Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Көкжал Барақ батыр

Көкжал Барақ батыр (1702-1772)  – қазақ батыры

Барақ Шүркеұлы, Көкжал Барақ (1702-1772) - жоңғар - қалмақ шапқыншылығына қарсы күресте қол бастаған батырлардың бірі. Орта жүздің Найман руының Ергенекті - Көкжарлы аталығынан шыққан. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дүниеге келген. «Көкжал Барақ» деген атпен Үш жүзге мәшһүр болған тарихи тұлға.

Ата-анасынан ерте қалған Барақ, нағашыларының қолында тәрбиеленіп, жылқы баққан. Барақ 16 жасында қалмақтың белгілі батырларын жекпе-жекте жеңіп, елінің батасын алған.

Тарих беттеріне үңілсек, Көкжал Барақ батыр туралы аңыз-шежірелер көп. Көкжал Барақ батыр көз ілеспес жылдамдығымен кез келгеннің мысын басатын қайсарлығы үшін Абылай ханның мақтан тұтар батырларының бірі.

Көкжал Барақ батыр қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан азат етуші Абылай ханның ақ туы астында болып, жанын шүберекке түйген шайқастарда сан рет қаһармандық ерлік жасағаны үшін Көкжал атанған. Ел аузының айтуынша, Іле бойындағы бір соғыста Көкжал батыр Абылайдың дұшпаны Болдыбекпен жекпе-жекке шығып, оны атынан ұрып түсіріп, Абылайдың алдына әкеліп тізерлетіпті. Сонда Абылай сүйініп: «Көкжалым-ай!» деп Барақты арқасынан қағыпты, және сол аңыздарға жүгенсек, Көкжал Барақ батырдың көкжелкесінен құйымшағына дейін өскен, ұзындығы екі елі көк қыл жалы болыпты.. Ашуланғанда сол арқасындағы жалы күдірейіп кететін Барақ батырдың есімі қазаққа ғана емес қалмақ пен қытайға да аңыз болып тарапты-мыс.

            XVІІІ ғасырда Қазақ елін қанымен, жанымен қорғаған Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Қарасай, Шақшақ Жәнібек батырлармен тізе қосып айдаһардай Қытай мен қаһарлы жоңғар-қалмақ басқыншыларына қарсы ерлік көрсеткен. Қабанбай қолының бір қанатын - көкжарлы сарыжомарт руынан құрылған сарбаздарды бастап шығыстағы Ертістің оң жағалауынан Алтай тауларына қарай кететін кең алқапты тазартуға қатысқан. Боранбай, Кешу, Ботағара, Шынқожа тағы басқа батырлармен бірге Аягөз жазығы, Алакөл жағалауы, Шыңғыстау, Тарбағатай баурайында жоңғарларға қарсы ұрыстарда ерлігімен көзге түскен. Барақ батыр әйгілі Аңырқай, Бұланты, Шыңғыстау, Шаған, Шорға шайқастарын басынан кешірген.

Көптеген тарихшылардың пікірлерінше, бүгінгі Күршім ауданының аймағы ұзақ уақыттар бойы Жоңғар тайпаларының ықпалында болған. Бұны Тарбағатай, Шоян, Долан Хора сияқты өзге де бірқатар рулар растап отыр. Ал Барақ батыр өзінің сарбаздарымен бұл жерді азат еткен. Бұл жорық кезінде Барақ батыр сарбаздарын  Ертіс өзені көлегейлеп, қолбасшы оларға өзеннен өтуді бұйырған. Ол уақытта бұл өте мықты күтпеген шешім болған және ол қалыптасқан жағдайды күрт оң бағытқа өзгертуге айтарлықтай ықпал еткен. Содан бері Барақтың жауынгерлері жүзіп өткен аймақ Барақ-өткел аталып кеткен. Оған риза болған Абылай хан сыйлық ретінде батырға Күршім өзенінің оң жақ беткейіндегі жерді сыйға тартқан. Бүгінде Көкжал Барақ қоныстанған аймақ Теректібұлақ ауылы деп аталады, ал оның тұрғындары осы Көкжал Барақ батырдың тікелей ұрпақтары болып табылады.

Көкжал Барақ батыр 70 жасқа қараған шағында Қазақстанның оңтүстік өңірінде шайқас кезінде қаза болған.

Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 1 том.

Қалиғожин, Советхан. Көкжарлы Барақ батырға Күршімде ескерткіш орнатылады [Мәтін] / С. Қалиғожин // Дидар. - 2015. - 15 сәуір.- Б.5.

Әміренов, Хабдышаар. Абылай хан құрметтеген [Мәтін] : Көкжал Барақ қандай бағаға болса да лайық / Х. Әміренов // Егемен Қазақстан. - 2013. - 29 наурыз.- Б.8.

Игібаев , Совет. Көкжал Барақ батыр [Мәтін] / С. Игібаев  // Рауан. - 2010. - 17 шілде.- Б.4.; 24 шілде.- Б.4.

Ысқақ, Қалихан. Көкжал Барақ - тарихи тұлға болса да тасада қалып келеді [Мәтін] / Қ. Ысқақ // Рауан. - 2009. - 8 тамыз.- Б.3-4.

Найман - Бостан батыр [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2006. -  23  наурыз.- Б.31

Әміре Қ. Болғаны елге қорған алашқа анық [Мәтін] : [Көкжал Барақ батырдың туғанына - 300 жыл толуына орай Күршім ауданының Теректібұлақ ауылында өткен мерейтойдан] / Әміре Қ. // Дидар. - 2002. - 12 қазан.- Б.5

Әміреұлы Х. Көкжал Барақ [Мәтін] / Әміреұлы Х., Қалибекұлы Ғ. // Егемен Қазақстан. - 2002. -  25 қыркүйек.- Б.16

Қалиғожин С. Көкжарлы Көкжал Барақ [Мәтін] / Қалиғожин С. // Дидар. - 2000. - 13маусым

Зұлхаров Ғ. Бізге қай Барақ жақын [Мәтін] : [Тарихи тұлғалар Көкжарлы Барақ пен Барақ Солтабайұлы жайында] / Зұлхаров Ғ. // Дидар. - 1998. - 24 шілде.- Б.

Алтынбаев  Қ. Қазақтың Көкжал Барағы [Мәтін] / Қ. Алтынбаев  // Дидар. - 1991. - 30 қараша.- Б.3.

Көшекбаев Н. Үш Барақ [Текст] : [ХVІІІ ғ. орта жүзді басқарған Барақ сұлтан, ХVІІІ- ғ-дың 60-80 жылдарында жоңғарларға қарсы күресте ерекше батырлығымен көзге түскен кіші жүздік батыр Барақ және наймандық Көкжал Барақ туралы деректеер] / Көшекбаев Н. // Жұлдыз . - 1985. - № 1. -  С. 202-205 б.