Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Адрышев А. К.

1234

Адрышев Айтқазы Қалиолдаұлы (1942) - техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы минералдық ресурстар академиясының және Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі.

Адрышев Айтқазы Қалиолдаұлы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің тау-кен металлургия факультетінің деканы.

Профессор Адрышев Айтқазы Қалиолдаұлы 1942 жылы 12 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Камышенка ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Серебрянск қаласындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, ВЛКСМ жолдамасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма ГЭС Бүкілодақтық комсомол құрылысына жіберілді, ол жерден 1962 жылдың қазан айында Кеңес Әскері қатарына шақырылады. 1964 жылы Өскемен Жол-құрылыс институтының 1 курсына оқуға түсіп, оны 1969 жылы бітіріп, осы оқу орнының жолдамасы бойынша еңбекті қорғау кафедрасының ассистенті болып қалады. 1972 жылы Қазақ политехникалық институтының (қаз.ПТИ) пайдалы қазбалар кен орындарын игерудің технологиясы және кешенді механикаландыру кафедрасына оқуға түсіп, оны 1975 жылы қорғауға диссертациясын ұсынумен аяқтады. Осы уақытта аталған кафедраның кіші ғылыми қызметкері қызметін қоса атқарады. Кандидаттық диссертацияны қорғау 1976 жылы Мәскеу тау-кен институтының Мамандандырылған Кеңесінде өтті. Аспирантураны бітірген соң, ЖҚИ-ға оралып, 1996 жылы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (ШҚТУ) болып қайта құрылған осы ЖОО-ның аға оқытушысы, доценті, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының меңгерушісі, ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді. 2000 жылдың наурыз айынан бастап жаңадан құрылған Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жанындағы тау-кен металлургия институтын басқарады. А. К. Адрышевке 1982 жылы доцент ғылыми атағы, 1997 жылы - Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ профессоры академиялық атағы берілді.

1999 жылы 11.00.11 – «Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» мамандығы бойынша техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2000 жылы ҚР ЖАК профессор ғылыми атағын берді. Ол ҚР минералды ресурстар академиясы мен ҚР Жаратылыстану Ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі. А. К. Адрышев тау-кен өнеркәсібінде, түсті металлургияда, құрылыс материалдары өнеркәсібінде еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетекші ғалымдардың бірі болып табылады. Ол қазақстандық инженер-экологтар мектебінің қалыптасуы мен дамуына, еңбек жағдайларының қауіпсіздігі мен сауықтырылуына елеулі үлес қосты. Минералды шикізатты өндіру және қайта өңдеу саласында қоршаған ортаны қорғаудың және еңбек қауіпсіздігінің инженерлік әдістері мәселелерімен 30 жылға жуық жұмыс істейді. Ол тау-кен өнеркәсібіндегі ұнтақтау-сұрыптау және байыту кешендерінің аспирациялық және желдету жүйелерінің теориялық негіздері мен есептеу, жобалау және қайта құру әдістемесін әзірледі және енгізді; қорғасын-мырыш өндірісінің құрамында күшала бар қалдықтарын, титан-магний өндірісінің шлам жинағыштарының қалдықтарын қайта өңдеу және залалсыздандыру тәсілдерін жасады. Оның ғылыми басшылығымен түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібі объектілері орналасқан аудандардағы қоршаған ортаның жай-күйін кешенді бағалау әдістері әзірленіп, енгізілді. 133 ғылыми жұмыстың авторы. Шетелде басылымдары бар. Көптеген Бүкілодақтық және халықаралық ғылыми конференциялардың қатысушысы.

 

А. К. Адрышевтің монографиялары

Монографии А. К. Адрышева

 

Адрышев, А. К. Актуальные проблемы экологической безопасности и пути их решения в Казахстане / А. К. Адрышев. - Усть-Каменогорск : ВКГТУ, 2008. - 515 с.

Инновационные разработки для горно-металлургической промышленности : сборник научных трудов / Министерство индустрии и торговли РК, РГП "Национальный центр по комплексной переработке минерального сырья РК", ВНИИцветмет. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2008. - 174 с

Золотой фонд доктора наук и профессора университета / Министерство образования и науки Республики Казахстан, Восточно-Казахстанский технический университет им. Д. Серикбаева. - Усть-Каменогорск : ВКГТУ, 2008. - 240 с.

Адрышев А. К., Исследование новых наноструктурированных комплексных сорбентов для очистки сточных вод предприятий металлообрабатывающей промышленности [Text] / Адрышев А. К. Серая Н. В., Хайруллина А. А. // Қазақстан Респ. Ұлттық инженерлік академиясының Хабаршысы= Вестник Нац. инженерной академии РК. - 2015. - № 3(57). - С. 64-69.

 

А. К. Адрышевтің мерзімді басылымдағы жарияланымдары

Публикации в периодических изданиях А. К. Адрышева

 

Адрышев, А.Кафедра расширяет деятельность : [О работе лабораторий охраны окружающей среды и труда УКСДИ] / А. Адрышев - Текст // Рудный Алтай. - 1995. - 18 июля.

Адрышев, А. К. Горно-металлургический институт живет и развивается : [В марте 2000 года в составе ВКТУ им. Д.Серикбаева организован горно-металлургический институт] / А.К. Адрышев - Текст // Вестник Восточно-Казахстанского технического университета. - 2000. - №3. - С. 11-12.

 

А. К. Адрышев туралы әдебиет 

Литература об А. К. Адрышеве

 

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Адрышев А. К.: б. 137.

Маутканов, Г. Айтказы Адрышев: "Я не боюсь календаря" : [Директору горно-металлургического института государственного технического университета им.Д.Серикбаева исполняется 60 лет] / Г. Маутканов - Текст // Рудный Алтай. - 2002. - 12 сент. - С. 3.