Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Силин Н.Н.

Silin Nikolay NikolaevichСилин Николай Николаевич (1922-1999) - Кеңес Одағының Батыры.

Николай Николаевич Силин – Орталық майдан 13-армия, 8-атқыштар дивизиясы, 151 атқыштар полкының батальон командирі.

1922 жылы 10 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген (қазір Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ.). Семей авто-жол техникумының екі курсын бітірген. .

1941 жылдың тамыз айында Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1942 жылы Алматы пулемет училищесін бітірген. 1942 жылдың сәуірінен Ұлы Отан соғысына қатысты.

Днепр (Чернигов-Припят шабуылы. 1943 ж.) үшін ұрыста ерекше көзге түсті. 1943 жылы 24 қыркүйекте Орталық майдан 13-армия  8-атқыштар дивизиясы 151-атқыштар полкының 1-атқыштар батальоны командирі капитан Н.Н.Силин Навозы селосы  (қазір – Днепровск,  Чернигов ауданы  Чернигов облысы) маңында Днепрден өтті. Батальон шағын плацдармды басып алып, оң жағалауға бекінді , сонымен дивизияның негізгі күшін өткізуді қамтамасыз етті. 

1943 жылы 16 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен әскери тапсырманы үздік орындап, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен капитан  Силин Николай Николаевичке  Кеңес Одағының батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» (№ 2045) медалімен марапатталды.

Подполковник Н.Н. Силин  1946 жылдан запаста.  Семей қаласында тұрды. Автокөлік  техникумын бітірген.  Облыстық автожөндеу шеберханасының директоры, кейін метиз-фурнитура заводында бас механик болды.Қоғамдық жұмысқа белсенді қатысты. 1999 жылы 30 қазанда қайтыс болды. Семей қаласында жерленген.

Қазақстан Республикасы,   полковник  (1955).Семей қаласының Құрметті азаматы (06.09.1995, қала жастарын интернационализм мен  адамгершілікке тәрбиелеуге сіңірген еңбегі үшін). 

Ленин ордені  (16.10.1943), Қызыл Жұлдыз (12.10.1944), Александр Невский (3.10.1943), 1-дәрежелі Отан соғысы (11.03.1985), Қызыл Жұлдыз (26.02.1943) орденьдерімен, медальдармен, соның ішінде  "За боевые заслуги" (25.07.1942) медалімен марапатталды.

Әдебиеттер:

  • Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.699.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.229.

Интернет-ресурстар: