Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Жангелдин Т.

Жангельдин Т. ҰОС ардагеріЖангельдин Тоқтағали (1916-1973) – Ұлы Отан соғысының қатысушы, партизан.Жангельдин Т. партизан

1916 ж. 25 қарашада Семей облысы (қазір ШҚО) Аягөз ауданы Айғыз ауылында дүниеге келген. 1931 ж. сегізжылдық мектепті бітіріп, Семей құрылыс училищесіне оқуға түседі. Осы жылы Абай ат. Қазақ мемлекеттік пединститутының физика-математика факультетінде оқуын жалғайды.

Институтты бітірген соң Алматыдағы кітапхана техникумында физика және математика пәні оқытушысы болды. 1940 ж. Қызыл Армия қатарына шақырылып, Белорусияда әскери қызметін өтейді.

Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан. 1941 ж. қыркүйекте жараланып, жау қолындағы аумақта қалады. 1942 жылдың басында жергілікті тұрғындардың көмегімен Минск облысы Борисов ауданында құрылған партизандар отрядына қосылады. Партизандар отряды бөлімшесінің біріне жетекшілік етеді. Барлық отряд «Дядя Коля» бригадасына біріккеннен кейін, комсомол жұмысы бойынша бригада комиссарының орынбасары болып тағайындалады.

Соңынан осы бригаданың "За Советскую Родину" отрядының командирі және Белорусия комсомолының Борисов қалалық астыртын ұйым бюросының мүшесі болады. Сондай-ақ, бригадалық барлауға басшылық еткен. 1944 ж. маусымның соңында партизан отрядтары Үшінші Белорус майданы бөлімдерімен бірікті. 1944 ж. шілде айында Минск облысы жаудан азат етілген соң, Белорусия ЛКСМ ОК шешімімен Т. Жангельдин БЛКЖО \ВЛКСМ\ ОК қарамағына, сол жерден – Қазақстан ЛКЖО ОК жіберіледі. Алматы облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Қазақстан ЛКЖО орталық комитетінің бөлім меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО ОК хатшысы қызметтерін атқарған.

Қазақстан ЛКСМ ОК шешімі бойынша Мәскеуге КПСС Орталық Комитетінің Жоғары партия мектебіне оқуға жіберілді. Кейін, Қазақстан Компартиясы ОК Жоғарғы партия мектебінде сабақ берді.

Ол 1954 жылы Мәскеуде КПСС ОК Қоғамдық ғылымдар академиясын аяқтап, философиядан кандидаттық диссертация қорғады. Кейін, еліміздің Қазақстан Компартиясы ОК бөлім меңгерушісі, партия тарихы институтының директоры т. б. жауапты қызметтер атқарды. Екі рет Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, ғылым және мәдениет жөніндегі комитет басшысы қызметін атқарды.

Өмірінің соңғы жылдары Т. Жангельдин Қазақ ССР-і Ғылым Академиясының философия және права институтын басқарды. Оның «Диктатура пролетариата и становление социалистических отношений в Казахстане» монографиясы Қазақ ССР-і Ғылым Академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығына ұсынылды.

Т. Жангельдин – Белорусиядағы партизан қозғалысы жайында жазылған - «Дневник партизана», «Партизанские походы», «Неотправленные письма», «Час испытаний» тәрізді кітаптардың, повестер мен әңгімелердің авторы.

Т. Жангельдин екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» ордені, «Құрмет Белгісі» ордені, көптеген медальдармен марапатталған. Сондай-ақ, чехословакияның «Партизан Жұлдызы» орденінің иегері.

Т. Жангельдин 1973 жылы ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды. Ол Алматы қаласында жауынгерлік құрметпен жерленді.  

Қазіргі күні Қазақстанның Орталық мұражайында Т. Жангельдин өмірі туралы стенд жасалған, Белорусияда Ұлы Отан соғысы мұражайында ержүрек партизан ретінде фотосуреттері қойылған. Алматы қ. Т. Жангелдин тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған.

Т. Жангельдин қайтыс болған соң, Белорусияда есімі аңызға айналған партизанның зайыбы және ұлының жергілікті халықпен кездесуі болды.  

2004 жылы қайтыс болғаннан кейін, фашист басқыншыларынан азат етудің 60 жылдығына орай Белорусияның естелік медалімен марапатталды.

2016 жылы 28 сәуірде Ш. Уәлиханов атындағы институт «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдары» ғылыми жоба аясында «Тоқтағали Жангельдин: мемлекеттік қайраткер, ғалым, майдангер-партизан» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Онда Т. Жангельдиннің 100-жылдығына орай майдангер туралы деректі фильмнің презентациясы ұсынылды.

 

 

Т. Жанкелдин (Жангелдин) шығармалары

Произведения Жангельдина Т.

 

Кітаптар - Книги

 

Жанкелдин, Т. Социалистiк еңбектiң тәрбиелiк маңызы [Мәтін] / Т. Жанкелдин. - Алматы : Қазақстан мемлекеттік баспасы, 1960. - 93 б. 

Жанкелдин, Т. Партизан күнделiгi [Мәтін] / Т. Жанкелдин. - Алматы : Қаз. мемл. көркем әдеб. баспасы, 1961. - 170 б. 

Жанкелдин, Т. Еңбек - коммунистiк тәрбиенiң негiзi [Мәтін] / Т. Жанкелдин. - Алматы : Жазушы, 1962. - 102 б. 

Жанкелдин, Т. Сәкен Сейфуллин [Мәтін] : ақынның революциялық,қоғамдық және мемлекеттiк қызметi жайлы / Т. Жанкелдин. - Алматы : Қазақстан, 1966. - 92 б. 

Жанкелдин, Т. Партизан жорықтары [Мәтін] : деректі повесть / Т. Жанкелдин. - Алматы : Жазушы, 1967. - 298 б. 

Жанкелдин, Т. Жолданбаған хаттар [Мәтін] : майдан дәптерiнен : повесть / Т. Жанкелдин. - Алматы : Жазушы, 1968. - 144 б. 

Жанкелдин, Т. Сын сағатында [Мәтін] : повесть / Т. Жанкелдин. - Алматы: Жазушы, 1975. - 92б. 

Жанкелдин, Т. Сын сағатында [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / Т. Жанкелдин; құраст. Б. Қазыханова; ред. К. Узақбаева; суретші М. Искаков. - Алматы : Жазушы, 1981. - 552 б.

***

Жангельдин, Т. Сакен Сейфуллин [Текст] : революционная и общественно- государственная деятельность поэта / Т. Жанкельдин. - Алма-Ата : Казахстан, 1965. - 92 с.

Жангельдин, Т. Дневник партизана [Текст] / Т. Жангельдин. - Алма-Ата : Жазушы, 1965. - 208 с.

Жангельдин, Т. Партизанские походы [Текст] : записки партизана / Т. Жангельдин ; перевод с казахского Е. Еланчик и Н. Умерова. - Алма-Ата : Жазушы, 1969. - 268 с.

Жангельдин, Т. Диктатура пролетариата и становление социалистических общественных отношений [Текст] / Т. Жангельдин. - Алма-Ата : Наука, 1973. - 439 с.

Жангельдин, Т. Час испытаний [Текст] : записки партизана / Т. Жангельдин; сост. Б. Р. Казыханова. - Алма-Ата : Жазушы, 1984. - 448 с.

 

Т. Жанкелдиннің (Жангелдин) мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Публикации Т. Жангельдина в периодических изданиях и сборниках

 

Жанкелдин, Т. Жалынды большевик, көрнектi қайраткер [Мәтін] : С. Сейфуллиннiң туғанына 70 жыл толуына / Т. Жанкелдин // Қазақстан коммунисi. - 1964. - № 5. - Б. 50-55.

Жанкелдин, Т. Өнерлi өрге жүзер [Мәтін] : Қазақстан жазушыларының V съезi қарсаңында / Т. Жанкелдин // Жұлдыз. - 1965. - № 8. - Б. 3-8.

Жанкелдин, Т. Творчестволық интеллигенцияның абыройлы борышы [Мәтін] / Т. Жанкелдин // Қазақстан коммунисi. - 1965. - № 6. - Б. 10-14.

Жанкелдин, Т. Революция солдаты [Мәтін] : [С. Сейфулиннiң дүниетанымының қалыптасуы] / Т. Жанкелдин // Қазақстан коммунисi. - 1967. - № 6. - Б. 30-34.

Жанкелдин, Т. Идеология майданының жалынды жауынгерi [Мәтін] : Сәкен Сейфуллиннiң қоғамдық қызметi / Т. Жанкелдин // Қазақстан мектебi. - 1969. - № 7. - Б. 90-95.

Жанкелдин, Т. Лениндiк идея шыңдалған әдебиет [Мәтін] : [Қазақ әдебиетi мен өнерiнiң қалыптасу кезеңiндегi күресте ұлы Лениннiң теорияларының атқарған ролi жайында] / Т. Жанкелдин // Жұлдыз. - 1969. - № 7. - Б. 29-36.

Жангелдин (Жанкелдин), Т. Саяхатшы - сардар - қайраткер [Мәтін] : Әлiби Тоғжанұлы Жангелдин туралы / Т. Жангелдин (Жанкелдин) // Жас өркен-Қостанай. - 2005. - № 5. - Б. 10-12.

Жангелдин (Жанкелдин), Т. Әлiби Тоғжанұлы [Мәтін] : ірi мемлекет қайраткерi Әліби Тоғжанұлы Жангелдин туралы / Т. Жангелдин (Жанкелдин) // Қазақ. - 2006. - 23-30 маусым. - Б. 3.

Жангелдин (Жанкелдин), Т. Әуезовпен кездесу [Мәтін] : автордың жазушы М. О. Әуезов жайлы жазған естелiгiнен / Т. Жангелдин (Жанкелдин) // Қазақ әдебиетi. - 2013. - 7-13 маусым. - Б. 7.

***

Жангельдин, Т. Коммунист, поэт, государственный деятель [Текст] : к 70-летию со дня рождения С. Сейфуллина / Т. Жангельдин // Вопросы Компартии Казахстана.- Выпуск 2. - 1964. - С.140-183.

 

Т. Жанкелдиннің (Жангелдин) өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и творчестве Т. Жангельдина

 

Жексенбин, А. Сәкен туралы кiтапша [Мәтін] : Т. Жанкелдиннің шығармасы жайында /А. Жексенбин // Қазақ әдебиетi. - 1965. - 12 қараша.

Мырзахметов, Е. Бағалы еңбек [Мәтін] : Т. Жанкелдиннің шығармашылығы жайында / Е. Мырзахметов // Көкшетау правдасы. - 1966. - 20 наурыз.

Көпжасаров, Х. Ерлiк пен достық [Мәтін] / Х. Көпжасаров // Қазақ әдебиетi. - 1967. - 24 қараша. - Б. 3.

Асылбеков, А. Жорық iзi [Мәтін] / А. Асылбеков // Қазақ әдебиетi. - 1967. - 25 қазан.

Молдағалиев, Ж. Партизан жорықтары [Мәтін] / Ж. Молдағалиев // Социалистік Қазақстан. - 1967. - 8 қыркүйек. - Б. 4.

Жақып, М. Партизандар [Мәтін] : жауынгер партизан Тоқтағали Жангелдин туралы / М. Жақып // Егемен Қазақстан. - 2005. - 5 сәуір. - Б. 3.

Әбжанов, Х. Адам болмысының білгірі [Мәтін] / Х. Әбжанов // Айқын. - 2016. - 26 сәуір. - Б. 4.

Мұхтарханқызы, З. Тоқтағали Жангелдинді білеміз бе? [Мәтін] : [жерлесіміз партизан-жазушы, қоғам қайраткері Т. Жангелдин туралы] / З. Мұхтарханқызы // Ертіс өңірі . - 2016. - 11 мамыр. - Б. 12.

***

Сулейменова, А. Храбрый партизан из бригады «Дяди Коли» [Текст] / А. Сулейменова // Казахстанская правда. - 2016. - 24 июня. - С. 24.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ресурсы

 

Соғыс ардагері : Жангелдин Тоқтағали [Электрондық ресурс] // Massaget.kz : сайт. – Пайдалану орны : http://massaget.kz/arnayyi_jobalar/9_mamyir_2015/32372/ (05.04.2017)

Тоқтағали Жангелдин : мемлекет қайраткері, ғалым, майдангер-жазушы [Электрондық ресурс] // Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты : сайт. – Пайдалану орны : http://iie.kz/?p=5431 (05.04.2017)

Нарымбек, Ұ. Минскіде «Жеңіс ортақ. Қазақстан-Беларусь» кітабы шықты [Электрондық ресурс] : [Т. Жангелдин туралы бейнежазба] / Ұ. Нарынбек, Г. Омарбекова, Б. Нүсіпбеков // Хабар : сайт. – Пайдалану орны : http://khabar.kz/archive/kz/lemde/item/22914-minskide-zhenis-ortak-kazakstan-belarus-kitaby-shykty (05.04.2017)

Т. Жангелдиннің 100 жылдығына орай ескерткіш монеталар айналымға шығады [Электрондық ресурс] // Атамекен : сайт. – Пайдалану орны : http://abctv.kz/kz/last/13979 (05.04.2017)

Сулейменова, А. Храбрый партизан из бригады "Дяди Коли" [Электронный ресурс] : [о Т. Жангельдине] / А. Сулейменова // Nomad-Кочевник : сайт. – Режим доступа : http://www.nomad.su/?a=15-201606240005 (05.04.2017)

Сулейменова, А. Храбрый партизан из бригады "Дяди Коли" [Электронный ресурс] : [о Т. Жангельдине] / А. Сулейменова // Казахстанская правда : сайт. – Режим доступа : http://www.kazpravda.kz/fresh/view/hrabrii-partizan-iz-brigadi-dyadi-koli/?print=yes (05.04.2017)

Нацбанк выпустил монету в честь 100-летия ученого Токтагали Жангельдина [Электронный ресурс] // Хабар : сайт. – Режим доступа : http://khabar.kz/ru/news/obshchestvo/item/68720-natsbank-vypustil-monetu-v-chest-100-letiya-uchenogo-toktagali-zhangeldina (05.04.2017)

Токтагали Жангельдин: государственный деятель, ученый, фронтовик-партизан[Электронный ресурс] // Институт истории и этнологии им. Ч. Ч. Валиханова : сайт. – Режим доступа : http://iie.kz/?p=5431&lang=ru (05.04.2017)

Документальный фильм о Токтагали Жангельдине презентовали в НАН РК [Электронный ресурс] / Информационно-аналитический портал BNews.kz : сайт. – Режим доступа : http://bnews.kz/ru/news/obshchestvo/dokumentalnii_film_pro_toktagali_zhangeldina_prezentovali_v_nan_rk-2016_04_28-1269109 (05.04.2017)

Жангельдин, Е. Токтагали Жангельдин [Электронный ресурс] / Е. Жангельдин // Белорусский портал в Казахстане : сайт. – Режим доступа : http://www.belarus.kz/kultura/zhankeldin_vov (05.04.2017)

Гранов, В. Воспоминания о Т. Жангельдине [Электронный ресурс] / В. Гранов // Беларускі портал в Казахстане : сайт. - Режим доступа : http://www.belarus.kz/kultura/zhankeldin_vov_uspaminy (05.04.2017)