Известные имена

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Спирин В.Р.

Spirin VRСпирин Василий Романович (1926-1992) - Кеңес Одағының Батыры.

Василий Романович Спирин – 7-армия (Карелия майданы) 18-атқыштар дивизиясы  419-атқыштар полкы  5-ротасының атқышы, ефрейтор. 

1926 жылы 29 қаңтарда  Саратов облысы қазіргі Ершов ауданы Александрия селосында дүниеге келген. Орта мектептің 6 сыныбы мен ФЗУ мектебін бітірген. Свердловскінің бір кәсіпорнында токарь болып жұмыс істеді. 1943 жылдың қараша айынан әскер қатарында.   

1944 ж. мамырынан шілде айына дейін – 419-атқыштар полкының атқышы.  3-Прибалтика және Карелия майданында жаумен шайқасты. Ленинград облысы мен Карелия АССР-ін азат етуге қатысты.

Выборг-Петрозаводск шабуылында ерекше көзге түскен (1944 ж.). 1944 жылы 22 маусымда алдыңғы қатарда Свирь өзенінен өтіп,  Олонец-Петрозаводск тасжолы аймағын басып алуға қатысқан. 

1944 жылғы 21 шілдеде СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен  неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Спирин Василий Романовичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» (№3782)  медалімен марапатталды.  

1944 жылдың шілдесінен офицерлік құрамның  майдан курстарында  оқыды. 1945 жылғы совет-жапон соғысына қатысқан. Екі соғыста екі рет жараланған.  

1946 жылы Кеңестік НКВД-нің Орджоникидзе әскери училищесі  (қазір Владикавказ қаласы) жанындағы кіші лейтенанттар курсын  бітірген.  1946 жылдан бастап 258 – КСРО ІІМ-нің ішкі әскер полкында қызмет  етті.  1950 жылдан бастап В.Р.Спирин – отставкада.

Яры селосында өмір сүрді (қазір Егінді, Катон-Қарағай ауданы Шығыс Қазақстан облысы). В.И.Ленин атындағы колхозда киномеханик болды. 1992 жылы 1 қаңтарда қайтыс болды.

Ленин (1944), 1-дәрежелі Отан соғысы (1985) орденьдерімен, медальдармен  (соның ішінде  - медалью «Ерлігі үшін/За отвагу» (1944) марапатталды.

Әдебиеттер:

  • Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.705.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.241.

Интернет - ресурстар: