Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Әділбаев Ф.

Әділбаев ФӘділбаев Фазыл (1925-1975) - «Даңқ» Орденінің толық иегері

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданындағы «Балажал» кенішінде 1925 жылдың 7 қарашасында дүниеге келген. 1943 жылы Семей облысы Жарма әскери комиссариатынан Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1944 жылдың мамыр айынан ¥лы Отан соғысына қатысқан.

1945 жылдың 29 қаңтарында Фазыл Әділбаевжэне оның пулеметшілер расчеті Польшаның Сильна-Нова елді мекені жанындағы гитлершілердің екіатыс нүктесінің үнін өшіріп, 10 солдатын жер жастандырды.

1945 жылдың 6 ақпанында Германияның Jleбус қаласы маңындағы плацдармды кеңейту кезіндегі ұрыста Фазыл Әділбаевпулеметшілер расчетін баскара жүріп, жаудың жеті карсы шабуылын тойтарды, үшатыс нүкесін жойып, оннан астам фашист солдатын өлтіріп, үш гитлершіні түтқынғаалды.

1945    жылы 9 ақпанда  ІІІ- дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№241760).

1945    жылы 16 наурызда  ІІ- дәрежелі Даңқ орденіне ие болды (№15047).

1945    жылдың 16-17 сәуірінде сержант Ф. Әділбаевтың пулеметшілер расчеті Одер өзені бойындағы плацдармды кеңейту шайқасында жаудың екі атыс нүктесін жойып, бір взводтан артық неміс солдаттарының көздерін жойды. Фазыл Әділбаев Кунерсдорф (Франкфурттің солтүстік-батысында) пунктіне бірінші болып кіріп, гранатамен жау пулеметінің үнін өшірді.

1946    жылдың 15 мамырында 1- дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№1407).

1945 жылы қазан айында әскер қатарынан босатылды. 1946-47 жылдары кеніште бұрғылаушы болып істеді. 1951 жылы Алматы мемлекеттік заң институтын, сол жердегі әскери дайындық курсын қоса бітірді. Запастағы лейтенант. 

1958 жылдан Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы прокуратурасында тергеуші, өскемен қаласында адвокат, Аягөз қаласы ауылшаруашылық басқармасында заңгер  болып қызмет істеді.

 1975 жылдың 1 қаңтарында қайтыс болды.

Ф. Әділбаев туралы әдебиет

Литература о Ф. Адильбаеве

Белан П. С., Потапов А. В., Честнов С. И. Доблесть солдатская. – А., 1974.

Кавалеры ордена Славы трех степеней: Краткий биографический словарь. — М., 2000.

Рамазанов  А. Знаки солдатской доблести : [о Полном Кавалере ордена  Славы Фазыле Адильбаеве из Жарминского района] // Семь дней. - 2010. - 29 апр. - С. 5.

Рухы күштілер = Сильные духом. – Усть-Каменогорск, 2015.

Ф. Әділбаев туралы мерзімді басылымдардағы жарияланымдар

Публикации о Ф. Адильбаеве в периодических изданиях

Төлебаев, Мұрат. Батыр [Мәтін] : [жерлесіміз, "Даңқ" орденінің толық кавалері Ф. Әділбаев туралы естелік] / М. Төлебаев // Егемен Қазақстан. - 2010. - 5 мамыр.- Б.4.

Исадилов, Мұратбек. "Даңқ" орденінің үш дәрежесімен марапатталған [Мәтін] : [Жарма ауданының тумасы, майдангер Ф. Әділбаев туралы] / М. Исадилов // Дидар. - 2010. - 11 мамыр.- Б.3.

Тайжігіт , Берікхан. "Даңқ" орденінің толық кавалеріне ескерткіш тақта орнатылды. [Мәтін] : [Аягөз қаласында "Даңқ" орденінің толық кавалері Ф.Әділбаевқа ескерткіш тақта орнатылды. ] / Б. Тайжігіт // Дидар. - 2015. - 3 маусым.- б.1.

*** 

Тулегенов К. Фронтовая биография юристов : [о работниках прокуратуры ВКО, участниках ВОВ] // Рудный Алтай. - 2010. - 3 мая. - С. 4.

Адильбаева, Г. Горжусь, что я - дочь солдата [Текст] / Г. Адильбаева // 7 дней. - 2015. - 7 мая. - С. 6.

Интернет-ресурстар: