Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Безголосов В.М.

Виталий Мефодьевич БезголосовБезголосов М. В. (1920-1945 жж.) - Кеңес Одағының Батыры.

1920 жылы 20 майда Шығыс Қазақстан облысы Таврия (қазіргі Ұлан ) ауданының Каменевка ауылында дүниеге келген. 1931 жылы отбасы Лениногорскіге (қазіргі Риддер) көшіп келеді.
Орта мектепті бітіргеннен кейін ФЗО мектебіне оқуға түседі, одан 1941 жылдың қазан айында әскер қатарына шақырылады. Калинин, Далалық, 1-және 4-Украин майдандарында ұрыстарға қатысады.

Ол жаудан кек алуды 1943 жылы июльде Харьков түбіндегі ұрыстардан бастады. Сол кезден бастап 1945 жылдың наурызына дейін В. М. Безголосов 279 неміс солдаты мен офицерін жойды, ал ол мергендікке үйреткен 67 жауынгер бұл есепті 600-ге жеткізді деп жазылған наградтау қағазында.

Виталий Безголосов 1945 жылдың басында болған ұрыстарда үш ай ішінде 69 гитлершілді жойып, айрықша көзге түсті. Ол жекпе-жек ұрыстарда мергендігімен талай рет жеңіске жетті. Мына жағдай Дзедзиц қаласында болған еді. Неміс мергендері біздің жауынгерлеріміздің басын көтертпеді... Старшина Безголосов гитлершілердің көзін жоюды өз міндетіне алды. Біздің мергеннің фашистерді аулауы екі сағатқа созылды. Ол фашистердің төрт мергенін дәлдеп атып түсіріп, жаяу әскерлердің жауынгерлік тапсырманы орындауын қамтамасыз етті.

Моравска-Острава қаласын алу және Одра өзенінен өту үшін ұрыстарда старшина Безголосов тағы да ерлік көрсетті. Тек бір күн ішінде ол 8 фашисті жойды. Біздің майордың қатты жаралы болғанын көріп қалған ол, неміс мергендерінің оқты үдете жаудырып тұрғанына қарамастан, оның жарасын байлауға ұмтылды. Безголосов жаралы майорга көмек көрсетіп, арқалап алды да көзден таса жерге апармақшы болып көтеріле бергенде жаудың оғы тиіп, құлап түсті. Жауынгер досының және командирінің өмірін сақтап қалмақшы болғанда 4-Украин майданының Батыры - мерген В. М. Безголосов қаза тапты. 

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1946 жылғы 15 мамырдағы Жарлығымен неміс-фашистік басқыншылармен шайқаста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Виталий Мефодьевич Безголосовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (қайтыс болғаннан кейін).

Чех Республикасының Моравск-Силез өлкесінің Глучин қаласында жерленген.

Ленин (15.05.1946), Қызыл Жұлдыз (16.10.1944), 3-ші дәрежелі Даңқ (20.05.1944) ордендерімен, "Ерлігі үшін" (20.07.1943, 17.08.1943) екі медалімен марапатталған.

В. Безголосов туралы әдебиеттер

Литература о Безголосове В.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.10.

Отан батырларын мадақтайды: шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары: фотоальбом = Родина награждает отважных: восточноказахстанцы – Герои Советского Союза: фотоальбом. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – 288 б. – С. 33.

***

Бесстрашные: Очерки о Героях Советского Союза из Восточного Казахстана. - Алма-Ата: Казахстан, 1964. - с. 128-129.
Герои Советского Союза казахстанцы: Сборник документов и материалов: В 2 т. - Алма-Ата : Казахстан, 1968. - Т.1. - С. 111-113.
Герои Советского Союза: краткий автобиографический словарь. В 2-х т. - М.: Воениздат, 1987. - Т. 1. - С. 18.

Никто не забыт,ничто не забыто - Усть-Каменогорск : ВКГУ, 2000. - 252 с.

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Герои страны