Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Боқаев С. Х.

bokaev

Боқаев Сәдуақас Хасенұлы (1907-1942) - физика-математика ғылымдары бойынша қазақтан шыққан тұңғыш ғалым

1907 жылы 17 наурызда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысыАбай ауданы Көкбай ауылында туған. Сауатын Зайсанда ашқан. Әкесі Сәдуақасты кішкене күнінен бастап, інісі Тайыр Жомартбаев (қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, ақын және драматург) пен келіні Адгия Фархисламовнаның тәрбиесіне береді. Соның арқасында мектеп бағдарламасы көлемінде математиканы жақсы игеріп, Орынбор халық ағарту институтының физика- математика бөліміне оқуға жіберген. Институтта сабақ берген К.И. Торопов Сәдуақастың қабілетін байқап, институт директорының алдына С. Боқаевты Мәскеуге оқуға жіберу туралы мәселе қояды. Сөйтіп С.Боқаев Орынбор Халық ағарту институтының физика- математика бөлімін, 1928 жылы І Мәсеку мемлекеттік университетінің астрономия –математика бөлімін бітірген.

Сол жылы аталмыш университеттің аспирантурасына түсті. Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің негізін қалаушылардың бірі, физика-математика факультетінің алғашқы деканы.

1932-1936 жылдары Қазақ педагогикалық институтының ассистенті, кафедра меңгерушісі, деканы, профессоры, Қазақ мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарып, студенттерге математиканың арнаулы салаларынан дәріс оқыды. Жас ғалым 1935 жылы 28 жасында Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы математика және механика ғылыми-зерттеу институтында кандидаттық диссертация қорғады.

Сәдуақас Хасенұлы дифференциалдық  теңдеулер, арнаулы функциялар, конформдық түрлендіру теориясының  және олардың механикада  қолданылу мәселелерін зерттеумен айналысты. Орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын құрастырды. «Сырттан оқитын педагогикалық техникум» (1932) оқулығының авторы. Ол Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы терминология комиссияның мүшесі болды.
Садуақас Хасенұлы - дарынды математик, өзінің қысқа, бірақ жарқын да мазмұнды өмірінде қазақстандық математиктердің, педагогтардың, инженерлердің, экономистердің, сондай-ақ еліміздің мектептері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының жаңа әрі жас толқынын дайындауға баға жетпес үлес қосқан ғалым.
1937 жылы 30 жасында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. .
2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің физика-математика факультетінде Сәдуақас Боқаевтың туғанына 100 жыл толу құрметіне «Физика-математика пәнін оқытудың әдістемесі мен теориясы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция және Семей қаласындағы педагогикалық институттың студенттері арасында олимпиада өтті. 

 

С. Боқаев туралы әдебиеттер

Литература о С. Бокаеве

 

Шығыс Қазақстан облысы. Әнциклопедия. /Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014.- 848 б. – Боқаев С:275.

 

Мерзімді басылым беттерінен

Публикации в периодической печати

 

Жаңбырбаев, Б. Ерте жанған жұлдыз [Мәтін] / Б. Жаңбырбаев // Егемен Қазақстан. - 2005. - 30 қараша.- Б.8

Өтеғұлова, Г. Е. Математиканы оқыту үрдісінде патриоттық тәрбие [Мәтін] / Г. Е. Өтеғұлова // Білім. - Алматы, 2009. - N 4.- Б.65-68.

Өтеғұлов, Г.Е. Математиканы оқыту үрдісінде патриоттық тәрбие [Текст] / Г.Е. Өтеғұлов // Білім = Образование . - 2009. - № 4. - С. 65-68 б.- Библиогр.: 2 атау.

Жәлелов, Ә. Сәдуақас Боқаев - қазақтың алғашқы математик-ғалымы [Мәтін] : [Семей облысы Абай ауданынан шыққан тұңғыш математик туралы] / Ә. Жәлелов // Қазақ тарихы. - 2020. - №7.- Б.33-35.