Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Беков О.

Беков Орынбек  жазушы, ақын, әдебиеттанушы

Беков Орынбек (1898-1937) - жазушы, ақын, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері.

1898 жылы Семей губерниясында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) ауыл батырағы отбасында дүниеге келген. 1903 жылы отбасы Спасскі зауытына көшіп барып, әкесі мыс қорыту цехына ватер-жакетші болып орналасады. Екі кластық училищені бітірген соң, зауытта түрлі қара жұмыстар істейді. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін зауыттың саяси өміріне белсене араласады. Депутаттар кеңесі төрағасының орынбасары, еңбек бюросының төрағасы қызметтерін атқарды. 1918 жылы маусымда Депутаттар кеңесі талқандалып, О. Беков тұтқындалады. 1919-1922 жж. ревком төрағасы және жұмысшылар депутаттары Спасскі зауыты кеңесі мен БКП(б) Спасскі аудандық комитетінің мүшесі, хатшысы қызметтерін атқарды. 1923 жылы Қарқаралы уездік милициясының бастығы, одан соң Семей губерниялық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі болады. 1925 жылы БКП(б) Өлкелік Комитетінің шешімі бойынша Еңбек халық комиссариаты аппаратына қызметке ауысады. 1928 жылдан О. Беков «Тілші» газетінің редакторы, ал 1930-1937 жылдары Қазақ драма театрының директоры болды.

О. Беков – қазақ өнері туралы сыни мақалалар авторы, Қазақстан жазушыларының бірінші съезінде қазақ драматургиясы жайлы М. Әуезовпен бірлесе отырып баяндама жасаған.

О. Беков әңгімелері мен өлеңдері республикалық газеттер мен «Жаңа әдебиет» журналы беттерінде жарияланды.

Қазақ ауылдарын ұжымдастыру, Кеңес өкіметін орнату мәселесі автордың келесі туындыларынан көрініс тапқан: «Ұлы жолға бір қасық қан» (1926), «Талай қорлық көрдік-ау», «Жазықсыз жапа шеккендер» т.б. Қаламгер шығармашылығынан «Советбике» повесі өзінің тартымды сюжетімен, көркемдігімен ерекше орын алған.

1937 жылы саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.

 

 

 

О. Бековтың шығармалары

Произведения О. Бекова

 

Кітаптар - Книги

 

Беков, О. Жалықпасаң жау жеңесiң; Үкiбас жалшы ақысын қалай алды? [Мәтін] / О. Беков. - Қызыл-Орда, 1927. - 39 б.

Беков, О. Малайлар союзге кiрiңдер [Мәтін] / О. Беков. - Қызыл-Орда, 1928. - 30 б. (Арап тілінде жазылған).

Беков, О. Қазақстан кен жұмысшыларының өткен күндерi мен қазiргi күйлерi [Мәтін] / О. Беков. - Қызыл-Орда, 1927. - 18 б. (Арап тілінде жазылған).

Беков, О. Ұлы жолға бiр қасық қан [Мәтін] / О. Беков. - Қызыл-Орда, 1928. - 20 б. (Арап тілінде жазылған).

Беков, О. Ауылды кеңестендiру деген не? [Мәтін] / О. Беков. - Қызыл-Орда, 1928. - 24 б.

***

Беков, О. Пастухи вступайте в союз [Текст] / О. Беков. - Алматы, 1928.

 

 

О. Бековтың мерзімді басылымдардағы мақалалары

Публикации О. Бекова в периодических изданиях

 

Беков, О. Талай қорлық көрдiк-ау [Мәтін] : әңгiме / О. Беков // Әйел теңдiгi. - 1928. - № 7. - Б. 57-60.

Беков, О. Советбике [Мәтін] : повесть / О. Беков // Жаңа әдебиет. - 1929. - № 10. - Б. 2-12; № 11.- Б. 19-29; № 12. - Б. 25-32; 1930. - № 2. - Б. 19-27; № 6. - Б. 10-13.

Беков, О. Керiмбек [Мәтін] : әңгiме / О. Беков // Жаңа әдебиет. - 1930. - № 2. - Б. 72-74.

Беков, О. Октябрь мерекесiне театр даярлығы [Мәтін] : [М. Әуезовтiң кейбiр пьесалары туралы] / О. Беко

 

Мақалалар - Статьи

 

Айтбаева, А. Жазықсыз жапа шеккендер [Мәтін] : [саяси қуғын –сүргін құрбаны О. Беков туралы] / А. Айтбаева // Қазақстан - ZAMAN. - 2013. - 12 желтоқсан. - Б. 8.