Известные имена

Сапаев Ғ.

Сапаев Ғазиз

Сапаев Ғазиз (1926-2017 жж.) – жазушы,  журналист, драматург, КСРО Журналистер одағының мүшесі, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылында дүниеге келген. Мұғалімдер техникумын, Семей екі жылдық мұғалімдер институтын, Крупская атындағы педагогикалық институтты аяқтап, ШҚО-ның Зайсан және Аягөз аудандары мектебінде жұмыс істейді. Елуінші жылдардың соңынан «Семей таңы» газеті редакциясында тілші, Семей облыстық мәдениет бөлімінде әдеби қызметкер, кейін бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады.

Алғашқы повесі - «Жыл жемісі» (1963) қазақ мектептерінде 10-сыныпқа арналған әдебиет оқулығының «Дамудың жаңа кезеңіндегі қазақ әдбиеті мен сын» бөлімінде оқуға ұсынылған (Алматы, Мектеп, 1970).

"Менің көгершінім" (1969 ж.), "Гүлдана" (1977 ж.), "Туған жерден алыста" (1982) тәрізді повестер мен әңгімелер жинақтарының авторы. "Туған жерден алыста" повесінің жалғасы – "Сағыныш" романында Ғазиз Сапаев өзінің Шыңжанда өткен 1933-1943 жылдар аралығындағы өмірін баяндайды. Ғазиз Сапаев - жазушы, педагог әрі ғалым Қайым Мұхамедханов туралы, профессор, зооветинституттың алғашқы ректоры Байдулла Садықов туралы, математик Қ. Нұрсұлтанов т. б. қала мен облыстың көрнекті адамдары жайлы мақала мен очерктердің авторы.

Жергілікті ақындар Мерғали Ыбраев, Сәду Машақов өлеңдерін орыс тіліне аударған. Ғ. Сапаев прозамен бірге драматургия саласында да еңбек етеді: Семейде Абай атындағы қазақ музыка-драмалық театрында қаламгердің "Тойым-тойы", "Қиын екен қыз дегенің" пьесалары желісінде бірнеше қойылым көрерменге ұсынылды.

Қазақстанның Жоғары Кеңесі грамотасымен және медальдармен марапатталған.

Ғ. Сапаев шығармалары - Произведения Сапаева Г.

 Кітаптар - Книги

Сапаев, Ғ. Жыл жемісі [Мәтін] : повесть / Ғ. Сапаев. - Алматы : Қаз. мемл. көркем әдебиет баспасы, 1963. - 166 б.

Сапаев, Ғ. Менің көгершінім [Мәтін] : повесть / Ғ. Сапаев. - Алматы : Жазушы, 1969. - 68 б.

Сапаев, Ғ. Гүлдана [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / Ғ. Сапаев. - Алматы : Жалын, 1977. - 171 б.

Сапаев, Ғ. Туған жерден алыста [Мәтін] : повесть / Ғ. Сапаев. - Алматы : Жазушы, 1983. - 208 б.

Сапаев, Ғ. Жол үстінде [Мәтін] : повестер / Ғ. Сапаев. - Алматы : Жазушы, 1989. - 216 б.

Сапаев, Ғ. Сағыныш [Мәтін] : роман / Ғ. Сапаев. - Астана : Фолиант, 2003. - 344 б.

Сапаев, Ғ. Бел-белестер [Мәтін] : өлеңдер, әңгімелер, хикаяттар, естеліктер / Ғ. Сапаев. - Астана : Фолиант, 2011. - 480 б.

Ғ. Сапаевтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Публикации Г. Сапаевав периодических изданиях и сборниках

 Прозасы - Проза

Сапаев, Ғ. Сүйiскен жүректер [Мәтін] : әңгiме / Ғ. Сапаев // Қазақ әдебиетi. - 1958. - 29 сентябрь.

Сапаев, Ғ. Танысу [Мәтін] : әңгiме / Ғ. Сапаев // Лениншiл жас.- 1959. - 1 август.

Сапаев, Ғ. Ана суретi алдында [Мәтін] : әңгiме / Ғ. Сапаев // Социалистік Қазақстан. - 1968. - 9 май.

Сапаев, Ғ. Сағым [Мәтін] : «Сағыныш» романынан үзінді / Ғ. Сапаев // Абай : республикалық тәуелсіз фольклорлық-этнографиялық әдеби-көркем журнал. №1(37). - Алматы : Дәуір, 1998. - 96 б. - Б. 81-94.

Сапаев, Ғ. Қыз бен қызыл диплом [Мәтін] : әңгiме / Ғ. Сапаев // Жұлдыз.- 2005. - № 12. - Б. 7-17.

Сапаев, Ғ. Қилы кезеңдер [Мәтін] : очерк / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 2008. - № 34-35, 21, 28 тамыз. - Б. 12.

Мақалалар - Статьи 

Сапаев, Ғ. Әуезов мерекесi-әдебиет мерекесi [Мәтін] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1977. - 27 сентябрь.

Сапаев, Ғ. Құштарлық [Мәтін] : [Режиссер, Қазақ ССР-iнiң еңбек сiңiрген өнер қайраткерi Е. Обаевтың өнердегi жолы туралы] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1978. - 26 декабрь.

Сапаев, Ғ. "Қысылғаннан қыз болдық" [Мәтін] : [Семей облыстық Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының комедиялық қойылымы. Авт. С. Жүнiсов, реж. Қ. Рахметов] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1981. - 14 март.

Сапаев, Ғ. "Ертеңдi күту" [Мәтін] : [Семей облыстық Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының қойылымы. Авт. Д. Исабеков, реж.: Е.Обаев, Қ.Тiлеубердинов] / Ғ. Сапаев // Семей таңы.- 1982.- 30 январь.

Сапаев, Ғ. Семей сахнасында тұңғыш оперетта [Мәтін] : [Семей облыстық Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының "Түлкi бикеш" қойылымы. Авт. Эрве, реж. Е. Обаев] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1982. - 31 декабрь.

Сапаев, Ғ. "Соңғы көш" [Мәтін] : [Қазақ ССР Мемлекеттiк сыйлығына ұсынылған Қ. Жұмадiловтiң "Соңғы көш" романы туралы] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1982. - 23 сентябрь.

Сапаев, Ғ. "Масханадағы маскарад" [Мәтін] : [Семей облыстық Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының комедиялық қойылымы. Авт. С. Жүнiсов, реж. Т. Өмiрзақов] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1983. - 6 март.

Сапаев, Ғ. "Ұл мен қыз" [Мәтін] : [Семей облыстық Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының қойылымы. Авт. К. Мәжhүр-Жүсiпов, реж. Е. Обаев] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1984. - 13 апрель.

Сапаев, Ғ. "Қайран Майра" [Мәтін] : [Семей облыстық Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының "Қайран Майра" қойылымы. Авт. Ғ. Мүсiрепов; реж. Е. Обаев ] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1986. - 27 март.

Сапаев, Ғ. "Қашқар қызы" [Мәтін] : [Семей облыстық Абай атындағы музыкалы-драма театрының қойылымы. Авт. С. Мұқанов, реж. Е. Обаев] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1986. - 11 декабрь.

Сапаев, Ғ. Беймаза әйел [Мәтін] : [Семей облыстық Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының қойылымы. Авт. А. Жағанова, реж. Е. Обаев] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1987. - 9 апрель.

Сапаев, Ғ. Ана тілі - бүгінің, ертеңің де [Мәтін] : ана тілімізді дамыту мәселелері жайлы / Ғ. Сапаев // Дидар. - 1997. - 25 қазан.

Сапаев, Ғ. Кемеңгердiң сөзi - алтын [Мәтін] : [М. Әуезовтiң 100 жасқа толуына орай] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1997. - 15 ақпан.

Сапаев, Ғ. Қаламы қарымды қаламгер [Мәтін] : [Журналист, ақын жерлесіміз Ж. Алмабаевтың шығармашылығы жайында] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1998. - № 44, 9 желтоқсан. - Б. 9.

Сапаев, Ғ. Сәтбаев планетасы [Мәтін] : [Белгілі жазушы М. Сәрсекенің "Қазақтың Қанышы" атты роман-эссесіне пікір] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1999. - № 5, 11 тамыз. - Б. 9.

Сапаев, Ғ. Толқыған ойдан - толымды туынды [Мәтін] : [Ырысқан Мұсаұлының "Ағасұлтан"романына пікір] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 2000. - 6 қазан. - Б. 4.

Сапаев, Ғ. Ақын болуды аңсадым [Мәтін] : [Жазушы Ғазиз Сапаев соңғы кезде өзінің шығармашылық жолын ой елегінен өткізіп, "Мен қалай жазушы болдым?" деген тақырыпта шағын көлемді естелік жазып бітірді. Сол естеліктің өлеңге байланысты бір тарауы ұсынылып отыр] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 2001. - № 35. - Б. 4; № 36. - Б. 11.

Сапаев, Ғ. Бір кездесу [Мәтін] : [Ғабиден Мұстафиннің туғанына 100 жыл толуына орай ] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 2002. - № 35. - Б. 9-10.

Сапаев, Ғ. Асыл кездiк қын түбiнде жатпайды [Мәтін] : [Ырысхан Мұсаұлы туралы] / Ғ. Сапаев // Қазақ әдебиетi. - 2003. - № 45, 14 қараша. - Б. 14.

Сапаев, Ғ. Журналистiк жолда [Мәтін] : "Семей таңы" газетiнiң 85 жылдығына байланысты естелiк / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 2004. - № 50, 3 желтоқсан. - Б. 11, 15.

Сапаев, Ғ. Шығармашылық жолда немесе мен қалай жазушы болдым [Мәтін] : естелiк / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 2006. - № 15, 13 сәуiр. - Б. 4.; № 16, 20 сәуiр. - Б. 3.; № 17, 27 сәуiр. - Б. 14.

Сапаев, Ғ. Педагог және артист [Мәтін] : Семейдiң педагогикалық. институтының ұстазы, М. Әуезов ұйымдастырған "Ес - Аймақ" тұңғыш ағарту қоғамының белдi мүшесi Ғалиакбар Төребаев туралы / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 2007. - № 37, 13 қыркүйек. - Б. 9.

Сапаев, Ғ. Бiздiң Бораш [Мәтін] : "Семей таңы" газетiнiң 90 жылдығына орай редактор, ардагер журналист Боранбай Мауқаевты еске алу / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 2009. - № 27, 9 шiлде. - Б. 9.

Сапаев, Ғ. Өмiр айнасы [Мәтін] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 2009. - № 48-49, 3 желтоқсан. - Б. 13.

Сапаев, Ғ. Астана - елiмiздiң мақтанышы [Мәтін] : ардагер журналистiң мақаласы / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 2011. - № 44, 5 шiлде. - Б. 1.

Ғ. Сапаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер - Литература о жизни и творчестве Сапаева Г.

Кітаптар - Книги

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы : Аруна, 2005. - 576 б. - Сапаев Ғазиз: б. 454.

Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. - 392 б. - Сапаев Ғазиз: б. 264.

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы : Ан Арыс, 2009. - Сапаев Ғазиз: б. 339.

Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. - 96 б. - Сапаев Ғазиз: б. 81.

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б. - Сапаев Ғазиз: б. 145.

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. - Сапаев Ғазиз: б. 656-657.

***

Гайнуллина, Ф.А. Литература Семипалатинского Прииртышья [Текст] : Учебное пособие : о Медеу Сарсекееве / Гайнуллина Ф.А. - Семипалатинск, 2002. - 132 с. - Сапаев Газиз: с. 89-90.

Литература Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан ; Комитет информации и архивов. - Алматы : Аруна; Қазығұрт, 2010. - 528 с. - Сапаев Газиз: с. 424.

Писатели Семипалатинского региона [Текст] : биобиблиографический указатель / Семипалатинская универсальная научная библиотека им. Абая. - Семипалатинск : Талант, 2006. - 82 с. - Сапаев Газиз: с. 62.

 Мақалалар - Статьи

Ахметбекова, А. Алдыңда ағаң болған қандай жақсы. [Мәтін] : ["Семей таңы" газетінің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында қаламы жүйрік Ғ.Сапаев, Н.Оспанов,Ә.Маусымбеков сынды қаламгерлер туралы] / А. Ахметбекова // Семей таңы. - 1999. - 11 тамыз.- Б.3.

Жұмаділ, Қ. Қос қарлығаш [Мәтін] : [Жазушы Ғазиз Сапаев 70 жаста] / Қ. Жұмаділ// Қазақ әдебиеті. - 1996. - №29, қазан.- Б.15.

Төлепберген, М. "Шекара бұзушы" [Мәтін] / М. Төлепберген// Егемен Қазақстан. - 2006. - 22 наурыз.- Б.11.

Калелов, Ғ. Екеуіне бір тілек [Мәтін] : [Жазушы Ғ. Сапаевтың "Менің көгершінім" повесіне сын] / Ғ. Калелов // Коммунизм туы . - 1970. - 15 январь.

Құттықтаймыз [Мәтін] : [Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы секретариатының жазушы Ғ. Сапаевты 60 жасқа толуына байланысты құттықтауы] // Қазақ әдебиеті. - 1986. - 10 октябрь.- Б.13.

Мағауина, З. Семейді кезінде қалай жырлаған? [Мәтін] / З. Мағауина // Ертіс өңірі. - 2008. - 5 қараша. - Б. 8.