Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Ағзамов М.

Ағзамов МұхамедоллаАғзамов Мұхамедолла Сағидоллаұлы 1951 жылы 2 желтоқсанда Көкпекті ауданы Өрнек ауылында туған. 1967 жылы Үлгілі Малшы ауылындағы Абай атындағы орта мектепті алтын белгімен бітірген. Еңбек жолын осы совхозда тракторшылықтан бастап, сол жылы Қызыл Ту орденді Қазақ ауылшаруашылық институтының (қазіргі Қазақ Ұлттық Аграрлық Университет) механизация факультетіне түскен. 1972-1975 жылдары Өскемендегі ауылшаруашылық техникумында методист, сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі, комсомол ұйымының хатшысы қызметтерін атқарды. 1975-1978 жылдары Үлбі металлургия зауытына жұмыс істеді. 1978-1988 жылдары Көкпекті, Ұлан аудандарында әртүрлі қызмет істеді. 1988-1992 жылдары- Алматы қаласындағы ғылыми – өндірістік «Казсельхозмеханизация» бірлестігінің инженері, 1992-2007 жылдары Ұлан ауданы Передовой совхозының директоры, шаруа қожалығының басшысы болып қызмет атқарды. 2007-2010 жылдары Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институының Бас директоры, 2010 жылдан «Айыртау» ауылында «Колос» шаруа қожалығының басшысы. Техника ғылымдарының кандидаты- Философия докторы (Ph.D). 27 ғылыми мақаланың , 6 авторлық куәліктің иесі. «Тыңға 50 жыл», «Тәуелсіздікке 20 жыл» медалдарының иегері. «КСРО ауылшаруашылығы саласында ең үздік инженер-техникалық қызметі үшін» конкурсының жеңімпазы; Армреслингтен 7 мәрте Азия чемпионы, Әлем чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері. «Спорты дамытудағы еңбегі үшін» медалінің иегері (Монғолия), Алматыдағы Қазақ Аграрлық Университетінің Құрметті профессоры, Шығыс Қазақстан Аймақтық Университетінің профессоры; Армреслингтен халықаралақ дәрежедегі спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші, гир спортынан халықаралық дәрежедегі төреші, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, ҚР Құрметті спорт қызметкері, ҚР армреслинг және гир спорты Федерациясының Құрметті Президенті, Азия (AAF) Армреслинг Федерациясының Құрметті Президенті, Бүкіләлемдік Армреслинг Федерациясының Құрметті Вице-Президенті.

Ағзамов М. туралы

Тлеухан, Айбек. Тұлға. Личность. Personage [Мәтін] / А. Тлеухан. - Семей : [б. ж.], 2011. - 228 б.
Атажұртым - Көкпекті [Электрондық ресурс] : [Көкпекті ауданының 80 жылдығына арналған.] / А. Тлеухан, Ә. Жайсан . Т. 2., 2010. - 371 б.
Бидельманов С. Е. Ұлан ауданының спорт жұлдыздары [Мәтін] / С. Е. Бидельманов. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. - 272 б
Елубай О. Аялайық Алтайды [Мәтін] : (Деректі әңгіме, жолжазба, очерк,толғау, мақалалар) / Елубай О. - Өскемен : [б. ж.], 2004. - 227 б.
Қасымұлы А. Арулар әлемі [Мәтін] / Қасымұлы А. - Усть-Каменогорск : Шығыс баспа, 2000. - 121 б.

Мерзімді басылым беттерінен:

Қадылбекұлы Ә. Жігері мұқалса, ол Мұқан ба? [Мәтін] : [Спортшы Мұқан Ағзамов туралы] / Ә. Қадылбекұлы // Ертіс өңірі. - 2011. - 24 тамыз.- Б.13.
Қадылбекұлы, Әлімжан. Осы спорт түрлерін республикада дамытып отырғаныма 30 жылдай болды [Мәтін] / Ә. Қадылбекұлы // Дидар. - 2010. - 7 қыркүйек.- Б.5.
Тоқпатаев У. Ар - намыстан жаралған [Мәтін] / Тоқпатаев У. // Дидар. - 2003. - 29 қараша.- Б.4
Тоқпатаев У. Арнамыстан жаралған азамат [Мәтін] / Тоқпатаев У. // Егемен Қазақстан. - 2003. - 20 желтоқсан.- Б.6
Шөмшеков С. "Қаңбақ шалдан" хат [Мәтін] : [Ұлан ауданы "Масақ" шаруа қожалығының төрағасы Мұхамедолла Ағзамов туралы бір үзік сыр] / Шөмшеков С. // Дидар. - 2001. - 4 желтоқсан.- Б.3
Әліпбаев С. Мұқан Ағзамовтың әлемі [Мәтін] / Әліпбаев С. // Дидар. - 2000. - 15шілде.- Б.
Елубай О. Мұқан жасаған мәшине [Мәтін] : [Шегірткіні қыратын қондырғыны өндіріске енгізген М.Ағзамов туралы ] / Елубай О. // Егемен Қазақстан. - 2000. – 24 наурыз.- Б.
Бота Ә. М. Ағзамов- ғылым кандиданты [Мәтін] : [Ұлан ауд. Завидное ауылының "Колос" шаруа қожалығының төрағасы техника ғылымының кандиданты] / Бота Ә. // Дидар. - 1999. - 12 қаңтар.- Б.