Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Атаханов Н.М.

 Атаханов Нуритдин Мұхаметқалиұлы, Актер, (1905-1974)

Нуритдин Атаханов 1905 жылы Өскемен қаласында туған.
Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1924-34 жылы әр түрлі орындарда қызмет атқарған. Сахналық жолын 1922 жылы Өскемен қаласындағы қазақ-татар труппасының спектакльдеріне қатысудан бастады. 1930-40 жылдары Алматы, Қарқаралы, Қарағанды, Семей, Павлодардағы қазақ театрларында жұмыс істеген.
Атаханов сомдаған бейнелер ұлттық бояуының айқындылығмен, табиғи шынайылығымен ерекшеленеді. Абай (М.Әуезовтің "Абай" трагедиясында), Кебек ("Еңлік - Кебекте"), Казанцев ("Түнгі сарында"). Құнанбай ("Абай" бойынша), Амангелді (Б.Майлин мен Ғ.Мүсіреповтің "Амангелдісінде"), Қодар, Қарабай, Науан, ("Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Ақан сері-Ақтоқтысында"), Бекзад (Н.Хикметтің «Махаббат жайындағы аңызында») т.б. рольдерді ойнады.
Атаханов режиссерлік жұмыспен айналысып, Әуезовтің "Айман - Шолпан" (1936) мен «Түнгі сарын» (1937), Мүсіреповтің "Амангелді, Ф.Шиллердін "Зұлымдық пен махаббат"(1946) пьесаларын және Е.Г.Брусиловскийдің "Қыз Жібек", "Ер Тарғын" операларын қойған.
1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған. Қазақстанның халық әртісі (1958).
1974 жылы Семей қаласында қайтыс болды.