Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Васильев Т.П.

Vasiliev TimofPetrov

Васильев Тимофей Петрович (1918-2004) - Кеңес Одағының Батыры.

Васильев Тимофей Петрович – Карелия майданы 14-ші армиясының 2-ші дәрежелі Суворов ордені 65-ші Новгород Қызыл Тулы Суворов ордені 311-ші атқыштар полкінің 3-ші атқыштар ротасы бөлімшесінің командирі, кіші сержант.

1918 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданыБелокаменка ауылында шаруа отбасында туған. 1933 жылы бастауыш мектепті бітіріп, Вологод облысында колхозда жұмыс істеген.  1938 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылады. 1939-1940 жылдары Совет-Фин соғысына қатысқан.1941 жылы екінші рет Қызыл Армия қатарына Вологод облысы Пришеканин аудандық әскери комиссариатынан шақырылған.1942 жылдың сәуір айынан Волхов, Карельск майдандарына қатысқан. 1944 жылдың қыркүйек айынан 311-атқыштар полкінің құрамында Мурманск бағытында соғысқан. 1944 жылдан КПСС мүшесі. 311- атқыштар полкі 3-атқыштар ротасының бөлімше командирі (Карелия майданы 14-армия, 65- атқыштар дивизиясы) кіші сержант Тимофей Васильев Петсамо-Киркинеск шабуыл операциясы кезінде көзге түскен. 1944 жылы 9 қазанда Мурманск облысындағы Титовка өзенінен өту кезінде алғашқы болып өзенді жүзіп өтті. Оның бөлімшесі Титовка өзенінң батыс жағалауына бекініп, қосымша күш келгенше жауға бермей ұстап тұрды. Миномет пен артиллерия жаудырған толассыз оқ пен авиацияның соққысына қарамастан бөлімше жауынгерлері жаудың алты атакасын қайтарды. Бөлімше командирі жараланса да қатардан шықпай, жауынгерлеріне рух беріп қатарда қалды. Полктің басқа бөлімшелері өткелден өтіп, жауды тықсыра қуған кезде жаралы кіші сержант Васильев шабуылға қосылып, содан кейін барып, госпиталға кетті.

1945 жылы 24 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. 

1945 жылы Армия қатарынан келген соң, Белоусовка кен басқармасында, Өскемен қаласындағы машина жасау зауытында көп жылдар еңбек етті. Өмірінің соңғы жылдарын Украинадағы Запорож облысы Мелитополь қаласында өткізді. 2004 жылы 8 маусым күні қайтыс болды.

Ленин (24.03.1945), 1-ші дәрежелі Отан соғысы (11.03.1985), Қызыл Жұлдыз (29.05.1945) ордендерімен, медальдармен, оның ішінде "Ерлігі үшін" (5.09.1944), "Совет Одағының Заполярьесін қорғағаны үшін" (1944) медальдарымен марапатталған.

Т. П. Васильев туралы әдебиет

Литература о Т. П. Васильеве

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - С. 26.

Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

Герой страны

Бессмертный полк