Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Зарудин Ю.Ф.

3c12a80ab03ddfc17c2bee98de4b9f21

Зарудин (1972 жылға дейін Занудин) Юрий Федорович (1923) – Кеңес Одағының Батыры.

Юрий Федорович Зарудин - 42-ші атқыштар дивизиясының 459-ші атқыштар полкінің атқыштар ротасының 2-ші Белорус майданы 49-ші армиясының командирі, аға лейтенант.

1923 жылы Семей облысының (қазіргі Шығыс ҚазақстанБородулиха ауданы Бородулиха ауылында шаруа отбасында туған. 1940 жылы 8-класты бітіреді.

1941 ж. тамызда Қызыл Армия қатарына шақырылған.1942 жылы Грозный жаяу әскер училищесін бітіріп, 1941 жылдың соңында Куйбышев облысы Поволжье әскери округінде жасақталған 58 –ші дивизия құрамына енген.

Ол 49-армияның 459-атқыштар полкі құрамында Белоруссия жеріндегі ұрыстарға қатысқан. 2-Белоруссия майданының əскерлері Днепр өзеніне жетіп, Зарудиннің ротасы Могилев облысының Горец ауданындағы тактикалық маңызы бар 192,2-биіктігін басып алды. Биіктікті қайтарып алмақ болған жаудың қарсы шабуылына тойтарыс берді. Келесі күні Зарудиннің ротасы Жевань деревнясын азат етуде жау қоршауында қалып, қосымша күш келгенше берілмеді. Оның бөлімшесі алғашқылардың бірі болып Днепр өзенінен өтті. Олар көпір салып жатқан саперлердің қимылын бүркемелеп отырды. КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымеен 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Соғыстың соңғы жылы Шығыс Пруссия, Шығыс Померанск, Берлин операцияларына қатысты. 1953 жылы И. Сталин атындағы Әскери академияны, 1962 жылы КСРО Әуе күштері Бас штабындағы Әскери академияны бітірген. Төрт жыл Прикарпат әскери округінің полкін басқарған. 1956 жылы Венгриядағы бүліншілікті басуға қатысқан. 1962-73 жылдары Қиыр Шығыста дивизияны, корпусты, армияны басқарған. 1973-78 жылдары Ленинград әскери округі қолбасшысының бірінші орынбасары. 1978 жылы Солтүстік (Польша) әскери тобының қолбасшысы. 

1978 жылғы ақпаннан бастап-Генерал-полковник, Солтүстік әскерлер тобының қолбасшысы (Польша), 1984 жылғы қыркүйектен бастап - оңтүстік бағыттағы әскерлер Бас қолбасшысының бірінші орынбасары (ставка - Баку қ., Әзірбайжан ССР), 1985 жылғы қарашадан бастап - Вьетнам Социалистік Республикасындағы Бас әскери кеңесші.

1988 жылғы желтоқсаннан бастап отставкада.

Мәскеу қаласында тұрады. Ресей Батырлар қауымдастығының вице-президенті, РФ Үкіметі жанындағы Ресей мемлекеттік әскери тарихи-мәдени орталығының алқа мүшесі болады.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10-шы және 11-ші шақырылымының депутаты болып сайланады (1979-1989 жылдар).

"Звезда" Ұлы Отан соғысына қатысушылар Кеңес Одағының Батырлары қорының президенті болады.

Ленин орденімен (24.03.1945; 18.02.1981), үш Қызыл Ту орденімен (29.07.1943; 02.10.1944; 16.12.1972), Октябрь Революциясы ордендерімен (03.03.1987), Суворов 3-ші дәрежелі орденімен (18.12.1956), 1-ші (11.03.1985) және 2-ші (14.02.1945) дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, екі Қызыл Жұлдыз орденімен (30.12.1956; 21.02.1967), 3-ші дәрежелі "КСРО Қарулы Күштеріндегі 30.04.1975), медальдармен, шетелдік наградалармен марапатталған. 

Ю. Ф. Зарудин туралы әдебиет

Литература о Ю. Ф. Зарудине

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – 40.

Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

***

Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – с. 277-278.

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 532 – Т.1

Мақалалар - Статьи 

Семипалатинцы - Герои Советского Союза // Семипалатинские вести. - 2004. - 10, 24 дек.

Интернет ресурстар

Интернет – ресурсы

Герои страны

Люди: биографии, истории, факты, фотографии