Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Журба П.П.

ZhurbaPavPavЖурба Павел Павлович (1916-1989) - Кеңес Одағының Батыры.

Павел Павлович Журба  - 132-жеке саперлік батальон бөлімінің командирі (38-атқыштар дивизиясы, 40-армия, Воронеж майданы), қызыл әскер.

1916 жылы 6 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Дарственный (қазіргі Барақ батыр) ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Білімі - бастауыш. Марқакөл ауданының кен орнында асхана меңгерушісі, милиция бөлімінде қызмет атқарады. 1938 жылы Хасан көліндегі ұрысқа қатысқан. 1941 жылдан бастап Ұлы Отан соғысына қатысқан.      

Днепр үшін шайқаста ерекше көзге түсті (Сумск-Прилукск  шабуылы, 1943 ж.)

132-саперлік батальон бөлімінің командирі, қатардағы жауынгер П.П.Журба Воронеж майданының 40-армиясы қатарында жаумен шайқасты. 1943 жылы  23-30 қыркүйек аралығында  бораған оқ  астында жауынгерлік тобымен Григоровка ауылы маңында Днепрдің арғы  жағалауына 1440 жауынгер мен офицерді, 15 танкке қарсы зеңбірек, алты тонна азық-түлік пен 26 жылқыны өткізді. 1944 жылы 10 қаңтарда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин ордені, 1-дәрежелі Отан соғысы ордені, Қызыл Жұлдыз ордені және медальдармен марапатталған.

1944 жылы ауыр жарақат алған соң және госпитальда ұзақ емделуден кейін елге қайтарылады. Алматыда тұрып, облыстық ДОСААФ комитеті бастығының орынбасары, соңынан Қазақ ССР-і Еңбек резерві  министрлігінде  қызмет атқарды. 

Кейбір деректер бойынша, Өскемен қаласында облыстық Осоавиахим Советінің нұсқаушысы, соңынан  «Нарымолово» приискісінің бастығы қызметтерін атқарған. 

1989 жылы қайтыс болды.

П. П. Журба туралы әдебиет

Литература о П. П. Журбе

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Отан батырларын мадақтайды: шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары: фотоальбом = Родина награждает отважных: восточноказахстанцы – Герои Советского Союза: фотоальбом. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – 288 б.

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.354.

***

Бесстрашные: очерки о Героях Советского Союза из Восточного Казахстана. - Алма-Ата : Казахстан, 1964. - 158 с.

Герои Советского Союза казахстанцы: Сборник документов и материалов: В 2 т. - Алма-Ата : Казахстан, 1968. - Т.1. - С.271-272.

Герои Советского Союза: краткий автобиографический словарь. В 2-х т. - М.: Воениздат, 1987. - Т. 1. - С. 18.

 

Мақалалар - Статьи

 

Гришко О. Улетали журавли/ Знамя коммунизма. - 1964. - 15 янв.

Павел Павлович Журба: [Герой Советского Союза ; некролог] // Рудный Алтай. - 1989. - 1 февр. - С. 4.

 

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

"Бессмертный полк" сайты

Герои страны