Известные имена

Байбатшин Ә. Б.

baibatchin a bБайбатшин Әубәкір, Өскемен қаласы,  РиддерГлубокое, Ұлан, Күршім аудандарының Құрметті  азаматы (1914-2011) 

Әубәкір Байбатшин Павлодар облысы, Май ауданына қарасты, Үлкен Ақжар ауылында 1914 жылы 22 ақпанда дүниеге келген. Ерте жаста әке-шешеден айырылып, әуелі балалар үйінде, кейін мектеп-интернатта тәрбиеленді.

Жеті жылдық мектеп интернатты бітірген соң Абай атындағы Семей педагогикалық техникумына оқуға түседі. Семей педагогикалық училищесін бітіргеннен кейін, мұғалім, меңгеруші болып жұмыс істеді. 1937 жылы Риддер қаласындағы N 10 жетіжылдық мектепте физика және математика пәнінің мұғалімі, директоры болды.
Болашақ жары 1940 жылы Қайырбану Қыдырханқызы -Өскеменнің коммунистік саяси ағарту техникумын үздік оқумен тәмамдап, Риддер қаласындағы N 10 мектепке мұғалім болып орналасады. Олардың таныстығы осы жерден басталады. Әубәкір1941 жылы Ұлы Отан соғысына шақырылса, Қайырбану өз еркімен 1942 жылы 15 мамырда әскери эшелонмен Риддерден майданға аттанады.
Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 2-ші Украиналық фронттың құрамында Украинаны, Молдавияны, Румынияны, Венгрияны, Чехословакияны азат етті. Одан әрі Қиыр Шығыста жауынгерлік әрекеттерге қатысты. Соғыстан кейін Шығыс Қазақстан облысының партиялық және кеңестік органдарында әр түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 1946 жылы Қайырбану Қыдырханқызына үйленіп, қос ардагер үш ұл, төрт қыз тәрбиелеп өсірген құрметті ата-ана.
Отан алдындағы еңбектері үшін 1-ші және 2-ші дәрежелі Отан соғысының, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен басқа да көптеген медалдармен марапатталды. Өскемен қаласының еңбек ұжымдарында және қатысушы жастар арасында үлкен патриоттық тәрбиелік жұмыстарды жүргізді. 2011 жылы ақпан айында қайтыс болды.

 

А. Б. Байбатчин туралы әдебиеттер – Литература о А. Б. Байбатчине

Кітаптар-книги:

 

Жеңіс деп соққан жүректер [Мәтін] : естелік кітап. - Өскемен : [б. и.], 2005. - 240 б.

Қапанов, Б. Нәрін, дарын, бәрін берген - туған жер [Мәтін] : очерктер / Б. Қапанов. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. - 703 б.

Нұқайұлы, Т. Жарқыраған қос жұлдыз [Мәтін] : Ғұмырнама / Т.  Нұқайұлы  - Өскемен : Полиграфия, 1999. - 173 б.

Ерлік - ұрпаққа мұра [Мәтін] / Оралхан Бөкей атындағы № 44 қазақ орта мектеп-лицейі. - Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2010. - 299 б.

***

Байбатчин А. Б. //Почетные граждане Усть-Каменогорска [Текст] / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск, 2008. – С.3.

 

Мақалалар –статьи:

 

Қасымов, А. Iзгiлiк iздерi: [Ардагерлер Әубәкiр және Қайырбану Байбатшиндер туралы] : [Мәтін] // Коммунизм туы.- 1990.- 6 наурыз

Айтқанұлы, Ғ. Тұсаукесер өтті [Мәтін] / Ғ. Айтқанұлы // Дидар. - 2000. – 24 маусым.

Нұқайұлы, Т. Олар ерлікпен өткен жол [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысының ардагерлері Әубәкір және Қайырбану Байбатшиндер туралы ] / Т. Нұқайұлы // "Казцинк" ААҚ жаршысы. - 2001. - №20.- Б. 3-4; N21.-3-4

Чистяков, М. Қарулас дос, асыл жар [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ерлі-зайыпты Әубәкір мен Қайырбану Байбатшиндерге арналған өлең] / М. Чистяков // Дидар. - 2002. - 3 қыркүйек.- Б.4

Әміренов, М. "Бәйтеректің" басынан Сарыарқаға көз салдым. [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. - 2004. - 21 ақпан.- Б.2

Қасымұлы, А Қарулы дос, жарасымды жар, көп болса ғой екеуіңдей асылдар !... [Мәтін] / А. Қасымұлы // Егемен Қазақстан. - 2007. - 9 мамыр.- Б.5,8.

Попова, И. Ардагер есімі ел есінде [Мәтін] / И. Попова, Н. Воронин // Ақ бұлақ. - 2011. - 15 ақпан.- Б.3.

Ұлы Отан соғысының ардагерлерi, "Парасат" орденiнiң иегерi Әбубәкiр мен Қайырбану Байбатшиндер туралы.

Нұрланқызы, А. Батыр апаларымыздың ерлiгiн ұмытпаймыз / А. Нұрланқызы // Дидар.- 2016.- 4 наурыз (№ 25).- Б. 20. 

***

Семенова, О. Истины Аубакира Байбатчина [Текст] : [Жизнь и деятельность бывш.парт. и совет.работника ...] / О. Семенова // Рудный Алтай. - 1999. - 16 февр. - С.3.

Токобаев, М. Перевалы Аубакира Байбатчина [Текст] / М. Токобаев // Рудный Алтай. - 2004. - 21 февр. - С. 1.

Почетных граждан прибавилось [Текст] // Рудный Алтай. - 2005. - 6 янв. - С. 1

Поломошнова, Л. Студия "Реал Тайм": в режиме реального времени [Текст] / Л. Поломошнова // Достық-Дружба. - 2006 - N 1-2. - №1-2. - С. 97

Попова, Н. Его имя живет в памяти людей [Текст] : [о Почетном гражданине Усть-Каменогорска и Риддера,  А. Б. Байбатчине ] / Н. Попова, Н. Воронин // Огни Прииртышья. - 2010. - 15 окт. - С. 2.

Байбатчин Аубакир Байбатчинович [Текст] : [почетный гражданин г. Усть-Каменогорска ; некролог] // Рудный Алтай. - 2011. - 10 февр. - С. 6.  

 

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы 

 

Байбатчин Аубакир Байбатчинович [Электронный ресурс] : [биография] // Официальный интернет-ресурс  Усть-Каменогорского городского маслихата : сайт. – Режим доступа :http://ukmaslihat.vko.gov.kz/ru/citizens_03.htm  (03.11.2018)

Байбатчин Аубакир Байбатчинович [Электронный ресурс] : [биография] // Победители: сайт. - Режим доступа:  https://tengrinews.kz/pobediteli/veteran/673/ (13.11.2018)

Мұхамедқалиев, С. Шаги-в-науку [Электронный ресурс]: [о Байбатчине Аубакире Байбатчиновиче] / С.Мұхамедқалиев// Проект-на-конференцию : .pdf. - Режим доступа: http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2018/01/ (13.11.2018)