Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Жанабергенов Е. А.

Жанабергенов Елемес Алимханович

Жанабергенов Елемес Әлімханұлы (1958) - генерал-майор, ҚР ҰҚК құрметті қызметкері

1958 жылы 22 қарашада Семей облысында дүниеге келген.

Ф.Э. Дзержинский атындағы Жоғары шекаралық командалық училищені, М. В. Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген.

Мемлекеттік қауіпсіздік органдарында 1977 жылдан бастап қызмет атқарады.

1982-2003 жылдары шекара заставасы бастығының орынбасары, шекара жасағы штабы бастығының орынбасары, жасақ бастығының бірінші орынбасары, жасақ бастығы лауазымдарын атқарды.

2003 жылдан – өңірлік басқарма бастығының бірінші орынбасары.

2004 жылдан – Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің "батыс" өңірлік басқармасын басқарады.

2-ші дәрежелі «Айбын» орденімен, 7 медальмен марапатталған.

Е. А. Жанабергенов туралы әдебиет

Литература о Е. А. Жанабергенове

Генералы Казахстана. Биографический справочник .-Алматы : Арыс.-2006.-400 с.