Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Маслин Ф.Е.

Маслин Федор Егорович (1923-1912) - «Даңқ» Орденінің толық Иегері.

Федор Маслин  1923 жылы  3 наурызда Алтай өлкесі Чарыш ауданынын Маральи Рожки селосында туған. Томск облысының Юлтарево кентіндегі артельде ағаш шебері болыпістеген.

1942 жылдан Қызыл Армия қатарында. 272-шігвардиялык атқыштар полкінің (90-шы гвардиялықатқыштар дивизиясы, 4-ші екпінді армия, 1-ші Прибалтика майданы) саперлар взводы командирініңкөмекшісі гвардия сержанты Федор Маслин 1944жылдың 13 ақпанында Витебск облысының (Белоруссия) Гурки деревнясының түбінде толассыз атыскезінде бейтарап алаңға мина койып, сым қоршау орнатты.

1944    жылы 19 маусымда ІІІ- дәрежелі Даңк орденімен марапатталды (№102224).

1944 жылдың шілдесінде Витебск облысыньщ (Белоруссия) Карташи деревнясында бұзылған екі көпірді қалпына келтірісті, бір өзі қырықтан астам минаны залалсыздандырды.

1944    жылы 11 қыркүйекте ІІ- дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№17134).

1944 жылдың 30 тамызында Литваның Биржай қаласы үшін айқаста Маслинбес неміс солдатын өлтіріп, біреуін тұткындады.

1945    жылы 24 наурызда 1- дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№1891).

1946 жылы әскер қатарынан босады. 1966 жылы Семей қаласында тұрды, вагон депосында токарь болып істеді. 1999 жылы Челябинск қаласына  қоныс аударды. 1995 жылы Москвада Жеңіс Парадына қатысты.

Федор Маслин  2012 жылы 3 қазан күні  қайтыс болды.

Әдебиеттер:

  • Белан П. С, Потапов А. В., Честнов С. И. Доблесть солдатская. — Алма-Ата, 1974.
  • Кавалеры ордена Славы трёх степеней : Биографический словарь. - М., 2000.
  • Рұхы күштілер/Сильные духом. – Усть-Каменогорск, 2015.
  • Томск в судьбе Героев: краткий биографический справочник Героев Советского Союза и кавалеров ордена Славы I степени / Сост. Н.Б. Морокова. — Томск, 2005.

Интернет-ресурстар: