Известные имена

Байдельдинов В.Н.

Байдельдинов Валиахмет НұрахметұлыБайдельдинов Валиахмет Нұрахметұлы (1932), Өскемен қаласының Құрметті азаматы

Валиахмет Байдельдинов 1932 жылы 3 маусымда ШҚО Ұлан ауданы Никитинка (қазіргі Бозанбай) ауылында дүниеге келген. Қазақстанның ағарту ісінің үздігі. Жамбыл атындағы мектеп-интернатын 37 жыл аралығында басқарды. Бірнеше рет аудандық және облыстық Кеңес депутаты болып сайланды. Оқу орнының басшысы ретінде жас мұғалімдерді тәрбиеледі. Жаңа технологиялардан хабардар болып, оқу және тәрбие беру процестеріне маңызды көптеген жаңалықтарды енгізді. «Айгөлек» жасөспірімдер клубын ашып, балалардың шығармашылықтарына шабыт берді. Өзі ашқан өнер мектебінің арқасында интернат оқушылары «Әнші балапан», «Сиқырлы қазан» және басқа да республикалық байқаулардың бірнеше рет жеңімпаздары мен финалистері атанды.

Ардагер ұстаздың еңбегі Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдар және грамоталармен бағаланды. КСРО ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұғалім.

Валиахмет Нұрахметұлы туралы:

Байдельдинов В.Н. Ақ ордасы білімнің шығыстағы [Мәтін] / Байдельдинов В.Н. - Өскемен : Панорама-Графикс, 2002. - 157 б.
Уәлиахмет.Инженерлікті қаламадым, ал артист болып кетуім әбден мүмкін еді... [Мәтін] / У. Байділденов ; сұхбат Ж. Әділбаев // Дидар. - 2010. - 30 қаңтар.- Б.5.
Байділдинов У. Ұстаздың қырқыншы көктемі [Мәтін] : [Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұғалім...әңгіме.Әңгімелескен А.Қасымов] / Байділдинов У. // Дидар. - 1997. - 29 мамыр