Известные имена

Есімдер

Как сделать потолок из гипсокартона. Как сделать подвесной потолок в доме. Какой потолок лучше сделать. Отделка ванной комнаты. Быстрая отделка ванных комнат панелями. Отделка ванной комнаты пластиковыми панелями. Кровля крыши профнастилом. Качественные материалы для кровли крыш. Крыша из мягкой кровли. Самоделки для сада. Успешные самоделки для сада своими руками. Самоделки для сада и огорода. Ванная мебель для ванной комнаты. Купить мебель для ванных комнат недорого. Заказ мебели для ванной комнаты. Бизнес малое производство. Самый малый бизнес идеи производство. Новый бизнес производство. Монтаж дверей своими руками. Быстрый монтаж входных дверей. Легкий монтаж пластиковых дверей. С чего начать ремонт квартиры. Быстрый ремонт дома с чего начать. Ремонт своими руками для начинающих.

Ахметова Ш.

Ахметова Шайза Хабибулақызы – актриса, ҚР Халық әртісі.Ахметова Шайза Хабибулақызы (1948 ж.) – актриса, ҚР Халық әртісі.

1948 жылы 8 наурызда Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Жарма ауданы Георгиевка ауылында (қазір Қалба) дүниеге келген.

1960-1977 жж. Алматыдағы Құрманғазы ат. Мемлекеттік Өнер Институтының театр факультетінде оқыды.

1970 жылы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының әртістік труппасына қабылданған.

Сахнадағы негізгі рөлдері:

Қазақ классикасы мен қазіргі заман драматургияда: М. Әуэзов шығармалары «Қарақыпшақ Қобыландыда» Қарлыға, «Қарагөзде» Қарагөз, Қ. Аманжоловтың "Досымның тойы" Насихат, Е. Домбаевтың «Біздің кластың қыздарында» Алма, Ж. Аймауытовтың «Күнікейдің жазығында» Кунікей, сондай-ақ, Алғашқы ойнаған ролі Н.В.Гогольдің "Үйлену" комедиясы бойынша қойылған спектакльдегі Агафья Тихоновна, Сүжде (К.Бекхожин "Ұланасу»), Марфуға (Қ.Мұхамеджанов "Бөлтірік бөрік астында"), Қарлыға, Қарагөз (М.Әуезов "Қара қыпшақ Қобыланды», "Қарагөз", соңғы ролі үшін Республикалық театр жастары байқауының 1-дәрежелі дипломы берілді), Айша (Қ.Мұқашев     "Парторг"), Адела (Г.Лорка «Қасіретті қатындар»), Электра (Л.Дюрко "Электра - сүйіктім менің де"), Катерина (У. Шекспир "Асауға тұсау") т.б. рольдерді орындады.
Польша киностудиясы түсірген «Бірігу» (Дариға); «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Сәйгүліктің шабысы» (Ана), «Ай толғанда» (Айша), «Мергендер» (Ана), «Қан мен тер» (Бәйбіше), «Қосымша сұрақтар» (Райхан), «Сардар» (Дәмеш), «Адам факторы» (Маргарэт) кинофильмдерінде, «Тоғысқан тағдырлар» (Ситора) телесериалында рөлдер орындаған. «Ана - Жер-Ана» (Толғанай), , «Өгей қыз» (Өгей қыз), «Бернардо Альбаның үйі» (Адела), «Желіккен жеңгейлер» (Алма), «Генуядағы Фиеско қастандық жасауы» (Джулия), «Шоқан Уалиханов» (Катерина), «Ричард III» (Леди Анна), «Асауға тұсау» (Катарина), «Мещан тойы» (Амелия), «Ақ кеме» (Ана Бұғы), «Күн батарда» (Паола), «Бөрік астындағы бөлтірік» (Марфуға), «Золушка» (Өгей шөше), «Қар ханымы» (Қар ханымы), «Кориолан» (Валумния), «Мольер» (Арманда де Бежар), «Қош, махаббат!» (Сәлима), «Ғасырдан да ұзақ күн» (Айзада), «Жүрейік, жүрек ауыртпай» (Елес), «Ескі үймен қоштасу» (Әйел), «Бөрібасар» (Болған) спектакльдерінде ойнаған.

Қазақстанның халық әртісі (1991).

Деректер

Источники

 

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1. - Астана : Фолиант, 2011. – Ахметова Шайза (Шаһизада) : б. 191.

Шайза Ахметова [Электронный ресурс] // Казахский государственный академический театр драмы им. М. О. Ауэзова : сайт. – Режим доступа : https://www.auezov-theatre.kz/ru/staff/artists/11 (18.03.2018)