Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Күшікбай батыр Қанайұлы

503740b976730Күшікбай батыр Қанайұлы (18ғ. 2-жартысы.- өлген жылы белгісіз.)

Күшікбай – ХVІІІ ғасырдың соңында өмір сүрген қазақ батыры.Орта жүз, Уақ  тайпасынан шыққан. Батыр жайын­дағы нақты деректер мардымсыз болғаны­мен, ел ішіндегі аңыздан мәлімі, қоныс ет­кен жеріне тосыннан шабуылдап, ауыл­дас­тарының малын тартып әкеткен ойрат-қалмақтардың соңынан түре қуып келіп, осы жерде айқасқа түскен. Өн бойына шешек қаптап, ауыр халде жатқанына қарамастан, атқа қонған ол жаудың бетін қайтарғанымен, жарақаты ауырлап, жасы 20-дан енді асқанда осы жерде найзасына сүйеніп тұрып жантәсілім еткен.

Ұлы жерлес жазушымыз Мұхтар Әуезов: «Күшікбай батыр 21 жасында дүние салған екен. Ерте күннен батыр атағын алған. Ол қолбасы атанған тұста шешек тиіп, көп уақыт қозғала алмай жатып қалады. Осыны білген дұшпандары оны қапыда алмақшы болады. Кек буған батыр жалаңаш денесіне желбегей жамыла салып, жауға атой беріпті. Жауын жеңген ол осы асуда ат үстінде найзасына сүйенген қалпы жантәсілі етіпті» деп суреттейді. Күшікбай жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен белгілі батырлардың бірі. Ол батырлығына қоса нашарға қайырымды, әділдігімен аты шыққан адам.

Күшікбай кезеңіСемеймен Шыңғыстауарасындағы Абайсан рет тоқтап, басында түнеген бекет. Семей қаласынан Абай еліне дейін 60 шақырымдай, Арқалықтауынан асатын тұсты «Күшікбай кезеңі» деп атайды. Арқалық тауының биік төбе басында Күшікбай батыр жерленген.Ұлы жазушы М. Әуезов 1917 жылы жазған "Қорғансыздың күні" әңгімесінде Күшікбайдың ерлігі баяндалған. Жазушы Роллан Сейсенбаев  «Намыс» повесінде Күшікбай бейнесін сомдаған.

2013 жылы Семей қаласында құралған құрылған «Күшікбай батыр» қоғамдық қорының демеушілігімен батырдың басына кесене орнатылған. Монументтің биіктігі 21 м.

2012 жылы Күшікбай батырдың монументінің ашылуына арналған кітапша жарық көрді.

Қанайұлы Күшікбай туралы:

  • Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасыШығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.- Б. 418..
  • Сейсенұлы Д. Қорғансызға қорған керек [Мәтін] / Д. Сейсенұлы // Ертіс өңірі. - 2009. - 9 қыркүйек.- Б.12-13.
  •  Имашұлы М. Күшікбай батыр [Мәтін] / Имашұлы М. // Семей таңы. - 2003. -  20-26 маусым.- Б.14.
  •  Ұлылар мекені [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2005. -  18 тамыз.- Б.12.
  •  Байқадиұлы С. Күшікбай батыр ұлықталмақ [Мәтін] / Байқадиұлы С. // Ертіс өңірі. - 2010. - 6 қазан.- Б.3.
  •  Бәшеев К. Күшікбай батыр [Мәтін] : [Семей өңірі Уақтан шыққан Күшікбай батыр Қанайұлы туралы] / К. Бәшеев // Ертіс өңірі. - 2010. - 3 қараша.- Б.13.
  •  Қасымжанұлы, Сәтжан. Күшікбай батырға [мәтін] : тарихи белгі қойылды / С. Қасымжанұлы // Семей таңы. - 2012. - 24 тамыз.- Б. 1.
  • Нұғманбекова , Раушан. Күшікбай батырға ескерткіш орнатты.  [Мәтін] : [Семейден Қарауылға шыға берістегі Күшікбай кезеңіне батырға арналған монумент қойылды.] / Р. Нұғманбекова  // Дидар. - 2012. - 30 тамыз.- Б.2.
  •  Сейсенұлы , Дәулет. Әуезов кейіпкеріне қашан ескерткіш қойылады? [Мәтін] / Д. Сейсенұлы  // Дидар. - 2012. - 1 қараша.- Б.19.
  •  Битан, Азамат. Жер кіндігі -Жидебай немесе Абай ауылына саяхат [Мәтін] / А. Битан // Менің өлкем. - 2013. - 8 тамыз.- б. 9.
  •  Исабаев , Бекен. Ұлылар мекені-Ақшоқы [Мәтін] / Б. Исабаев  // Ертіс өңірі . - 2015. - 18 тамыз.- Б.12-13.

http://abayeli.kz/index.php/en/world-1/item/289-k-shikbaj-batyr

http://qamshy.kz/home/show/4302

http://ortalyk-kaz.kz/publ/tarikh/k_shikbaj_batyr/5-1-0-12206