Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Әубәкіров М.Ә.

AubakirovManafAubakirovichӘубәкіров Манаф Әубәкірұлы (1926-1945) - «Даңқ» Орденінің толық иегері

Манаф Әубәкіров 1926 жылдың 26 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданы Зайсан қаласында туылған. Киномеханиктің көмекшісі болыпжұмыс істеген.

1943 жылдан Қызыл Армия қатарында. 375-ші танкке қарсы жеке дивизионның (1-ші Белорусь майданы, 69-шы армия, 312-ші атқыштар дивизиясы) кіші сержанты Әубәкіров 20.08.1944 жылы Польшаның Пулавы қаласының оңтүстік-батысында болған ұрыста жараланады. Бірақ оқ жаудырудытоқтатпастан расчетімен бірге жаудың пулеметі мен оқ қорын құртты.

1944 жылы 25 тамызда ІІІ-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Қаруды оқтаушы сержант Әубәкіров 16.01.1945 жылы Нова-Воля (Польша) елді мекені маңында жараланды, бірақ ұрыс алаңын тастамады, жаудың екі пулемет нүктесін талқандап, карсы жақтын 15 солдатын жайратып салды.

1945    жылы 17 ақпанда ІІ- дәрежелі Даңқ орденіне ие болды.

Қару расчетінің командирі аға сержант Әубәкіров 17.04.1945 жы л ы Германияның Лебус қаласы үшін болған шайқаста жаудың 4 пулеметін істен шығарып, бакылау пунктін қиратты және 15 солдаты мен офицерін жоқ қылды. Қатты жарақат алса да, үрысты тоқтатқан жоқ.

1945жылы 19 сәуір күні  алған жарақатынан қайтыс болды. Германияның Одердегі Франкфурт қаласында жерленген.

1946    жылы 15 мамырда 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен (қаза тапқан соң) марапатталды.

М. Ә. Әубәкіров туралы әдебиет

Литература о М. А. Аубакирове

Андреев Г.И., Вакуров И.Д. Солдатская слава. - М., 1971.

Белан П. С., Потапов А. В., Честнов С. И. Доблесть солдатская. – А, 1974.

Их подвиг будет жить в веках. -  Фрунзе, 1985.

Кавалеры ордена Славы трех степеней: Краткий биографический словарь. — М., 2000.

Рұхы күштілер=Сильные духом. – Усть-Каменогорск, 2015.

 

М. Ә. Әубәкіров туралы мерзімді басылымдардағы жарияланымдар

Публикации о М. А. Аубакирове в периодических изданиях 

Захаров, Г. Манап Әубәкіров: Николай Шелихов [Мәтін] / Захаров Г. // Дидар. - 1992. - 9 мамыр. - Б.

Байхонов С..

Желтоқсан "жаңғырығы" [Мәтін] / Байхонов С. // Түркістан . - 2011. - 17 қараша (№ 46). - 9 .

 

***

 

Кузьмин, В. Наука мужества [Текст] / В. Кузьмин // Вести Семей. - 2012. - 14 сент. - С. 2

Интернет-ресурстар:

Победители