Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Құсметов Ә.

Құсметов Әбітай (1923-1948) - «Даңқ» Орденінің толық Иегері.

Әбітай Құсметов 1923 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Көктерек ауылында дүниеге келген. Колхозда бригадир болып істеген.1942 жылдың маусым айынан майданда.

 997-ші аткыштар полкінің (263-ші атқыштар дивизиясы, 51-ші армия, 4-ші Украина майданы) сапері Кызыл әскер Құсметов Севастополь қаласын алуға дайындық кезінде жеті рет жаудың сым тікенектері мен танкбұзар қырық минасын залалсыздандырып, екі дәліз жасады. 1944 жылдың 9 сәуірінде Севастопольқаласына бұзып-жарып кіргендердің алдыңгы сапында болды. Ол осы жолы онға жуық фашисті дүниегеаттандырды.

1944 жылы 30 мамыр күні ІІІ- дәрежелі Даңқ орденіменмарапатталды.

997-ші атқыштар полкі саперлер взводыныңкомандирі кіші сержант Құсметов Литваның Паплис қаласын аларда жау жолына екімина койып, екі танкінің күлін көкке ұшырды. 1944 жылы 14-23 тамыз аралығындажау танкілеріне карсы он танкбұзар және жаяу әскерге қарсы төрт мина орнатты.

1944    жылы  26 қарашада ІІ- дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Сержант Құсметов 1945 жылдың 10 каңтарында Рагнит (Калининград облысы) қаласы үшін болған ұрыста жаудың отыздан астам танкбұзар минасын залалсыздандырды.

1945 жылдың 19 қаңтарында Хайнрихсвальд қаласын (казіргі Славск) аларда барлау тобының сапында болып, батальонды айналып өтіп бара жаткан жау әскерін 997-ші аткыштар полкінің командованиесіне дер кезінде хабарлады.

1945    жылы  24 наурызда 1- дәрежелі Даңк орденімен марапатталды.

Соғыстан кейін туған ауылы Көктеректе өмір сүрді. Колхозда бригадир болып істеді.

Әбітай Құсметов 1948 жылы соғыста алған жаракатынан қайтыс болды.

Әдебиеттер:

  • "Их именами названы" : Путеводитель. - Усть-Каменогорск, 1985.
  • Кавалеры ордена Славы трёх степеней : Биографический словарь. - М., 2000.
  • Кулаков А. Отважный сапер Абитай Кусметов  // Знамя труда. - 1979. -  27 декабря.  
  • Мусин М. С катонских гор, с берегов Нарыма. - Усть-Каменогорск, 2004.

Интернет-ресурстар:

  • Подвиги героев бессмертны. - Псков, 2005.
  • Полные кавалеры ордена Славы : Биографический словарь. Т.1. - М., 2010.