Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Жұмабек Е.

Ержан Жұмабек -ақын.

Жұмабек Ержан 1987 жылы бұрыңғы Семей облысына қарасты Аягөз қаласында дүниеге келген. 2004 жылы ШҚО Үржар ауданы, Үржар ауылындағы, Абай атындағы орта мектеп-лицейді бітірген.

Өлеңді мектеп қабырғасынан бастап жаза бастайды. Бұл өнері оның болашақ мамандығын таңдауда жолын айқындап берді. 2004-2008 жылдары Ержан Жұмабек Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заңгерлік университетінің филология факультетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады..

2008-2010 жылдары , «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша ғылым магистрі атанады. 2016 жылдан бастап Түркияның Омер Халисдемир университетінің докторанты болады.

Еңбек жолын 2008-2009 жылы «Радио-7» радиосында музыкалық жүргізуші ретінде бастайды. 2009-2011 жылдары Семей мемлекеттік медициналық университетінде қазақ және латын тілдерінің кафедрасында оқытушы, 2012-2013 жылдары «Қазақстан-Семей» телеарнасының жүргізуші-редакторы болып жұмыс істейді.

Оның өлеңдері облыстық және республикалық газеттердің беттерінде жарияланды. «Жігіт сұлтаны» сайысының бас жүлдегері, «Семей серісі» (2005 ж) атағын жеңіп алған. 2005 жылы Семей қаласында өткен жас ақындардың «Наурыз нақыштары» қалалық айтысында 3-ші орынды, 2006 жылы 2-ші орынды иеленді. 2005-2006 жылдары екі жыл қатарынан Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауында 2-ші орынды қанжығасына байлады.

Ержан Жұмабектің өлеңдері «Өсер өркен» жинағына кірді. 2006, 2007, 2008 жылдары «Қазақстан» телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Қазақстан чемпионаты», «Аламан» айтыстарының жүлдегері болып табылады. 2012 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Шексіздік шұғыласы» атты өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Сондай-ақ, оның өлеңдері 2015 жылы «Мереке» басылымында шыққан «Жыр маржаны» антологиясына кірді. 2015 жылы «Серпер» Мемлекеттік жастар сыйлығын иеленді.

2017 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Стамбулдағы Medeniyetin Burçları (Түркия) ұйымының қолдауымен Ezgi басылымында Ержан Жұмабектің «Sonsuzluk Şûlesi» атты түрік тіліндегі кітабы жарық көрді.

Е. Жұмабек шығармалары - Произведения Е. Жумабека

Кітаптар-Книги

Жұмабек, Е. Шексiздiк шұғыласы [Мәтін] : өлеңдер. - Алматы: Жалын, 2012.- 112 бет.

Е. Жұмабектің жинақтарда жарияланған шығармалары

Произведения Е. Жумабека в сборниках

Жыр маржаны [Мәтін] : он томдық қазақ поэзиясының антологиясы. Т. 10. - Алматы : Мереке, 2014. - 528 б.

Жұмабеков, Е. Қыз - ана [өлең] / Е. Жұмабеков // Семей таңы. - 2009. - 5 наурыз. - Б. 9.

Жұмабеков, Е. Әсет пен Кемпірбайдың айтысы хақында [Мәтін] / Е. Жұмабеков // Семей таңы. - 2010. - 23 қыркүйек. - Б. 3.

Интернет –ресурстар:

Ержан Жұмабек [Электрондық ресурс] // 100esim.el.kz : сайт. - Режим доступа: http://100esim.el.kz/kz/bio/erzhan_zhumabek

ЕРЖАН ЖҰМАБЕК [Электрондық ресурс] // Әдебиет порталы : сайт. - Режим доступа: http://adebiportal.kz/kz/authors/view/899

Ержан Жұмабек. Ақын, «Серпер» мемлекеттік сыйлығының лауреаты [Электрондық ресурс] // Менің өлкем : сайт. - Режим доступа: http://buqara.kz/?p=5347