Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Дайыров М. Қ.

Даиров Муслим Кадылбекович

Дайыров Мүсілім Қадылбекұлы (1959) - генерал-майор

1959 жылы 29 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауылында дүниеге келген. 1976 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Түмен инженерлік әскерлерінің маршалы А.И. Прошляков атындағы Жоғары әскери-инженерлік командалық училищесіне оқуға түсіп, кейін инженерлік қару-жарақ машиналарын пайдалану мамандығы бойынша жұмыс істеді.

1980 жылы Түмен жоғары әскери-инженерлік командалық училищесін, ал 1991 жылы В.В. Куйбышев атындағы әскери – инженерлік академиясын бітірді.

Қызметін инженерлік-саперлік батальонның инженерлік-саперлік взводының командирі болып бастады.

1983 - 1986 жж. – Инженерлік-саперлік рота командирі.

1986 - 1987 жж. – Мотоатқыштар полкі кадрының инженерлік қызметінің бастығы.

1987 - 1988 жж. – Оқу орталығының инженерлік қызметінің бастығы.

1991 - 1993 жж. – Жеке инженерлік-саперлік батальонның командирі.

1993 - 1998 жж. – ҚР ҚМ инженерлік әскерлер басқармасының аға офицері.

1998 - 2003 жж. – ҚР ҚК Бас штабы инженерлік әскерлер басқармасы штабының бастығы, бастығының орынбасары лауазымдарын қатар атқарды.

2003 - 2004 жж. – ҚР ҚК оқ-дәрілер арсеналдары мен базалары Бас басқармасы бастығының орынбасары.

2004 - 2007 жылға дейін – ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитеті арнайы әскерлер департаментінің бастығы.

2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін-ҚР ҚК Арнайы әскерлер Бас басқармасының бастығы.

1981 жылдың желтоқсанынан 1984 жылдың сәуіріне дейін ДРК-да әскери көмек көрсету үшін Кеңес әскерлерінің құрамында қызмет етті.

2-дәрежелі «Даңқ», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, «Ерлігі үшін» медалімен және 9 медальмен марапатталған.

М. Қ. Дайыров туралы әдебиет

Литература о М. К. Даирове

Генералы Казахстана. Биографический справочник .-Алматы : Арыс.-2006.-400 с.

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

Биография