Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Өтепбергенов М.С.

утепбергеновӨтепбергенов Меңтай Смағұлұлы (1946-2016) – актер.

Меңтай Смағұлұлы Өтепбергенов 1946 жылы 7 тамызда Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылында дүниеге келген. Мәскеу цирк училищесінің Алматыдағы филиалының клоунада және пантомимо бөлімін (1968), Сергей Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтын (1974) тәмамдаған. Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, кино әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996),  Қазақстанда пантомимо өнерін қалыптастырушы. "Гүлдер" жастар эстрадалық ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, (1969-1970 жж.). 1974 ж. бастап Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының штаттағы актері.

1974 жылдан бастап Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етеді. Ол 60-тан аса фильмге түсіп, қытай, чукча, бурят, якут, түрік, өзбек секілді 16 ұлт өкілінің бейнесін сомдаған. «Біз - ересектер», «Жаушы», «Ақ шаман», «Жеңімпаз», «Интердевочка», «Шанхай», «Ликвидатор» тағы да басқа фильмдерде ойнаған.
40 жылдан аса уақыт бойы әр елдің түрлі маркаларын жинаумен шұғылданады. Ерланген (Германия) қаласындағы кинофилателистер клубының мүшесі.

«Маркалардағы әлем киносының тарихы» атты кітаптың авторы. Кітаптың тұсаукесер рәсімі Канн қаласындағы 51-Халықаралық кинофестивалінде өтті.

Өтепбергенов М. туралы:

Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл
http://kinostan.kz/people/view?id=21

http://alashainasy.kz/omir/mentay-smagululyi-otepbergenov-52840/