Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Устинов Н. П.

Устинов Н. П. партизанУстинов Николай Павлович (1919 - 2007) - Ұлы Отан соғысының қатысушы, партизан.

1919 ж. 25 қарашада Воронеж облысының Белогорьевск ауданы Семейки (қазір Подгорное) ауылында дүниеге келген. Сонда бастауыш мектепті бітірген, кейін Воронеж облысының Павловск қаласында орта мектепті аяқтайды.

1938 ж. тамыз айынан бастап Воронеж облысы Калачеев аудандық әскери комитетінің шақыруымен Қызыл Армия қатарында болды. 1939 ж. Тамбов Қызылтулы жаяу әскер училищесінің жедел курсын бітірді.

1939 ж. әскери училищеден кейін 44-ші атқыштар дивизиясына 305 атқыштар покының пулемет взводы комендирлігіне жіберілді. Совет-Фин соғысына қатысып, пулемет взводы командирі, кейін, 305 атқыштар полкы штабының басшысы болды. 1940 ж. ВКП(б) мүшесі. 1940 ж. көктемінде дивизия командирі генерал-майор С. А. Ткаченконың адъютанты болып тағайындалды.

1941 ж. 24 сәуірде 44-ші атқыштар дивизиясы тау атқыштары болып қайта құрылып, Ұлы Отан соғысына 44-ші Щорс атындағы Киев Қызылтулы тауатқыштары дивизиясы ретінде қатысты. 1941 ж. тамыз айында 12-ші армиямен бірге Умань (Черкасск облысы, Украина) қаласы түбінде жау қоршауына түсіп, жойылды. Дивизия командирі С. А. Ткаченко жараланып, тұтқынға түседі. 1941 ж. 19 қыркүйекте 44-ші тау атқыштары дивизиясы Умань қазандығында жойылған дивизия ретінде таратылды.

1941 ж. 9 тамызда Н. П. Устинов қоршаудан шығу кезінде аяғынан жараланып, зақым алады. Ол жергілікті Коржово селосында қалады. 1941 ж. тамызда майдандас серіктерімен қоршаудан шықпақ болып әрекет етеді, кейін, Житомир облысының Малин қ. келіп, қаланың астыртын ұйымы жұмысына белсенді араласады. 1942 ж. маусым-шілде айларында Малин қ. аумағындағы шағын партизан отрядына басшылық жасайды. Отряд аз уақытта бірнеше сәтті операцияларды жүзеге асырады: Коростень- Тетерев аралығында алты жау эшалонын, көпірлерді, Ирша станциясында майзауытын, ағаш зауыты мен пішен пунктін жояды.

1942 ж. тамызда Н. П. Устинов тағы жасырын жұмыспен айналысады. Астыртын ұйым басшысы Тараскиннің (1965 ж. Совет Одағының батыры атағы берілді) тапсырмасымен қала полициясына қызметке орналасады. 1943 ж. басында жансыздар астыртын топты ұстап береді.

Партизан отрядында взвод, рота командирі қызметтерін атқарып, кейін А. Невский атындағы партизан отряды Донецк құрамасының командирі болды (құрама командирі Совет Одағының батыры В. А. Карасёв).

1943 ж. қыркүйекте отрядпен Новошепеличи (Иванков ауданы Киев облысы, Украина) ауылы жанындағы Припять және Днепр өзендерінің оң жағалауындағы плацдармды басып алу операциясына қатысты. Кейін Украина және Польша аумағындағы партизан отрядына қатысады.

1944 ж. 15 наурызда жарақат алған соң майдан желісі арқылы Украина партизан қозғалысы штабына жіберіледі. Офицерлік құраманы жетілдіру курсынан өтеді. Курстан кейін Қызыл Армияның 16-шы запастағы атқыштар дивизиясының 101-ші атқыштар полкында қызмет істейді. Танкке қарсы қорғаныс ротасы командирі болады.

1945 ж. желтоқсанда әскерден қайтады. Одесса облысының Килия қаласында теңіз мектебі басшысының көмекшісі, «Пограничник» колхозының председателі қызметтерін атқарады.

1951 ж. соңында Пенза қаласына келеді, мұнда Пензен облыстық Білім беру ұйымы жанындағы шет тілдері оқытушылары курсын аяқтайды. Пенза облысының Нижний Ломов қаласында, Воронеж облысының Павловск қаласында мұғалімдік қызмет атқарады.

Тың жерлерді игеру кезінде Қазақстанға көшіп келеді. 1959 ж. тамызынан 1970 ж. шілдесыне дейін Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының Орловка селосында (қазір Шанағаты, Күршім ауданы) мектеп директоры болады. Алматы Шет тілдері институтын сырттай, Өскемен педагогикалық институтын бітіреді. 1970 ж. Шемонайха ауданының Выдриха селосына көшеді.

Зейнетке шыққан соң 1980 ж. Воронеж облысының Подгорное ауданының Басовка селосына көшіп келеді. 2007 ж. 22 қыркүйекте қайтыс болды.

Марапаттары: 1946 ж. – «Ерлігі үшін» медалі, 1985ж. – І дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденінің иегері.

 

 

Деректер

Источники

 

Герои великой войны [Текст] : сборник. – Москва, 1978.

Герои подполья [Текст]. – Москва : Политидат, 1968.

Золотые звезды Полесья [Текст] : сборник. – Киев : Политиздат Украины, 1978.

Их слава бессмертна [Текст] : сборник. – Москва, 1978.

Смирнов С. С. Рассказы о неизвестных героях [Текст] / С. С. Смирнов. – Москва : Молодая гвардия, 1968.

Соснин, В. Верные делу [Текст] / В. Соснин, В. Рудник. – Москва : Молодая гвардия, 1982.

Строкач, Т. А. Наш позывной – Свобода [Текст] / Т. А. Строкач. – Киев : Политиздат Украины, 1975.

Украинская ССР в ВОв Советского союза [Текст]. Т. 1. – Киев, 1967.

Сыроватский, Н. И. Герои Украинского подполья [Электронный ресурс] / Н. И. Сыроватский // 44-я Киевская Краснознаменная горно-стрелковая дивизия : сайт. – Режим доступа : http://istor-44gsd.ru/Html/Artikel/art_9-Ustinow.php (12.04.2017)

Устинов, Н. П. Из письма к Евгению Ароновичу Долматовскому [Электронный ресурс] / Н. П. Устинов // 44-я Киевская Краснознаменная горно-стрелковая дивизия : сайт. – Режим доступа : http://istor-44gsd.ru/Html/Print/Wospomin_Ustinov.html (12.04.2017)

Рассказы о героях [С. Смирнов рассказывает о герое подполья Житомирской области Н. П. Устинове] [Электронный ресурс] // Государственный Интернет-Канал «Россия» : сайт. – Режим доступа : https://tvkultura.ru/video/show/brand_id/42907/episode_id/358142/video_id/358142/viewtype/picture/ (12.04.2017)