Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Седнев С.Е.

SednevSergEgorСеднев Сергей Егорович (1917-1975), Кеңес Одағының Батыры.

Сергей Егорович Седнев - 23-жеке моторлы понтон-көпір батальонының моторшысы (47-армия, Воронеж майданы), ефрейтор.

1917 жылы Подгорное селосында (қазір Көкпекті ауданы Шығыс Қазақстан облысы) шаруа отбасында дүниеге келген.  Аудандық машина-трактор станциясында жүргізуші болып жұмыс істеді. 1937-1940 жылдары Қиыр Шығыста жедел әскери міндетін өтеген.  1941 жылы тамызда қайтадан әскер қатарына шақырылып, әрекеттегі армияға жіберіледі. Мотоциклмен  барлау взводында әскери қызметте болды.

1942 жылдың 22 наурызынан жеке моторлы понтон-көпір батальоны қатарында шайқасты, бұл батальон  1943 жылы 20 мамырда қайтадан құрылған 6-понтон-көпір бригадасына кірген. Батальон құрамында Брянск, Воронеж және 1-Украина майданында жаумен шайқасты.

Среднедон  (16 – 30 желтоқсан  1942 жыл), Острогож-Россошан (13 – 27 қаңтар 1943 жыл), Воронеж-Касторнен (24 қаңтар – 2 ақпан 1943 жыл), Харьков  (2 ақпан – 3 наурыз  1943 жыл), Белгород-Харьков (3 – 23 тамыз 1943 жыл), Сумск-Прилукск (26 тамыз  – 30 қыркүйек  1943 жыл), Киев  (3 – 13 қараша 1943 жыл) шабуылдарына,   Киев қорғанысы  шабуылы (13 қараша  – 22 желтоқсан  1943 жыл), Житомир-Бердичев (24 желтоқсан  1943 – 14 қаңтар 1944 жыл),  Корсунь-Шевченко  (24 қаңтар  – 17 ақпан 1944 жыл), Проскуров-Черновицк  (4 наурыз  – 17 сәуір 1944 жыл), Львов –Сандомир стратегиялық  (13 шілде  – 29 тамыз  1944 жыл), Висло-Одер стратегиялық (12 қаңтар  – 3 ақпан 1945  жыл,  Нижнесилезия  (8 – 24 ақпан 1945 жыл), Верхнесилезия (15 – 31  наурыз  1945 жыл), Берлин стратегиялық  (16 сәуір  – 8 мамыр 1945 жыл), Праж стратегиялық  (6 – 12 мамыр 1945 жыл)  шабуылдарына қатысқан.

Көптеген су тосқауылдары  шабуылынан  өтті, соның ішінде Воронеж, Дон, Оскол, Северский Донец, Псел, Днепр, Западный Буг, Сан, Висла, Одер, Нейсе, Шпрее.

Днепрден өтуде ерекше көзге түсті,  оның батальоны 47-армия қолбасшылығының жедел қарамағында болды.

Днепрден өту кезінде 47-армия бөлімшелері  1943 жылдың 25 қыркүйегі  мен 20 қазан аралығында Канев қаласы (Черкасск облысы Украина) маңайында  катермен 30-тонналық паромды жетекке алды. Жау оғы астында оң жағалауға 300 ден аса өтіп, көптеген әскери техника , әскери қару-жарақтар мен армияның жеке құрамасын жеткізді. 

1944 жылғы 3 маусымда СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен  Днепрден өтуде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Седнев Сергей Егоровичке Кеңес Одағының Батыры атағы  беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды.  

1945 жылы С.Е.Седнев әскерқатарынан босап, Киевте тұрды. Автобазада слесарь болды.

1975 жылы 28 шілдеде  Киев қаласында қайтыс болды.

Әдебиеттер:

  • Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.676.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.223.

Интернет-ресурстар: