Известные имена

Famous names

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Алдабергенов Ә.

AldabergenovАлдабергенов Әділбек Қалибекұлы (1961 ж.) – генерал-майор

Әділбек Алдабергенов 1961 жылы 6 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының (бұрынғы Большенарым) ауданы, Жұлдыз ауылында туған. 1978 жылы орта мектепті бітірген соң, Кеңес Одағы Қарулы Күштері қатарына Отан алдындағы әскери борышын атқаруға шақырылады. Мерзімді қызметін өтей жүріп, 1980 жылы Рязань қаласындағы Жоғарғы Әуе-десанттық әскери командалық училищесіне оқуға түседі. 1984 жылы оқуын лейтенант шенінде бітіріп шығады.

1985 жылдың сәуір айынан 1986 жылдың тамызына дейін Ауғанстандағы арнайы мақсаттағы топ командирі болып өзінің интернационалдық міндетін атқарады. Ауған соғысынан оралған соң түрлі деңгейдегі басшылық қызметтерін атқарып, 1993-1995 жылдары Мәскеу қаласындағы М. Фрунзе атындағы әскери академияны тәмамдап, жоғары басшылық лауазымдарда қызметін жалғастырады.

2007 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан генерал-майор атағын алды.

Ауған соғысында көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, егеменді Қазақстанның төл әскерін құру жолындағы ерен еңбегі үшін «ІІ дәрежелі Айбын», «І дәрежелі Даңқ» , «ІІ дәрежелі Даңқ» ордендерімен, мінсіз қызметі үшін бірнеше медальдармен марапатталды. Бүгінде ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары қызметін атқаруда. Әли, Алан, Батыр атты үш ұлдың әкесі. Әлиі әке жолын қуып, әскери училищені үздік бітіріп, Қазбат қатарында әскери қызметте.

2021 жыл Ә. Алдабергеновке Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

Ә. Алдабергенов туралы әдебиет

Литература о А. Алдабергенове

 

Малғаждаров, Н. Ерліктің алауы бар жүрегінде : [ауған соғысының ардагері Ә. Алдабергенов туралы] / Н. Малғаждаров // Дидар. - 2021. - 9 ақпан. - Б. 3.