Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Константинов Л.С.

Konstantinov Lvr SrgКонстантинов Лаврентий Сергеевич (1910—1948), Кеңес Одағының Батыры

Лаврентий Сергеевич Константинов 1910 жылы 10-шы қыркүйекте Новосибирск облысы, Балман селосында шаруа отбасында дүниеге келген. 5 кластық біліммен киномеханик, жүргізуші болып жұмыс істеді. 1941 жылдың  желтоқсан айынан Қызыл Армия қатарында. 1942 жылдың қаңтарынан майдан шебінде. 1943 жылдың қыркүйек айында аға сержант Л. Константинов  Воронеж майданы 3-гв. танк Армиясы 6 -гв. танк корпусының 22 гв. мотоатқыштар бригадасы автоматшылардың барлау ротасының взводын басқарды. Днепрден өту кезінде ерекше көзге түскен.

1943 жылы 23 қыркүйекте Л. Константинов Украина ССР-і, Черкасск облысы Каневский ауданы Григоровка селосының тұсында Днепр өзенінен өтіп, батыс жағалау үшін кескілескен шайқасқа қатысады. 1-2 қазан күндері Константинов барлау тобымен жау тылына өтіп, неміс әскерлерінің орналасуына барлау жасайды. Қайтар жолда жау  әскерлері байқап қалып, оқ жаудырады. Осы ұрыста Константинов қарулас достарымен жаудың 40 офицері мен солдатының көзін жояды. Константиновтың өзі жеке есебі бойынша  40 солдат пен 5 офицер көзін жойған екен.

1944 жыл 10 қаңтардағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша гвардия аға сержанты Лаврентий Константиновқа Кеңес Одағының Батыры (№2117) атағы берілді. Кіші лейтенанттар курсын тамамдаған. Соғыстан кейін Л. Константинов әскер қатарынан босады. 1948 жылы 10 ақпанда қайғылы қазаға ұшырады. Қызыл Жұлдыз, 3-Дәрежелі Даңқ орденімен, бірнеше медалдармен марапатталған. Каргат қаласында Л. Константиновке бюст, Семей облысы, Көкпекті ауданы, Чигелек ауылында  батырға ескерткіш орнатылған.

Әдебиеттер:

  • Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.396.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.131.

Интернет ресурстар:

Герой страны

Электронный мемориал