Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Рыжов Г.Т.

Ryzhov GeorgTimРыжов Георгий Тимофеевич (1919-1997) – Кеңес Одағының Батыры.

Георгий Тимофеевич Рыжов – 3-Украина майданы 46-армия, 34-гвардиялық атқыштар Енакиев Қызыл Тулы дивизиясы,  105 атқыштар полкінің бөлімше командирі, гвардия аға сержанты.

Георгий Рыжов 1919 жылы 14 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Соловьево   селосында туған. Кохозда жұмыс істеген. 1942  жылы қатарда Жаркент әскери комиссариатынан армия қатарына шақырылған. 1942 жылдың қазан айынан майдан шебінде. 34 - гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында Сталинград. Оңтүстік, 4-ші, 3-ші, 2-ші Украина майдандарында шайқасқан.

Молдавия аумағында Днестрдің оң жағалауына плацдармды бекіту кезінде көзге түскен. (Днепроско-Карпат шабуылдау операцисы Одессе операциясы,1944 ж)

1944 жылы сәуір айында лейтенант Б.С. Васильев-Кытиннің басшылығымен 11 гвардияшыл Днестр өзенінен өтеді. (Молдавия с. Раскаец ) Оң жағалаудағы маңызды биіктікті басып алған соң жауынгерлер 36 сағат бойы жаудың бірнеше қарсы шабуылына төтеп беріп, жаудың 2 рота солдаты мен офицерінің көзін құртып, көптеген қару-жарақты қолға түсірген. Топ жетекшісі ауыр жараланған кезде Г.Т. Рыжов командаваниені өз қолына алған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 13 қыркүйектегі жарлығы бойынша Днестр өзенінен өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі  қоса тапсырылды.

Кеңес Одағының Батыры атағы  топтың 11 жауынгерге де берілді: Олар -гвардия лейтенанты  Б.С.Васильеву-Кытин, гвардия сержанты  А.И.Бирюков, Ф.Н.Жиле, Н.В.Чечулину,қатардағы жауынгерлер  А.В.Балабаев (қаза тапқан соң) , В.И.Глазунов, П.А.Гнучия, Г.Е.Коробов, В.И.Ломакин (қаза тапқан соң), Т.Л.Нуркаев.

1946 жылы гвардия старшинасы Г.Т. Рыжов әскер қатарынан босайды. Алматы қаласынада тұрып, ««Дорводстрой» тресінде тас қашаушы болып істеген. 1997 жылы қайтыс болып, алматының орталық зиратында жерленген.  Ленин (13.09.1944), 1-дәрежелі отан соғысы, (11.03.1985), 3- дәрежелі Даңқ  (16.04.1944) ордендерімен,  медальдармен марапатталған.

Зырян ауданы Соловьево селосының бір көшесіне батыр есімі берілген. 

Рыжов Г. Т. туралы әдебиеттер

Литература о Рыжове Г. Т.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Олардың есімі берілген... = Их именами названы... [Мәтін] : Ұлы Жеңістің 60 жылдығына = К 60 летию Великой Победы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2005. - 12 б.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 б.

***

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.627– Т.2

Есть в памяти мгновения войны [Текст] / сост. Л. В. Аксенова. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2010. - 65 с.

Мақалалар-Статьи

Черных С. Василий Ломакиннің биіктігі [Мәтін] / Черных С., Наханов Х. // Коммунизм туы. - 1975. - 7 фев.- Б. 3.

***

Сагатов Е. Высота Василия Ломакина [Текст] : [о Герое Советского Союза Г. Т. Рыжове] / Е. Сагатов // Рудный Алтай. - 1975. - 15 февр.

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Рыжов Георгий Тимофеевич [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=18717 (29.12.2018)