Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Иванусьев-Алтайский М. Ф.

Иванусьев-Алтайский Михаил Федорович (1903-1937) - ақын, жазушы, журналист, аудармашы.

1903 жылы Енисей губерниясы, Минусинск уезі, Шушенское ауылында (қазіргі РФ Краснояр өлкесі) дүниеге келген. Семей халыққа білім беру институтын аяқтаған соң, алты жыл Воровский атындағы педагогикалық техникумда және Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы Луначарский атындағы екінші деңгейлі мектепте қоғамтану және тарих пәндерінен сабақ береді.

1924 жылы «Охотник Алтая" журналында "Парад Октября", Стежками собольими" өлеңдері, "Крестьянский труд" газетінде "Черная яма" повесі жарияланады. Қаламгердің өлең, әңгіме, очерктері «Смена», «Степная правда» т.б. газеттерде басылады.

«Малинник» әңгімелер жинағының авторы. 1924-1928 жж. – өскемендік «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің жетекшісі. Бірлестік шығарған бір ғана жинаққа жазушының «Белый Атаман» (1928) поэмасынан үзінді жарияланған. 1926-1931 жж. "Степная правда" (Семей) және "Советская степь" (Алматы) қазақстандық газеттер редакциясында жұмыс істейді.

М. Ф. Иванусьев-Алтайскийдің публицистикалық дарыны "Болото", "Механизированный Турксиб", "Черное золото", "Рельсы-путь к богатствам Кендерлыка", "Степная фабрика", "За Аягуз", "Идут караваны", "Город без прошлого", "Хлебный край", "Горные орлы", "Защищаем богатый край", "Кочегарка Казахстана" т.б. очерктер сериясынан байқалады.

Очерктер оның "Наступление гигантов" (1930), "Северо-восток" (1931), "Что вы знаете о Казмедьстрое и Караганбассе" (1931) кітаптары негізінде жазылған. 1931 жылы Иванусьев-Алтайский Самараға барып, "Волжская коммуна" және "Колхозная жизнь" газеттерінде жұмыс істейді, "Разведчики" және т.б. бірқатар шығармаларын дүниеге әкеледі.

1934 жылы ақын Алматыға оралып, "Казахстанская правда" газеті және "Литература и искусство Казахстана" журналы редакциясында қызмет атқарады. С. Мұқанов, М. Әуезов шығармаларын аударумен шұғылданады.

1937 жылы Өскемен қаласына оралады. Осы жылы-ақ қаламгерді партия құрамынан шығарып, кейін қамауға алады.

Қайтыс болғандығы туралы мәліметтер әртүрлі. Кей деректерде – 1937 жыл болса, енді бірінде – 1938 жылы 5 жылға еңбекпен түзеу лагеріне жөнелтіліп, қайтып оралмаған делінген. Жерленген жері белгісіз.

 

 

 

М. Ф. Иванусьев-Алтайский шығармалары

Произведения - Иванусьев-Алтайский М. Ф.

 

Кітаптар – Книги

 

Иванусьев-Алтайский, М. Ф. Возвращенные миллионы [Текст] / М. Ф. Иванусьев-Алтайский. - Алма-Ата, 1930. - 18 с.

 

 

М. Ф. Иванусьев-Алтайский туралы әдебиеттер

Литература о М. Ф. Иванусьев

 

Кітаптар – Книги

 

Черных, С. Е. Под небом Алтая [Текст] : статьи / С. Е. Черных. - Алма-Ата : Жазушы, 1988 – 282 с. - Время взлета. - Иванусьев-Алтайский М. Ф. : с. 16, 55

Черных, С. Е. Начало положила крепость... [Текст] : сборник очерков, статей / С. Е. Черных. - Усть-Каменогорск : Б. и., 2004. - 150 с.- Иванусьев-Алтайский М. Ф. : с. 72

Джолдасбекова, Б. Русские писатели Казахстана [Текст] : биографический справочник / Б. Джолдасбекова, Э. Какильбаева. - Алматы : Қазақ университеті, 2011. - 203 с.