Известные имена

 Қаз   Рус   Eng 

Құрметті пайдаланушылар! Біз кітапхана сайтында өлкеміздің белгілі адамдары жайында ақпарат береміз. Сіз танымал жерлестеріміз туралы тізімді өз ақпараттық мәліметіңізбен толықтыра аласыз,біздің e-mail: spravka@pushkinlibrary.kz
Сіздіңше, танымал есімдер қатарына кіруі тиіс тұлғалардың өмірбаянын жіберіңіз! 

abai link pushkin pushkin2  

Қашаубаев Ә.

Қашаубаев Ә.Қашаубаев Әміре (1888-1934) - халық әншісі.

Абыралы өңірінен шыққан өнер саңлақтарын сөз еткенде, алдымен ауызға алатынымыз - Әміре Қашаубаев.
Әміре 1888 жылы Семей облысы, Абралы ауданына қарасты Дегелең тауының етегінде туды.
Әкесі Қашаубай кедей адам болған. Ауылды жерде тиянақты кәсіп болмаған соң, Қашаубай көп ұзамай Семейге көшіп барды.

Қалада да кәсіп істеу оңай болған жоқ. Дала байы мен қала байының кедейдің, жалшының еңбегін жеуде қандай айырмасы болсын, Әміре әрең дегенде үй ішін асырап тұрды. Қашаубайдың денсаулығы күннен күнге нашарлап, жұмысқа жарамайтын халге келді.

Әміренің шешесі Тойған да үй ішінің ұсақ-түйегі болмаса білекпен келетін ауыр жұмысқа жарамады.

Барлық ауыртпалық Әміренің мойнына түсіп, Жаңа Семей жағында тұратын Исабек деген байдың көлік айдаушысы болады. Осы жұмыста Әміре үнемі әндетіп өлең айтып жүретін. Ат айдаушы екенін ұмытып, әннің қызығына түсіп, қожасынан сөгістер алып қалатын.. Әкесінде айта қалғандай өнер жоқ болса да "жаман" Қашаубайдың баласының музыкаға деген қабілеті оның атшылығынан бұрын "әнші бала", бері келе "әнші жігіт" деген атағын шығарды.

Бүкіл Жаңа Семейдегі ойын -сауық Әміресіз өтпейтін болды. Әншілігінің үстіне әсем мінезді, ақ көңіл жігіт халықтың назарын үнемі өзіне тез аударып алатын. Осындай екі бірдей қасиетінің арқасында Әміренің атағы көп ұзамай Ертісті кесіп өтіп, Семей қаласына жетті. Әміренің дауысы түнгі Семейді тегіс аралап, әнқұмар қауым құлақтарын тосып тыңдап ләззат алды. Исабекпен есеп айырысып, Арқа әншілерінің Мекесі болған Қояндыға жол тартты. Қояндыға келуі, әнші үшін ән дүниесін ашуына себепші болды.

1925 жылы Халық Ағарту комиссары Луначарскийдің шақыруымен Парижде болатын дүниежүзілік көрмеде қойылатын этнографиялық концертке қатысуға жолдама алды. Париж сахнасында әнші өзінің сүйікті "Ағаш аяқ", "Үш дос", "Екі жирен", "Дудар", "Қос барабан", "Қызыл бидай" әндерін орындады.

Әміре Парижден елге келген соң, онда көп бола алмай, күзге қарай Қызылордаға келіп, ол кездегі Қазақстанның астанасында ашылғалы жатқан театр труппасына жұмысқа кіреді. 1926 жылы Мұхтар Әуезовтың "Еңлік-Кебек" пьесасымен қазақ тарихында бірінші рет Әміре қойшы Жапалдың ролін ойнайды.

1927 жылы Әміре Москваға шақырылады. Советтер съезінде концертке шығып, үлкен табысқа ие болады. Сол жылы Германияның Франкфурт- на Майне қаласында болатын дүние жүзілік музыкалық көрмеге жіберіледі. Әнші Франкфурттың үлкен театрында 9 концерт берді. Әміре осы жерде екінші рет көзге түсті. Ол қазақ халқының ән байлығын шетке көрсетіп жүрген өнер қайраткерлерінің ішіндегі ең жас әнші еді.

Әнші Қызылордаға қайтады. 1928 жылы театр Алматыға көшкенде, театрмен бірге Алматыға келеді. Қаракөзде Доскелді, Айман - Шолпанда Жарастың бейнелерін сомдады.

1934 жылы музыкалық театрға ауысады, бірақ көп ұзамай қайтыс болады.
Әміре - ұлы әнші, азамат, Үздік әншілік өнері қазақ халқының бай өнерін дүние жүзіне паш етті. Заманымыздың ұлы жазушысы М.Әуезов "Әміренің әнінде ақындық тазалықтың шамшырағы жанғандай. Әміре әншіліктің ақыны" деген еді.

Ә. Қашаубаев туралы әдебиеттер

Литература о Кашаубаеве А. 

Жармағамбетов, Қ. Әнші-азамат [Мәтін] : повесть / Қ. Жармағамбетов. - Алматы : Қазмемкөркемәдеббас, 1951. - 126 б.

Майчекин, М. Портреттер [Мәтін] / М. Майчекин . - Алматы : Жазушы, 1969. - 112 б.

Тоқжігітов, М. Ән атасы-Әміре [Мәтін] / М. Тоқжігітов. - Алматы : Жазушы, 1972. - 88 б.

Шәкәрімов, Ж. Ән жұлдызы [Мәтін] / Ж. Шәкәрімов . - Алматы : Қазақстан, 1978. - 40 б.

Тоқжігітов, М. Куәгер [Мәтін] : дін жайындағы әңгіме-очерктер / М. Тоқжігітов . - Алматы : Жалын, 1979. - 893 с.

Ән асқары - Әміре [Мәтін] / құраст. Ж. Шәкәрімов. - Алматы : Өнер, 1988. - 112 б.

Шанин, Ж. Арқалық батыр [Мәтін] : пьесалар мен мақалалар / Ж. Шанин ; құраст. Р. Нұрғалиев. - Алматы : Өнер, 1988. - 400 с.

Сыдиықұлы, Қ. Біртума жыр саңлақтары [Мәтін] : ХҮІІІ - ХХ ғғ. / Қ. Сыдиықұлы. - Алматы : Ғылым, 2001. - 268 б.

Елтұтқа, [Мәтін] : ел тарихының әйгілі тұлғалары . - Астана : KUL TEGІN, 2001. - 356 б.

Жұбанов, А. Замана бұлбұлдары [Мәтін] / А. Жұбанов . - Алматы : Дайк-Пресс, 2001. - 440 б.

Сейдімбек, А. Қазақтың күй өнері [Мәтін] : монография / А. Сейдімбек . - Астана : Күлтегін, 2002. - 832 б.

Қалиев, С. Тәрбие хрестоматиясы [Мәтін] : оқу құралы / С. Қалиев . - Алматы : Алматыкiтап, 2004. - 256 б.

Жүз тұңғыш [Мәтін] : жинақ. 2-ші кітап, 2005. - 352 б.

Семей әншілері [Мәтін] : био-библиографиялық портрет. - Семей : б. ж., 2006. - 32 б.

Шәкерім, Ж. Әміре Қашаубайұлы [Мәтін] : тарихи-ғұмырнамалық эссе / Ж. Шәкерім. - Алматы : Арда, 2006. - 176 б.

Қожа-Ахмет, Х. Қазақ әні қалай космополиттенді [Мәтін] / Х. Қожа-Ахмет ; ред. Р. Ерназар. - Алматы : Теларна, 2008. - 132 б.

Марғұлан, Ә. Шығармалар [Мәтін] / Ә. Марғұлан. - Алматы : Алатау, 2012. - 512 б.

Т. 14. - Алматы : Алатау, 2012. - 512 б.

Әнші Әміре [Мәтін] : Әміре Қашаубаев туралы естеліктер / ред. Ә. Әлімбекова. - Алматы : Білім, 2012. - 488 б.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Әміре Қашаубаев: б. 219-220.

Жүз жиырма тұңғыш [Мәтін]. Т. 2. - Алматы : Жалын баспасы, 2015. - 384 б.

Бопышева К. Қазақ тілі [Мәтін] : оқу құралы / К. Бопышева. - Астана : Фолиант, 2015. - 176 б. 

Щербаков , Борис. Жидебайдың жұлдызды даласы [Мәтін] / Б. Щербаков . - Өскемен : Восток-Печать баспаханасы, 2017. - 342 б.

***

Миненко, В. М. Краткий курс музыкальной литературы Казахстана [Текст] : учебное пособие для учащихся детских музыкальных школ. Ч. 1. Казахская народная музыка / В. М. Миненко . - Алма-Ата : Жалын, 1978. - 103 с.

Шакеримов, Ж. Амре Кашаубаев [Текст] / пер. с каз. М. Акчулакова. - Алма-Ата : Өнер, 1981. - 64 с.

Гринкевич, Н. Н. Строки, имена, судьбы... [Текст] : научно-популярная литература / Н. Н. Гринкевич. - Алма-Ата : Өнер, 1983. - 176 с.

Гринкевич, Н. Н. Строки, имена, судьбы... [Текст] / Н. Н. Гринкевич. - Алма-Ата : Өнер, 1988. - 166 с.

Они были первыми [Текст] : [справочник]. - Алматы : Алматыкiтап, 2007. - 296 с.

История Восточного Казахстана [Текст]. Ч. 2 : История Восточного Казахстана с начала XX века до современности : хрестоматия для 9 класса общеобразовательных школ ВКО / сост. Д. И. Бралинова [и др.]. - Семей : Тенгри, 2013. - 452 с.

Шакаримов, Жаркын. Амре в Париже [Текст] : историко-биографический очерк / Ж. Шакаримов. - Алматы : Гани Д., 2016. - 248 с.

Мақалалар - Статьи

Афанасьев, В. Ему аплодировал Париж [Текст] / В. Афанасьев // Казахстанская правда. – 1988. – 21 сентября

Гринкевич, Н. Забытая фотография [Текст] / Н. Гринкевич // Семь дней. – 1997. – 4 сент.; Заман-Казахстан. - 1996. - 24 мая

Гущин, В. Жизнь и песни Амре Кашаубаева [Текст] / В. Гущин // Казахстанская правда. - 1997. - 17 октября

Гущин, В. Чародей песни [Текст] / В. Гущин // Заман-Казахстан. - 1998. - 29 мая

Рысаков, М. Имени Амре Кашаубаева [Текст] / М. Рысаков // Иртыш. - 1992. - 20 октября

Топорков, В. Блистательный Амре [Текст] / В. Топорков // Рудный Алтай.- 2005. - 18 января. - С. 4

Секенов, Самат. Памяти казахского акына [Текст] : Амре Кашаубаеву - 120 лет / С. Секенов // Вести Семей. - 2008. - 11 декабря. - С. 1 : фото

Мельникова, Н. Радужный голос казахской степи [Текст] : [о знаменитом восточно-казахстанском певце Амре Кашаубаеве] / Н. Мельникова // Рудный Алтай. - 2010. - 15 сентября. - С. 6. : ил.

Костюк, Елена Николаевна. Легендарный певец степи [Текст] : [о жизни и творчестве казахского певца, актера, музыканта Амре Кашаубаева] / Е. Н. Костюк // 7 дней. - 2013. - 28 февраля. - С. 4.

Имаханова, Кулия. Певец и песня [Текст] / К. Имаханова // Вести Семей. - 2013. - 27 сентября. - С. 7 : фото