Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Семенов А.Д.

SemenovAndreyDanilovichСеменов Андрей Данилович (1909-1943) - Кеңес Одағының Батыры.

Андрей Данилович Семенов – 104-гвардиялық атқыштар полкының рота командирі ( 36-гвардиялық атқыштар дивизиясы, 57-армия, Степной майданы), гвардия капитаны.

1909 жылы Дондағы Ростов қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген.  ВКП(б) мүшесі/КПСС. Білімі аяқталмаған орта. Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) құрылысында есепші қызметін атқарды.

1941 жылы қыркүйекте Қызыл Армия қатарына шақырылды.  1942 жылы жаяу әскер училищесін  бітіріп, 36-гвардиялық атқыштар дивизиясының 104-гвардиялық атқыштар полкына жіберіледі. Взвод, рота командирі болды. Сталинград шайқасы кезінде Червленая өзеніндегі ұрысқа, Верхняя Ельшанка және Купоросный хуторы (қазір Волгоград маңы) 62-ші және 64-ші армиясы қатарында, Сталинградты азат ету  ұрыстарына қатысты.

Бұдан кейін, Северский Донец өзенінде , Курск шайқасы, Белгород-Харьков шабуылдарына қатысты. Прелестное (Прохоров ауданы Белгород облысы) поселкесі үшін ұрыста Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

Кейінгі ұрыстарда 104-гвардиялық атқыштар полкы 1943 жылы 25 қыркүйекте Паньковка (Петриковск ауданы  Днепропетровск  облысы, Украина) селосы маңында Днепрге шықты.

Нижнеднепровск стратегиялық шабуылында ерекше көзге түсті (Днепр үшін  шайқас. 1943 ж.) 1943 жылы 26 қыркүйекте танкке қарсы рота гвардия капитаны Семеновтың  қолбасшылығымен қайықпен жасырын және еш шығынсыз Сошиновка селосы маңында Днепрден өтіп (Верхнеднепровскі ауданы Днепропетровск облысы, осы екі село да Днепродзержинск су қоймасының астында қалған)  гитлершілерге шабуыл жасады. Жау соққыны күтпестен ұрыс алаңына әскери техникалары мен құралдарын тастап қашуға бет алды. А.Д.Семенов артиллериядан топ құрып, төрт трофейлік қару-жарақтан  оқ жаудырды. Селоны басып алған соң, Семенов ротасы жауды 134,4 биігінде шабуылдады. Осы ұрыста рота командирі жарақат алғанымен қатарда қалды.

26 қыркүйекте жау контршабуылы кезінде Семенов екінші рет ауыр жарақат алып, медсанбатқа жіберілді. Ол қысқа емделуден кейін өз ротасына оралып,  1943 жылы 9 қазанда  134,4 биігінде қаза тапты.

1943 жылғы 20 желтоқсанда СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен  неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін гвардия капитаны Семенов Андрей Дементьевичке Кеңес Одағының Батыры атағы қаза тапқаннан кейін берілді. 

Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, "За оборону Сталинграда" медалімен марапатталды.

А.Д.Семенов Сошиновка селосының бауырластар зиратына жерленген, кейіннен Верхнеднепровск ауданы Днепровское қала типтес поселкесіне, ескерткіші орнатылған соң  қайта жерленді.

Әдебиеттер:

  • Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.367.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.91.

Интернет-ресурстар: