Известные имена

Молдажанов І. Ы.

Молдажанов (Молдожанов) Ильяс Исмаилович (1900 – 1938) – общественный деятель, поэт, журналист, участник движения АлашМолдажанов Ілияс Ысмайылұлы (1900 – 1938) – қоғам қайраткері, ақын, журналист, Алаш қозғалысына қатысушы.

Семей облысының Бесқарағай болысы Қараторғай ауылында дүниеге келген (қазір Бөдене ауылы, Бесқарағай ауд., Шығыс Қазақстан облысы). 1914 жылы екі классты орыс-қазақ мектебін бітіреді. 1914-1918 жж. Семей облысы Глуховка с. пошта станциясында кеңсе хатшысы және Алашорда кавалерия полкының қару-жарақ және киім-кешек қоймасына жауапты болады. 1918-1921 жж. кавалерия полкы мен бригада хатшысы, 3-ші Қырғыз кавалерия полкының әскери комиссары қызметтерін атқарады. 1921-1924 жж. Орынбор және Семей қ. партиялық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сол кезеңде ҚазССР-і Халық ағарту комитетінің саяси ағарту жұмыстарын жүргізетін Бас басқарманың үгіт бөлімі меңгерушісінің орынбасары, губерниялық атқару комитеті әкімшілік бөлімінің басшысы, Семей губерниялық жер басқармасы меңгерушісі, Павлодар атқару комитеті төрағасы, «Қазақ тілі» газетінің редакторы қызметтерін атқарды. 1925-1926 жж. Орталық Азия басқармасы төрағасы және Қаз ССР-і НКВД коллегиясының мүшесі. Павлодар университеті (1925), Қызылжар губерниясы (1926-1928), Гурьев қ. (қазір Атырау) және Қостанай округтік атқару комитеті (1929-1932), Алматы облыстық атқару комитеті (1932-1935) төрағасы қызметінде болды. 1935-1937 жж. ҚАССР-інің қаржы халық комиссары болған. 1937 жылы 29 шілдеде Алматы облысы НКВД 4-ші бөлімі қамауға алды. 1938 жылы 13 наурызда СССР Жоғарғы Сотының Әскери Коллегиясының үкімімен ату жазасына бұйырылады. 1959 жылы 30 шілдеде СССР Жоғарғы Сотының Әскери Коллегиясы қылмыстық ісі болмауы себепті толық ақтады.

И. И. Молдажановтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и творчестве И. И. Молдажанова

 Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Молдажанов Ілияс Ысмайылұлы:  б. 534-535.

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы : Арыс баспасы, 2009.- 544 б. - Молдажанов Ілияс Ысмайылұлы: б. 243.

Тілешов Е. Алаш қозғалысы [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Е.Тілешов, Д. Қамзабекұлы. – Алматы : Сардар, 2014. - 528 б. - Молдажанов Ілияс Ысмайылұлы: б. 301-311.

***

Мұхаметханов, Қ. Iлияс Молдажанов [Мәтін] :  азамат соғысы ерлерiнiң бiрi көрнектi журналист туралы  // Қазақ әдебиетi. - 1967. - 31 март. 

Тасымбеков, А. Жан дауысы  [Мәтін] :  деректі публицистикалық повесть  / А. Тасымбеков.  -  Алматы : Жалын, 1994 .  - 176 б. - Ілияс Молдажанов:  б. 155-156.

Түкісо,в У. Ұлағат [Электрондық ресурс] : [аса дарынды халық перзенттері Н. Баймұратов пен  І. Молдажанов туралы ] / У. Түкісов. - Семей :  2001. - 200 б. 

Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін] Т. 5 : Мақалалар. Зерттеулер,  2007.  -  344 б. - Ілияс Молдажанов: б. 252-258.

Тауқымет пен тағзым  [Мәтін] :  1937-2007. - Алматы : РИИЦ-Азия,  2007. - 296 б. – Ілияс Молдажанов (ол туралы)

Төлепберген, Б.  Мәңгі жас - Алаш идеясы [Мәтін] :  [І. Молдажанов туралы] / Б. Төлепберген. - Алматы,  2008. - 301 б. - Ілияс Молдажанов:  б. 161-132.

Жұмабекова,  Г. Алаш арысы  [Мәтін] : [І. Молдажанов туралы] / Г. Жұмабекова // Бесқарағай тынысы. - 2009. - 12 қыркүйек. -  Б. 4.

Қожахметұлы, А.  Жемісті жиырма жыл [Мәтін] : тәуелсіздікке жиырма жыл / А. Қожахметұлы // Бесқарағай тынысы. - 2011. - 9 ақпан. - Б. 4 ; 19 ақпан.- Б.4 ;  23 ақпан. - Б.4 ;  26 ақпан. - Б. 4;  19 наурыз. -  Б. 4; 23 наурыз. - Б. 4 ; 9 сәуір. - Б. 4 ; 6 сәуір. - Б. 4.

Итернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

Молдажанов Ильяс Исмаилович[Электронный ресурс] : [биографическая справка] // Справочник: Книга Памяти : сайт. - Режим доступа : http://www.uznal.org/book_of_memory.php?bukva=12&name=83&surname=8&repression=3  (25.08.2018)

Молдажанов Ильяс Исмаилович[Электронный ресурс] : [биографическая справка] // Министерство Внутренних дел Республики Казахстан : сайт. – Режим доступа : http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_memorial/mObl2/mObl2_М/24BFDFA466423F48E054002655122E6A (25.08.2018)