Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Тастекеев Д.

456

Тастекеев Дулат (1982) – меценат, 2021 жылғы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы

1982 жылы 22 маусымда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысында дүниеге келген. Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі (1999 ж.). Әр жылдары келесі оқу орындарын бітірген: экономика және құқық институты (2003 ж.), Қазақ мемлекеттік заң университеті (2007 ж.), Францияның РЭШ Бизнес-мектебі (2009 ж.), Мәскеудегі Сколково басқару мектебі (Директорларға арналған семинар, Компанияны басқару, 2015 ж. және Цифрлық трансформацияны басқару, 2019 ж.). Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген (2003). 2019 жылы Нархоз университетінің аспирантурасына «Іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша оқуға түседі. Биылдан бастап еліміздің банк және қаржы мекемелерінде түрлі қызметтер атқарды. 2010-2018 жылдары ТАС ГРУПП директоры болған. «Асылтас» қоғамдық қорының негізін қалаушы.

Дулат Тұрсынұлы – медицина, спорт және мәдениет саласындағы қайырымдылық жобаларының белсенді қатысушысы. Дулат Тастекеевтің бастамасымен Алматы облысында медициналық орталық салынды. 2016 жылы Шығыс Қазақстан облысында екі мешіттің құрылысы аяқталды. Тастекеевтер әулетінің толық қаржылай қолдауымен Тарбағатай ауданының Екпін ауылында заманауи стандарттарға сай келетін жаңа футбол алаңы салынып, ауыл мектебі мен басты жолды жалғайтын екі шақырымдық автомобиль жолы пайдалануға берілді (2016 ж.).

«Туған мектеп» акциясы аясында Екпін ауылында орналасқан І.Қабеков атындағы орта мектепте уақыт талабына сай мұражай мен тарих кабинеті ашылды. 2016-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында кәсіпкердің қаржылай қолдауымен «Туған жерге туыңды тік» халықаралық айтысы өтті, «Тарихқа толы Тарбағатай» альманахының төрт томдық жинағы және «Туған жерге туыңды тік» жинағы шығарылды (2018 ж.). Тастекеевтің бастамасымен Семей қаласында он жылға тоқтатылған орталық мешіттің құрылысы қайта жанданды. Тастекеев Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының Қамқорлық кеңесінің мүшесі болып табылады. 2020 жылдың тамыз айында 2500 адамға арналған Орталық Азиядағы ең ірі мешіттердің бірі пайдалануға берілді. Мешіт құрылысына меценат 500 миллион теңге бөлді. Спорт және өнер саласындағы бірқатар талантты адамдарға демеушілік көрсетті. Олардың арасында боксшылар Қанат Ислам, Жәнібек Әлімханұлы, балуан Айбек Нұғымаров, Қуаныш Мұратов, дзюдошылар Ерасыл Қажыбаев және Мадияр Сембаев бар.

Интернет-ресурстар

Интернет-ресурсы

Поддерживающий многодетных матерей и предпринимателей меценат стал победителем проекта «100 новых лиц» [Электронный ресурс] : сайт. – Режим доступа:

https://www.inform.kz/ru/podderzhivayuschiy-mnogodetnyh-materey-i-predprinimateley-mecenat-stal-pobeditelem-proekta-100-novyh-lic_a3783437

Байкадамов А. Маленький шаг к большой цели. Как компания «ТАС Кредит» намерена стать ключевым игроком финансового рынка страны. [Электронный ресурс] : сайт. – Режим доступа:https://kapital.kz/finance/74147/malen-kiy-shag-k-bol-shoy-tseli.html

Тастекеев Дулат. [Электронный ресурс]: сайт.- Режим доступа: https://100janaesim.ruh.kz/ru/participants/2021/tastekeev-dulat.html