. Байыту фабрикасында жұмыс істеді. Кейінгі жылдары Александр Анфиногенович Қырым облысы Бахшасарай ауданының Угловое селосында тұрды. Ленин ордені және медальдармен марапатталған.  1974 жылы 18 желтоқсанда қайтыс болды. Зырян қаласында батыр тұрған үйде мемориалды тақта орнатылған, бульвар Батыр есімімен аталады.  

А. А. Бурнашов туралы әдебиеттер
Литература о А. А. Бурнашове А. А.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.286.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.57.


Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Бурнашов А. А. [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=10926 (27.01.2019)