Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Жүнісов М. Қ.

Жунісов Марат Кайсанұлы – суретші, КСРО және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.Жунісов Марат Кайсанұлы (1947-1999) – суретші, КСРО және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.

1947 жылы 3 қаңтарда Өскемен қаласында дүниеге келген. 12 жасында өз еркімен Пионерлер үйіндегі сурет студиясына жазылып, талантты педагог Е.Н.Годовскийден тәлім алады.

Жетіжылдық мектепті бітірген соң Алматыдағы сурет институтына түсіп, бейнелеу өнерінің қазақстандық мектебінің хас шеберлері А.Ғалымбаева мен М.Кенбаевтан оқиды.

Кейін И. Репин атындағы Ленинград көркемсурет, мүсін және сәулет институтында жоғары кәсіби білім алады. Онда ол көркемсурет профессоры А.С.Зайцев пен профессор В. В. Сокловтың тәлімін алады. Институт қабырғасында оқып жүріп Марат Жүнісов бейнелеу өнерінің қыр-сырын ерекше ыждаһатпен зерттейді. 1973 жылы Сурет академиясын тәмамдаған соң Жүнісов суретші-көркемсуретші, педагог дипломын алады.

1973-1975 жылдары М.Жүнісов жұбайы, өнертанушы Иванина Наталья Ивановнамен бірге Алматыда тұрады. Алматы сурет училищесінде сабақ береді. 1975 жылы М.Жүнісов пен Н.Иванина Қарағандыға жұмысқа шақырту алады және сол қалада өмірінің соңына дейін тұрды (26.12.1999 ж.).

1978 жылы КСРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшелігіне қабылданады.

Шебер көркемсуретші, түстердің үйлесімділігін терең әрі жан тәнімен сезіне білетін Марат Қайсанұлы портрет, пейзаж, натюрморт жанрларында жұмыс істеді, майлы көркемсурет техникасына басымдық берді.

1987 жылы Өскемен қаласында М.Жүнісовтың алғашқы жеке көрмесі өткізілді. 1997 жылы - Қарағанды қаласындағы бейнелеу өнері мұражайында жеке көрмесі ұйымдастырылды.

Оның шығармашылығы тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресей, Германия, Франция, АҚШ, Израиль сияқты елдерде де жоғары сұранысқа ие болды.

Марат Жүнісовтың туындылары Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік Өнер мұражайында, Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында, Шығыс Қазақстан Өнер мұражайының қорында сақтаулы.

1999 жылы Қарағанды қаласында қайтыс болды.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Андреева, Н. Взволнованная душа [Текст] : [о казахстанском живописце Марате Джунусове] / Н. Андреева // Усть-Каменогорск сегодня. - 2002. - 7 нояб. - С. 3.

Кратенко, А. Романтический свет [Текст] / А. Кратенко // Flash!. - 2003. - №8. - С. 16.

Луцкая, Т. "Струны души моей..." [Текст] / Т. Луцкая // Деловой Усть-Каменогорск. - 2007. - № 5. - С. 40-41.

Джунусов Марат Кайсанович [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанский музей искусств : сатй. – Режим доступа : http://www.vkmi.kz/index.php/ru/?option=com_tz_portfolio&view=article&layout=edit&id=225 (13.02.2018)