Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Вартанян А. М.

Вартанян Артем Мисакович – металлург, қоғам қайраткері, техника ғылымдарының кандидаты, Социалистік Еңбек Ері.Вартанян Артем Мисакович (1912–1980) – металлург, қоғам қайраткері, техника ғылымдарының кандидаты, Социалистік Еңбек Ері.

1912 жылы 25 шілдеде Армян ССР-і (қазір Армения Республикасы) Карсе қаласында дүниеге келген.

1933 жылы Солтүстік-Кавказ түсті металдар институтын бітірді. Соғысқа дейін Орджоникидзе қ. «Электроцинк» зауытында смена мастері, цех басшысы, бас инженердің орынбасары қызметін атқарды. Сонымен бірге, Константиновка қаласында, Донбасс мыс зауытында бас инженер болды. Ереван алюминий және Березник магний зауыты құрылысына басшылық жасады.

1941-1949 жж. – Шымкент қорғасын зауытында бас металлург, бас инженер және директор қызметін атқарды. 1949-1963 жж. - Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты (қазір Казцинк ЖШС) директоры болды. Оңтүстік Қазақстанда совнархоз басшысы, химия өнеркәсібі басқармасының басшысы, түсті металдар министрінің орынбасары болды. 1966 ж. – Қазақ ССР Министрлер Кеңесі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

А. М. Вартанян түсті металдар саласының ірі маманы болды. Ол барлық учаскелерде өзін жоғары білікті маман және талантты ұйымдастырушы ретінде көрсетті. А. М. Вартанян Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты құрылысы (қазір Казцинк ЖШС), комбинатты игеру және өркендету ісіне ат салысып, оны 14 жыл басқарды.    

А. М. Вартанян кәсіпорын инженерлерімен бірге металл тотығын өңдеу схемасын енгізді, ал, ол алынған металл тотығы өнімдерін цехты кеңейтпей-ақ, қайта өңдеуге мүмкіндік берді. А. М. Вартанян өндіріс технологиясын жетілдіру және кәсіпорын ячейкаларын басқаруға қатысты көптеген жұмыстардың авторы. 1961 жылы комбинат еліміздегі металлургиялық өнеркәсіп орындары арасында алғашқының бірі болып коммунистік еңбек ұжымы атағына ие болып, Ленин орденімен марапатталды.

1961 жылы күрделі инженерлік тапсырмаларды шешуге, өндіріс пен технологияны жетілдіруге қосқан үлесі үшін А. М. Вартанянға Лениндік сыйлық тапсырылды. Түсті металлургия саласында қол жеткізген жетістіктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1963 ж. 20 шілде Жарлығымен   А. М. Вартанянға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Артем Мисакович обком, Қазақстан КП ОК пленумдары және қалалық комитеттің бюро мүшесі, ҚазССР Жоғарғы Кеңесі және қалалық Еңбекшілер депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ол Орталық Комитет және Қазақстан КП ОК мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеңесі және ҚазССР депутаты, КПСС XXII съезінің делегаты болды.

Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендері, бірнеше медальдар, ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы және «Социалистік жарыс жеңімпазы» белгілерімен марапатталған.

1980 жылы 12 қазанда Алматы қаласында қайтыс болды.

 

 

Деректер

Источники

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Вартанян Артем Мисакович: б. 296.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Вартанян Артем [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (09.01.2018)